Көп оқылғандар
-
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТАТУЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ» атты дөңгелек үстел өтті2023 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында Қазақстан халқының тілдері күні аясында «Мемлекеттік тіл – татулықтың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, алаштанушы ғалым Ербол Тілешов, танымал аудармашы Камал Әлпейісова қатысты.
-
Ахаңның «Мәдениет тарихының» кіріспесі – «Шаруалық өзгерісі»2022 жылы Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, алаштануда, ахметтануда табысқа жеткен жыл болды деуге болады. Ахаңның академиялық толық жинағы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жағынан дайындалды. Мелжемді бес томнан тұратын академиялық жинақ арқылы ғалымның бұған дейін жұртқа мәлім еңбектерімен қоса, тыңнан табылған мақалалары, мұрағаттық құжаттары да оқырманға жол тартты. Ғалымның бізге белгісіз болып келген оншақты мақаласы және кейбір оқулығының бұған дейінгі көптомдықтарына енбей келген екінші бөлімі табылуы ғылымда ірі жаңалық болып саналады.
-
АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТАБүгін қазақтың ұлы ақыны, ағартушы-ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күнді еліміз 2020 жылдан бастап мереке ретінде аталып өтеді. «Қазақтың Бас ақыны» (А.Байтұрсынұлы) өзінің әдеби және музыкалық шығармаларында, терең ойлы Қара сөздерінде еңбек пен білімге, рухани дамуға және сананы жаңғыртуға шақырған. Абайдың гуманистік және ағартушылық мұраттарға ие прогрессивті көзқарастары бүгінде аса өзекті. Данышпан ойдың иесі кемел адам өзінің саналы ғұмырында 170-тен астам өлең жазып, 56 аударма жасаған. Оның қаламынан бірнеше поэма мен «Қара сөздері» туды. Абай аудармаларының арқасында әлем әдебиеті классиктерінің шығармалары қазақ тілінде жарық көрді.
-
Нұрзада Амангелді: Жүйенің қазақ тілінде болуы – басты артықшылықЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушысы, ғалым Нұрзада Амангелді 5 жылдан бері қазақша ымдау тілін анықтайтын интеллектуалды жүйесін жасап шығарды. Бірегей әзірлеме ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған. Ғылыми жоба жасанды интеллектке негізделген және сөйлеу мен есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған. Зерттеу жүйесіне негізделіп жасалған мобильді қосымша қазақша ымдау тіліне бейімделген. Бұл – елімізде алғаш жасалып отырған ғылыми жаңалық. Жүйенің қазақ тілінде болуы – басты артықшылық.
-
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК – ЕЛДІКТІҢ ТІРЕГІБүгінгі жаһандану кезеңінде Қазақстан ұлттық жəне мемлекеттік бірегейлілігін қалыптастыру мен сақтау мәселесіне мемлекеттік деңгейде аса мән беріп отыр. Өйткені, біз жаһанданудың барлық жағдайларына көндіге бермей, жаһандану үдерісі жағдайында туындаған жаңа талаптарды ұлттық мүддемізге лайықтауымыз керек. Ол үшін қазақ мемлекеті тікелей өз даму стратегиясын жүргізуі қажет. Міне, сонда ғана ұлттық сананы қалыптастыра отырып, біздер өзімізге қажетті форматтағы мемлекеттік бірегейлілігімізді сақтаймыз.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ БАСТАМАСЫБаланы қандай мектепке берген дұрыс: қазақ сыныбына ма, орыс сыныбына ма? Бұл сұрақ соңғы жылдары жас ата-аналар арасында жиі қойылатын болып жүр. Өз жерінде отырса да, ұрпағымды қай тілде оқытамын деп бас қатыратын біз ғана шығармыз. Бірақ қанша байбалам салсақ та, бүгінгі күннің мызғымай тұрған шындығы осы.
-
ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚ ИЕСІМЕН ЖҮЗДЕСТІШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бір топ мамандары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушысы, қазақша ымдау тілін танудың интеллектуалды жүйесін жасап шығарған ғалым Нұрзада Амангелдімен арнайы кездесті.
-
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚША ТҮСІНЕ БАСТАЙДЫБүгін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай мен «Speech Lab» ЖШС директоры Жұлдыз Татагулова бірнеше айдан бері жүргізіліп келе жатқан келіссөздердің нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Speech Lab» - жасанды интеллектіні еліміздің аудиториясына бейімдеу бойынша үлкен бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан компания.
-
«АНА ТІЛІ» СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІҚырғыз Республикасының Жогоргу Кенеші (Парламент, – ред.) Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын қабылдады. Құжатты депутаттардың көбі қолдаған. Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Каныбек Осмоналиевтің айтуынша, енді заң жобасының талабы бойынша мемлекеттік тілді білмейтін адам мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Мемлекетік тілді кемі В1 деңгейінде, яғни орташа деңгейде білетіндер ғана мемлекеттік қызметке тағайындалады.
-
"АНА ТІЛІ" ГАЗЕТІ АРҚЫЛЫ ОЙ БӨЛІСТІТіл – ұлттың жаны. Тіл – рух. Тіл – құдірет. Ұлттық мүдде де тілден басталады. «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» дейтініміз де сондықтан. Тәрбиенің де негізі тілде жатыр. Тіл – ұлттың тамыры дейміз, сол тамыр шірісе, тіл өледі, тіл құрыса, ұлт жойылады. Сонымен қатар тіл – татулық тірегі екені де рас. Тарихы мыңжылдықтарға кететін халқымызбен бірге жасап келе жатқан құдірет те тіл ғой. Демек, қазақ тілі де ежелгі тіл. Ең бай, ең құдіретті, ең құнарлы. Қазақтың тілі туралы көп дүние айтуға да, жазуға да болар. Сіздерге ұсынған мақаламда тілге қатысты бірқатар мәселелерді айтып, ой бөліссем деген едім...
-
ҚАЙНАР ОЛЖАЙ: ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ САҚТАЛМАЙ БАРАДЫҚазақ журналистикасының қара қазанында қайнап, ұлт мәселесін қаузап, қаламын ұштаған, кешегі Сейдахмет Бердіқұлов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбай секілді мықты бас сарапшылардың шекпенінен шыққан Қайнар Олжай ағамыз жуырда редакциямызға келіп, бар білгенін, жиған-тергенін бөлісті. Сауатсыз сөйлемдер, қате мәтіндер, шұбалаңқы ойлар туралы нақты мысалдарын көрсетті. «Ұлт ұпайы» айдарының бүгінгі қонағы – танымал журналист, Президент грантының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай.
-
«ҚАЗАҚ ТІЛІН ЦИФРЛАНДЫРУЫМЫЗ КЕРЕК» – АНАР ФАЗЫЛЖАНҰлттық құндылықтың негізгі күретамыры – оның ана тілі. Заман талабына сай тіл де жаһанданудың үрдісіне ілесіп, дамып отыруы керек. Қазақ тілінің күнделікті қолданысын зерттеп, өткенін саралап, болашағын бағдарлап жүрген бірден-бір орталық – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. Біз институт директоры Анар Фазылжанға хабарласып, қазақ тілінің келешегі мен қазіргі мәселелері жайлы әңгімелестік.
-
«МАХМҰД ҚАШҚАРИ КІТАПХАНАСЫ» АТТЫ КІТАП БҰРЫШЫ АШЫЛДЫАлматы қаласындағы Alatau Creative Hub орталығында «Махмұд Қашқари кітапханасы» атты түрік әдебиетінің кітап бұрышы ашылды. Аталған бастаманы Түркия Республикасының Алматы бас консулдығы, «TURKTAV» түркі тарихы және мәдениеті қоры және Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірлесіп жүзеге асырды.
-
ӘР СӨЗДЕ МЫҢ ӘУЕН БАРТілші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Байынқол Қалиұлының «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деп аталған еңбегі 2014 жылы жарық көрген еді. Бүгінгі сырашарға арқау еткелі отырғанымыз – сол сөздіктің биыл қолымызға тиген заңды жалғасы, яғни 2-томы.
-
БУРАБАЙДА ЖАС ҚАНДАСТАРЫМЫЗБЕН КЕЗДЕСТІ2023 жылғы 10 шілде күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Абай» институтының жетекшісі Айгүл Әділбекқызы мен Тіл HuB бөлімінің жетекшісі Мөлдір Бақытқызы Бурабайдағы Шучье көлінің оңтүстік-шығыс жағалауына орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектебі базасындағы көрме жұмысына қатысты.
-
Жүсіпбектің «Мәдени кіндігі»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Қазір Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты көптеген архив материалдары зерттелуде. Бұрын халқымызға беймәлім болған тың мәліметтер жарыққа шығып жатыр. Жақында сол құжаттардың ішінен «авторы Жүсіпбек Аймауытұлы» деп көрсетілген шығарма табылды» деп айтқан еді. Шынында да, алаш қайраткерлерінің ұлт мүддесі жолында атқарған істері әлі зерделеуді қажет етеді. Жүсіпбек Аймауытұлының өміріне қатысты төмендегі дерек те осыны айғақтайды.