Мақалалар
-
Мемлекеттік тіл және халықаралық шекаралық ынтымақтастықПавлодар облысы Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен ұзақ мерзімді мәдениетаралық ынтымақтастықты іске асыру, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тармағы шеңберінде Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен үшінші жыл қатарынан шекаралас өңірлерде тегін қазақ тілін оқыту курстары өткізіліп келеді.
-
Қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек - ҚР Президенті2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет. Бұл жайында бүгін республикалық басылымдарда жарияланған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған.
-
Қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІI республикалық қашықтық олимпиадасы өттіҚазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып арасында қазақ тілін меңгеру бойынша «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІI республикалық қашықтық олимпиадасы өтті
-
Павлодарда "Парасатты кәсіпкер" байқауы өттіПавлодар қаласындағы Достық үйінде қазақ тілі білгірлерінің «Парасатты кәсіпкер» конкурсы өткізілді. Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде және мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мақсатында кәсіпкерлер арасында мемлекеттік тілге арналған конкурс ұйымдастырды.
-
"Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте" байқауы өттіЖуырда Тараз қаласында республикалық «Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте» атты байқау өтті. Мемлекеттік қызметте қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мұрындық болды.
-
Ілеспе аудармашыларға арналған шеберлік сабағы өттіІлеспе аударманың қолданысын кеңейту аясында Астана қаласында аударма саласындағы мамандар жергілікті аудармашылардың біліктілігін арттыру және ілеспе аударма ісінің тәсілдерін жетілдіру мақсатында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік сабағын өткізді.