Көп оқылғандар
-
Тіл үйретудегі жаңа технология таныстырылдыӘдіскер-ғалымдардың пікірінше, тілді оқыту сабақтарында дыбыстық және бейне көрнекілікті жиі және жүйелі түрде қолдану арқылы тілді үйренушілер тобында жасанды тілдік орта қалыптастыру аса маңызды. Өйткені тілдік ортаға бойлау арқылы тіл үйренушілер белсенді түрде тілдік қатынасқа түседі. Сондай-ақ тілдік кедергіні жою арқылы олардың тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу дағдылары жетіле түседі. Сондықтан да «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы онлайн курстың кезекті санын «Қазақ тілін аудиовизуалды әдістермен оқыту» тәсіліне арнауды жөн санады.
-
Шартараптағы су жаңа шығармаларГазет оқырмандарына жылдың алғашқы айындағы шетелдік кітап нарығындағы әдеби жаңалықтарды ұсынамыз. Түрлі жанрдағы жаңа шығармалар әлемнің әр бұрышындағы сан тақырыпты қаузайды. Сөзіміздің әлқиссасын Муракамидің жазушылық өмірбаяны жазылған кітаптан бастауды жөн көрдік.
-
Нидерландта Абайдың «Қара сөздері» қайта басылып шығарыладыНидерландта Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай қазақтың ұлы ақынының «Қара сөздері» қайта басылып шығады. Айта кету керек, Абай Құнанбайұлының философиялық еңбегі бірнеше жыл бұрын орыс тілінен ағылшын, кейін ағылшын тілінен нидерланд тіліне тәржімаланған болатын. Дегенмен басылым аз ғана тиражбен шығарылған. Ал биыл Гаагадағы Қазақстан елшілігі кітапты қайта басып шығару туралы шешім қабылдап, оның мазмұнын арттырып, дизайнын жақсартты.
-
Минскте Ұлы Абайдың шығармашылығы таныстырылдыБеларусь астанасындағы халықаралық кітап жәрмеңкесіне Ұлы Абайдың шығармашылығы таныстырылды. Биыл оның туындылары ерекше назарда. Өйткені экспозицияда алғаш рет беларусь тіліне аударылған нұсқалары қойылды. Бұл – Микола Метлицкийдің еңбегі. Ол осы істі абыройлы атқарып, оқырман қауымның жоғары бағасын алды.
-
Абай шығармашылығы Нидерланд елінде терең зерттелудеАбай шығармашылығы Нидерланд елінде терең зерттеліп келеді. Мұхтар Әуезовтың немересі Зифа-Алуа мен жұбайы, шығыстанушы әрі лингвистика ғылымдарының докторы Роберт Эрмерс – кемеңгер ақынымыздың шығармашылығына бірнеше жылын арнады. Қазір олар Абайдың «Қара сөздерін» ағылшын және нидерланд тілдеріне тәржімалауда. Нидерланд тіліндегі «Қара сөздер» мамыр айында жарық көреді.
-
Төрт жұмыс тобының бірлескен кеңесі өттіҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әліпбиді жетілдіруге байланысты тапсырмасына орай бүгін 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Латыннегізді қазақ әліпбиі: ұсыныстар, талқы және нәтиже» атты кеңес өтті.