Көп оқылғандар
-
Шартараптағы су жаңа шығармаларГазет оқырмандарына жылдың алғашқы айындағы шетелдік кітап нарығындағы әдеби жаңалықтарды ұсынамыз. Түрлі жанрдағы жаңа шығармалар әлемнің әр бұрышындағы сан тақырыпты қаузайды. Сөзіміздің әлқиссасын Муракамидің жазушылық өмірбаяны жазылған кітаптан бастауды жөн көрдік.
-
Нидерландта Абайдың «Қара сөздері» қайта басылып шығарыладыНидерландта Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай қазақтың ұлы ақынының «Қара сөздері» қайта басылып шығады. Айта кету керек, Абай Құнанбайұлының философиялық еңбегі бірнеше жыл бұрын орыс тілінен ағылшын, кейін ағылшын тілінен нидерланд тіліне тәржімаланған болатын. Дегенмен басылым аз ғана тиражбен шығарылған. Ал биыл Гаагадағы Қазақстан елшілігі кітапты қайта басып шығару туралы шешім қабылдап, оның мазмұнын арттырып, дизайнын жақсартты.
-
Минскте Ұлы Абайдың шығармашылығы таныстырылдыБеларусь астанасындағы халықаралық кітап жәрмеңкесіне Ұлы Абайдың шығармашылығы таныстырылды. Биыл оның туындылары ерекше назарда. Өйткені экспозицияда алғаш рет беларусь тіліне аударылған нұсқалары қойылды. Бұл – Микола Метлицкийдің еңбегі. Ол осы істі абыройлы атқарып, оқырман қауымның жоғары бағасын алды.
-
Абай шығармашылығы Нидерланд елінде терең зерттелудеАбай шығармашылығы Нидерланд елінде терең зерттеліп келеді. Мұхтар Әуезовтың немересі Зифа-Алуа мен жұбайы, шығыстанушы әрі лингвистика ғылымдарының докторы Роберт Эрмерс – кемеңгер ақынымыздың шығармашылығына бірнеше жылын арнады. Қазір олар Абайдың «Қара сөздерін» ағылшын және нидерланд тілдеріне тәржімалауда. Нидерланд тіліндегі «Қара сөздер» мамыр айында жарық көреді.
-
Төрт жұмыс тобының бірлескен кеңесі өттіҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әліпбиді жетілдіруге байланысты тапсырмасына орай бүгін 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Латыннегізді қазақ әліпбиі: ұсыныстар, талқы және нәтиже» атты кеңес өтті.
-
Қазақ тілін IT технологиялар арқылы меңгертудің тиімділігіБүгінгі күні кез-келген сабақ беру ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегінсіз мүмкін болмай бара жатыр. Оқыту әдістемесінде анимация, бейнежазба және аудио материалдарды пайдалану тіл үйренушінің сөйлеу әрекетін, зейінін дамытуда маңызды орын алады. Сондықтан сабақ барысында интербелсенді және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жиі қолданып оқытудың қажеттілігіоқыту сапасының артуыназор ықпалын тигізеді.
-
Ашық талқылау өтедіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 14 ақпанда республика көлемінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілі әліпбиін жетілдіру жөніндегі тапсырмасы бойынша филолог ғалымдар мен тіл мамандары арасында ашық талқылау шарасы өтеді.
-
Түркияда Абайдың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылдыАнкарада Абайдың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды. Ұлы ақынның шығармашылығына арналған кешке түріктің белді саясаткерлері, қоғам қайраткерлері мен елде тіркелген дипломатиялық миссия өкілдері қатысты. Түбі бір түркі жұртының танымал жұлдыздары мен жезтаңдай әншілері Түркия Республикасы президенттік симфониялық оркестрімен Абайдың танымал романстарын орындады.
-
Павлодарда латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары басталды2020 жылдың 10 ақпанында облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында барлық санаттағы азаматтарға латын қарпі негізіндегі қазақ тілі курстары және қазақ тілі бойынша флеш-тренинг курстары басталды.
-
Болгарияда Абай атындағы мәдени-ағарту орталығы ашыладыБолгарияда Абай атындағы мәдени-ағарту орталығы ашылады. Бұл жерде кез келген адам ұлы ақынның туындыларын оқумен қатар, Қазақстан мәдениетімен де таныса алады. Тағы бір айта кетерлік мәлімет, Абайдың 175-жылдық мерейтойына София қаласының ұлттық кітапханасы да дайындалып жатыр. Мұнда кемеңгер ақынымызға арналған жеке экспозиция ұйымдастырылады.
-
Абайдың «Қара сөздері» чех тіліндеАбайдың «Қара сөздері» чех тілінде сөйлейді. Бұл жұмысты қолға алған жазушы Владислав Кучик алғаш рет кемеңгер ақынымыз туралы Прагада оқитын қазақ студенттерінен естіпті. Бірақ Абай шығармашылығымен жақынырақ танысқысы келгенде, чех тіліндегі туындыларын таппай қалған. Сөйтіп өлеңдері мен қара сөздерін туған тіліне аударып, кең жұртшылыққа таныстыру ойы келеді. Жазушы аудармасын тамыз айында аяқтауды көздеп отыр. Ал күзде Қазақстан елшілігінің қолдауымен бұл кітаптың ресми тұсаукесері өтеді.
-
Қазақ тілінде контент жасаушылар «QazForum-2020» форумында бас қосты«QazForum-2020». Қазақ тілінде контент жасаушылардың бас қосуы. Аталмыш форум биыл 4-ші рет елорда төрінде өтуде. Жоба өз жұмысын кішігірім конференциядан бастаған, бүгінде үлкен алаңға айналып отыр. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, биылғы жоба бұрынғыдан өзгерек.