Көп оқылғандар
-
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫАқтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері арасында ұйымдастырылған «Талап. Еңбек. Терең ой» атты облыстық интеллектуалдық байқауының жеңімпаздары анықталды. Аталған байқау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы, Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай өткізілді. Байқау мақсаты мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға деген өзіндік үлесін айқындау, отансүйгіштікке баулу.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОРТАҚ ТІЛІ БОЛУЫ ТИІСҚазақстан халық арман еткен жерұйықтың бесігі мен кіндігіне айналуы тиіс. «Қазақ ғасырлар қойнауынан үнемі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды аңсаған, жұрты үшін «жерұйықты іздеген» халық. Бүгінгі Қазақстан. Ол – ата-баба арманы, кейінгі ұрпаққа аманаты. Ал біздер мен сіздердің міндетіміз Президентіміздің бастамаларына қолдау жасап, әрбіріміз қазақ елін достық пен бірліктің бейбітшіліктің тірегі мен ұлтаралық келісімнің бесігіне айналдыру жолында барынша еңбек етіп үлесімізді қосу. Сонымен қатар бір тілді ғана меңгеріп қоймай, бірнеше тілді еркін білу өмір талабы. Болашақ ұрпақты қазақ тілінде сөйлеуге, күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға шақыру да сіздер мен біздердің басты міндетіміздің бірі екенін күн тәртібінен шығаруға болмайды.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АЗАТТЫҚ КҮРЕСКЕРІҰлы Ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы тек ғылыми шығармашылықпен, ағартушылықпен шектелмей, отарлық қамытта тұншыққан халқының елдігін жаңғырту жолына да көп күш-жігерін жұмсады. Ол бүгінде өзіміз Алаш деп атап жүрген қазақ ұлт-азаттық қозғалысының бағдарламасы іспетті құжатты – атақты Қоянды петициясын жазды. Қозғалыс мүддесі үшін терең де жан-жақты жұмыс жүргізген, халықтың «көзі, құлағы, тілі» бола білген «Қазақ» газетін шығарды. Монархия құлаған жылғы алғашқы қазақ съезінің жұмысын басқарды. Екінші Жалпықазақ съезінде Алаш автономиясының құрылуына атсалысты. Оқу комиссиясының төрағалығына сайланды. Азамат соғысының шырғалаңдары кезінде басқаруды оңтайландыру мақсатымен екі бөлім құрылғанда, Алаш-Орданың Шығыс бөліміне қарасты Торғай бөлімшесінде істеді.
-
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЕКІГЕ БӨЛІНДІҚазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
-
ТІЛІН БІЛМЕГЕН, ТҮБІН БІЛМЕЙДІ«Қазақ тілі сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан дүниеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей межет беріп, адам түгілі жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып тіл». Бұл – ұлт батыры Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзі. Қазақтың тілі туралы мұндай қанатты сөзді жүздеп келтіре беруге болады. Рас, ұлттың тілінің құнарлылығына ешкім күмән келтіре алмайды. Бірақ құлақ құрышын қандыратын ұлы, бай тілді өскелең ұрпақтың бойына сіңіре алып отырмыз ба? Мәселе осында.
-
ЖҮЗ ЖАСАҒАН «ЖАС АЛАШ»Бүгін Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» орталығының Бас директоры Е.Тілешов Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіндегі «Жас Алаш» газетінің 100 жылдығына арналған көрмеге қатысты. Жүріп өткен жолын қазақтың тағдырынан бөлек алып қарауға болмайтын басылым көп. Соның бірі де, бірегейі де – «Жас Алаш». Ол өзінің бастауын Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатұлынан алады. Күнделікті ақпаратпен гаджет арқылы танысатын жастар жағы біле де, түсіне де бермеуі мүмкін, бұл газеттің оқырман саны өткен ғасырдың жетпiсiншi, сексенiншi жылдары 300 мыңға жетіпті. Бұл халық сүйіспеншілігінің өлшемі десе болады.
-
БЕРЕРІ МОЛ ДӘРІС2022 жылғы 8 маусымда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, ҚР Білім Академиясының корреспондент-мүшесі, белгілі ғалым Ербол Тілешов Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология факультетінің А.Байтұрсынов атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы ұйымдастырған «Ахметтану дәрісіне» қатысып, «Ахмет Байтұрсынұлының әдіснамалық сабақтары» деген тақырыпта ой тербеді. «Ұлт ұстазының еңбегін бағалап, жан-жақты түсіндіру жұмыстарына арналған бұл дәрісіміздің орны оқшау болары даусыз, – деді профессор, филология ғылымдарының докторы Анар Салқынбай. – Өйткені, Ахаңның тереңіне бойлап, өзіндік ғылыми тұжырым жасап келе жатқан мықты ғалымдарымыздың бірі осы Ербол мырза.
-
САУАТТЫ ЖАРНАМАТіл – ұлттың тірегі, ең асыл құндылығы. Демек тілге қамқор ұлтқа қамқор болумен тең. Елімізде сонау 1997 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 21-бабына өткен жылдың желтоқсан айында оң өзгерістер енгізілді. 2022 жылдың 22 қаңтарында күшіне енген өзгерістердегі ең бастысы бұған дейін заң деректемелер мен көрнекi ақпараттардың мемлекеттік тілмен қатар орыс тілінде болуын міндеттесе, ендігі жерде мемлекеттік тілде міндетті түрде жазылуы, ал қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастыру қарастырылды. Атап айтатын болсақ, кәсіпкерлік субъектілеріне деректемелер мен көрнекі ақпараттарын тек мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа тілдерде орналастыруға таңдау құқығы берілді.
-
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ҰСТАНЫМЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫҚоғам қайраткері, тілтанушы, түркітанушы, педагог Телжан Шонанұлы: «Біздің мұғалімдер оқытып жатқан бүгінгі еуропалық әдіс – Ахмет Байтұрсынұлының жанашырлық қызметінің жемісі» - деп бағалай отырып: «Ахметтің жаңа оқулықтары жаңа әдістермен қазақ өміріндегі жағдайға ғана орайластырып қойылмаған, сонымен бірге ең соңғы жаңа методика мен дидактика әдістері тұрғысынан жазылған» - деп атап көрсетеді. А.Байтұрсынұлы 1912-1928 жылдар аралығында шығарған оқулықтары негізінде сауат ашу мен ана тілін оқытудың мақсаты мен міндетін, құрылымын, яғни тұтастай оқу бағдарламасын жүйелеп берді. Телжан Шонанұлының сөзімен айтқанда: «Қиын кезеңде Ахмет алғашқы болып дауыс көтеріп, қазақ мектептерін бір жағынан дүмше молдалардан, екінші жағынан миссионерлер ықпалынан құтқару үшін қызмет етті. Бұл жолда Ахаң жалғыз да алғашқы ағартушы болды».
-
«АШ КӨЗІҢДІ ОЯНЫП»: А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ және АДАМ, МЫЙ, ТІЛ, ЕС2022 жылғы 3 маусым күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл-Қазына» оқуларының» бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы Орталықтың Бас директоры Е.Тілешов мәлімдеп, төрт күн қатарынан тамаша дәріс оқыған ғалым әріптестеріне алғысын білдірді. Орталықтың ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрлыхан Аитова дәрісінің тақырыбының өзі ерекше. «Ахмет Байтұрсынұлының көркем шығармашылығы басқа жазған дүниелерінен қарағанда зерттеу нысаны болу тұрғысынан кемшін десек, қате айтқандық емес. Біз «Оқу құралы», «Тіл-құрал», «Әдебиет танытқыш» немесе көсемсөздері мәселесіне жиі қалам тартқанымызбен, өлеңдері бойынша ғылыми жиындарда баяндауымыз сирек, – деді Нұрлыхан Нұроллақызы.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР МӘРЕГЕ ЖЕТТІ2022 жылғы 3 маусымда төрт күнге созылған «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинары өз мәресіне жетті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Гүлбағиза Мұсаева қорытынды дәрісін «Сөйлеу әрекетінің түрлерімен жұмыс істеу» тақырыбына арнап, практикалық жұмыс жүргізді. «Жалпы күнделікті тәжірибеде интенция дегенді жиі естиміз. Терминдердің мағыналық мәнін ашып қолданған дұрыс. Интенция – ниет, ұмтылу дегенді білдіреді. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде тілдік және коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру – заман талабы», – деп бастады Гүлбағиза Әбіласымқызы.
-
«ҚАЗАҚ ҚАЛПЫ» МЕН «ҚАЗАҚ САЛТЫ»Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырып жатқан «Тіл-Қазына» оқуларының» 2 маусымдағы кезекті дәрісі ұлт ұстазының «Қазақ қалпы» мен «Қазақ салты» өлеңі бойынша мәтінге жалпы филологиялық талдау жасауға арналды. Бұл туралы Орталықтың жетекші ғылымси қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Сая Итеғұлова әңгімелеп берді. «Әдебиетте әр дәуірдің өзінің палитрасы болады. Біз таңдау нысаны ретінде алып отырған Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ қалпы» мен «Қазақ салты» өлеңдері де ұлт ұстазының идеялық ұстанымын толық аңғартатын реалистік туындылар. Бұл екеуі де «Маса» жинағына енген шоқтығы биік шығармалар», – деп бастады ғалым өз сөзін.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ ҮШІНШІ КҮНІ2022 жылғы 2 маусым күнгі «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинарының үшінші басқосуын Орталық бас директорының орынбасары Л.Есбосынова ашты. Бұл жолы осыған дейін семинар барысында өтілген материалдарды практикада қолдану мәселесі қаралып, әр орталықтың үлгі-сабақтары талданды, қатысушылар кері байланыс арқылы пікір алмасты. Семинардың үшінші күнінің ерекшелігі туралы сұрағымызға Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Искакова: «Әуелі уақыт үнемдеу, одан кейін талқылауымызды тиімді, әрі сапалы өткізу үшін әр қатысушыға алдын ала тапсырмалар жібердік.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛЫ ІСІ СӨЗ БОЛДЫ2022 жылғы 1 маусым күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл-Қазына» оқуларының» кезекті дәрісі өз жалғасын тапты. Бұл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған еді. Іс-шара тізгінін қолына алған филология ғылымдарының докторы, профессор Қаламқас Қалыбаева «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ жазу теориясының негізін салушы» деген тақырыпта жүргізді. Ғалымның өзі айтқандай, тақырыбына көз салсақ, бұрын-соңды жиі айтылып жүргендіктен, енді не айтылар екен дегендей, елең ете қалады екенсің. «Өткен ғасырдың басында Елдес Омаров: «Осы қайраткерді күллі қазақ даласы біледі, оның талантын жоғары бағалап құрмет тұтқанымен, бәрібір оны дұрыс түйсініп бағалай білмейді», – деп жазған екен. Сол айтқандай әлі күнге дейін мына үш мәселеге үстіртін қарап келеміз.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ2022 жылғы 1 маусым күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинар өз жұмысын жалғастырды. Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы Жазира Мақсұтқұызы іс-шараның кезекті басқосуына сәттілік тіледі. Дәрістердің негізгі мақсаты қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуге байланысты болғандықтан, олардың бір-бірімен байланысты екенін ескертіп, сабақ барысында өзара пікір алмасып отыруға шақырды.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛЫ ІСІ СӨЗ БОЛДЫ2022 жылғы 1 маусым күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл-Қазына» оқуларының» кезекті дәрісі өз жалғасын тапты. Бұл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған еді. Іс-шара тізгінін қолына алған филология ғылымдарының докторы, профессор Қаламқас Қалыбаева «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ жазу теориясының негізін салушы» деген тақырыпта жүргізді. Ғалымның өзі айтқандай, тақырыбына көз салсақ, бұрын-соңды жиі айтылып жүргендіктен, енді не айтылар екен дегендей, елең ете қалады екенсің. «Өткен ғасырдың басында Елдес Омаров: «Осы қайраткерді күллі қазақ даласы біледі, оның талантын жоғары бағалап құрмет тұтқанымен, бәрібір оны дұрыс түйсініп бағалай білмейді», – деп жазған екен. Сол айтқандай әлі күнге дейін мына үш мәселеге үстіртін қарап келеміз.
-
БАЛАЛАРДЫҢ ҚУАНЫШЫНДА ШЕК ЖОҚТіл саясаты Комитетінің төрағасы Әділбек Қаба мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Елордамыздағы №67 «Шұғыла» балабақшасына барып, тәрбиешілер мен бүлдіршіндерді құттықтады. Айналасы мұнтаздай таза, ауласы сәбилердің сыңғырлаған күміс күлкісіне тұнған ақ шаңқан әдемі ғимарат ару астанамыздың көркіне көрік қосып тұрғандай еді. «Мекеме осыдан тоғыз жыл бұрын пайдалануға берілген. Негізінен үш жүз орынға есептелінген. Қазір жас ерекшелігіне қарай 12 жалпы білім беру тобы мен 3 инклюзивті топ жұмыс жасайды, – деді меңгеруші Фарида Даримова. – Бала тілін қазақтың көркем әдебиеті мен бейнелеу өнерінің туындылары арқылы дамытып, сөздік қорын молайтып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі орталықтар жұмыс жасайды».
-
ШОҚТЫҒЫ БИІК ШАРА2022 жылғы 31 мамыр күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырып жатқан «Тіл-Қазына» оқуларының» алғашқы дәрісі өтті. Елімізге танымал үлкен ғалымдар, еліміздің өңірлік тіл оқыту орталықтарының мамандары мен шетелдегі тіл оқытушылар қатысқан басқосу саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Ауқымды іс-шараның алғашқы шымылдығын Орталықтың Бас директоры Ербол Тілешов «Ахмет Байтұрсынұлы және әдебиеттану әдіснамасы» тақырыбындағы ғылыми штрихтар мен детальдерге құрылған кең құлашты дәріспен ашты.