"Korgansyzdyn kuni". Mukhtar Auezov.
“Korgansyzdyn kuni” is first fictional work, which was published under the pseudonym “Argyn” in third and fourth numbers of magazine “Kyzyl Kazakhstan” in 1921. Separate book named as ““Korgansyzdyn kuni” was issued in 1922 in Orenburg. Mukhtar Auezov shared his inner emotions.
Read
To favorites
Comments (2)
Кайнолдина Райгул
12.11.2026
М. Әуезов – ауыз әдебиеті мен классикалық әдебиеттің, Батыс пен Шығыс көркемсөз мұрасының озық дәстүрін жете меңгеріп, қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиетінің реалистік сапасын арттыруға, әдеби тілді байытуға ерен еңбек сіңірген ұлы жазушы.
Солардың бірі — болашақ жазушының қаламгерлік қасиетін танытқан, 20-жылдардағы шоқтығы биік шығармасы « Қорғансыздың күнін» 1921 жылы жазылған. «Қорғансыздың күні» арқылы ол заманының шынайы көрінісін, ащы шындығын, тұтас бір қорғансыздар әлемінің мұң-зарын көрсетіп, оқырманның ішкі сезімін оятарлық жан түршігерлік оқиғаны баяндады. Осы ащы, зарлы шындықты жеткізуде Әуезов асқан шеберлік танытты: оқиғаға қатынасушы адамдардың тамаша портреттерін жасап, онысымен әрекет иелерінің мінез-құлқын да білдірді. Ал, «Қорғансыздың күніндегі» Ғазизаны өлімге итермелеген тіптен бөлек жағдай. Оның қорғансыздығы, ар- намысын бәрінен биік ұстауы, қазақ қызына тән биязылық, намысшылдық, ұяңдық басым болуы.
Жігіттің ұнамсыз, әккі әрекетін, сонымен қатар сезім сезігі төмен, жылт еткенге жымия қарайтын, өмірін қайғы мен түңілуден ада ету үшін адамгершілік қасиеттерді аттауға да баратын Ақан сияқтылардың іс-әрекеті жазушы шығармасына негізгі арқау болған. Қорланған кейіпкердің пана болар қара орманы, үміт тірегінен тірідей қорланып, соңынан ауыр панасыздықтан жапа шеккен Ғазиза сынды кейіпкерлер шығармаларында адалдықтың ақ туын паш еткен.
«Қорғансыздың күні» шығармасы оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады,қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді.
Ол сол түні табиғат көрсеткен қаталдық пен Ақан көрсеткен қатыгездіктің құрбаны болды. Қорлық, мазақ көрген Ғазизаның көзінен барлық дүниенің қызығы бір сәтте жоқ болды. Жастығына лайық болған үтім қиялын бәрін де қараңғылық басты. Арпалысқан күңіренген боран өзімен ала кетті. Көңіліндегі «өмір» деген үмітінің шамы сөнді. Табиғаттың өзі де үн қатқандай бұл сұмдықтың артын күтпестен Ғазизаны өзімен бірге тылсым дүниеге, мызғымас, мәңгі ұйқыға ала кетті. Ғазизаға өлгенің дұрыс осы сұмдықты өлім ғана жеңе алады дегендей алай – түлей бораны оны құшағына алды.. Шығарманың соңында Ғазизаның өлі денесін тауып алған қатал табиғат жамандықтың болғанын аязы арқылы берді.
Кайнолдина Райгул
30.09.2026
Арқалыктың ызғарлы ауа райы, табиғаты ерекше сыйпатталған.Бір үйде қалған апасы, келині, қызының көрген жоқшылық, ұлы мен немересінен айырылған ана зары, мұңы , бейнеті, туған туыстың көрген қорлығы, жас Ғазиза өмірін құртқан Ақан мен Қалтай опаздығы жүрек ауыртарлыктай оқиғаны керемет суреттей алған. Өте әсерлі кітап.
Post a comment