Мақалалар
-
Отбасы үлгісіндегі жетім балаларға арналған арнайы қазақ тілі курсы «Тілдік келісім» жобасы басталдыАғымдағы жылдың 5 наурызында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Тілдік келісім» жобасының ашылу кезеңі өтті.
-
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» салтанатты мерекесі2018 жылдың 27 қыркүйек күні Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қостанай қаласындағы «Мирас» мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» салтанатты мерекесін өткізді.
-
Немістер экономика мен тілдің берік байланысын дәлелдедіЛатын. Қазақ әліпбиіне негізделген жаңа латын әліпбиі. Расында, қазақ қоғамы дәл осы тақырып төңірегінде ерекше белсенділік танытып, латын әліпбиіне көшуді қолдау тұрмақ, өзіміз небір әліпбидің нұсқаларын жасап та үлгердік. Дегенмен, «шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген сөз бар емес пе? Латын әліпбиіне көшудің ғылыми негіздері қандай? Біз бүгін осы саланың маманы, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы, филология ғылымының кандидаты Анар Фазылжановамен тілдескен едік.
-
Үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездесу өттіОблыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20 қыркүйегінде Павлодар облысы үкіметтік емес ұйымдарының бірінші басшыларымен кездесу кестесіне сәйкес «Латын графикасына көшу – заман талабы» атты үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен жиын өтті.
-
Физика пәнін ағылшын тілінде меңгерудің тиімділігіҒылыми-техникалық үдерістер қарқынды дамыған кезеңде еліміздің білім саласына ауқымды міндеттер жүктелуде. Осы орайда «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруға байланысты әрі жаһандық экономика жағдайында ғылымның тілін ағылшын тілінде игерудің маңызы зор екендігін уақыт дәлелдеп отыр.
-
«Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият» атты түркі жазбалары күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференцияҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 27 сәуірде Қызылорда қаласында «Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият» атты түркі жазбалары күніне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
-
Павлодарда «ТАЗА ЖАРНАМА – ҚАЛА КЕЛБЕТІ» облыстық акциясы қорытындыландыЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде және Павлодар облысының 80 жылдығына орай облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен 2018 жылғы 1 сәуірден бастау алған «ТАЗА ЖАРНАМА – ҚАЛА КЕЛБЕТІ» облыстық акциясы қорытындыланды.
-
Ресейдің Троицк қаласында «Айқап» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігі құрылды2018 жылдың 26 сәуірі күні Қостанай облысымен шекаралас Челябі облысының Троицк қаласында «Айқап» қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестігі құрылды. Тұсаукесерге Троицк қаласындағы жергілікті атқарушы билік қатысып, құттықтады, алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар жүргізуге келісті.
-
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық«Жаңа гуманитарлық білім» жобасы еліміздің ағарту ісін жаһандық деңгейге жетелейтін тарихи шешім болды. Бұл Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенованың пікірі. Әлемдік деңгейдегі 100 үздік еңбекті қазақ тіліне аудару ұлт санасын жаңғыртып, коғамды әлемдік өркениеке қалыптастыру, дейді сарапшы. Нәтижесінде қазақ жастарына халықаралық талаптарға сай жазылған оқулықтар қолжетімді болмақ. Жоба аясында түрлі бағыттағы жүз ғылыми еңбек ағылшын, француз және орыс тілдерінен тікелей қазақшаға тәржімаланады.
-
Қостанайда «Тіл – парасат» атты облыстық байқау өттіҚостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 19 сәуір күні Достық үйінде мемлекеттік тілді меңгерген этнос жастарының арасында «Тіл – парасат» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 17-22 жас аралығындағы жастар қатысты.
-
Мемлекеттік тіл және халықаралық шекаралық ынтымақтастықПавлодар облысы Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен ұзақ мерзімді мәдениетаралық ынтымақтастықты іске асыру, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тармағы шеңберінде Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен үшінші жыл қатарынан шекаралас өңірлерде тегін қазақ тілін оқыту курстары өткізіліп келеді.