Елбасы жылды қорытындылап, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді
Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары кілдерімен дәстүрлі кездесуінде биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды түйіндеп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Елбасынан сұхбат алған журналистер қатарында «Egemen Qazaqstan» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, «Президент телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры Ерлан Бекхожин, «Қазақстан» телеарнасының тілшісі Саламат Омаш, «Хабар» агенттігі» АҚ тілшісі Айгүл Әділова, «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасының журналисі Юлия Ласеева, блогер Жанна Ильичева Мемлекет басшысына сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.