Көп оқылғандар
-
Шетелдегі ағайын қазақ тілін ұмытпасын деп...Соңғы деректерге сүйенсек, шетелде жеті миллиондай этникалық қазақ тұрады. Бұл деректерді 2020 жылы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы көші-қон процестерін реттеу туралы заң жобасын талқылау кезінде айтқан болатын. Одан бері бұл сан өзгерген де болар. Жалпы шетелде тұратын қазақтардың санын тап басып айтқан дерек табу қиын. Жә, бұл басқа мәселе... Бүгін айтқымыз келетіні – сол этникалық қазақтардың ана тілін қаншалықты біліп-білмейтіні. Олар тұрғылықты өлкесіндегі ұлтпен ассимиляцияға ұшырап, тілін, тілімен бірге ұлттық менталитетін жоғалтып жатқан жоқ па? Жоғалтпауы үшін не істеліп жатыр? Осы сауал төңірегінде дерек жинауға тырыстық.
-
Қазақ тілі ұлттық кіші корпусының тұсауы кесілдіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетіШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы«Қазақ тілі ұлттық корпусыпублицистикалық мәтіндер кіші корпусының» https://test.qazcorpora.kz тұсаукесер рәсімі өтті.
-
Тіл реформасы: жаңару өрісіҰлттың рухани дамуы – оның тілімен, мәдениетімен тікелей байланысты екені баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің дамуын жаңа сатыға көтеретін «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын жүзеге асыруға қатысты құжатқа қол қойды. Аталған ұлттық жобадағы тіл мәселесіне арналған тараудың маңызды бөлімі – жазу реформасына қатысты. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуі осы реформаның негізі дер болсақ, жаңа жазудан не күтеміз, оның бізге берері не, ол тілімізді қалай жаңғыртпақ деген сауалдар көпті мазалайтыны анық.Рухани жаңғырудың өзегі де, арқауы да – тіл. Қандай реформа болсын, оның жүзеге асуы үшін мазмұны да, соған орай түрі де өзгеруі керек. Біз тілдің мазмұнын сөз байлығымен, ал оның түрін – әліпбимен, емлемен, тілдің грамматикасымен байланыстырамыз. Ғасырлар бойы қалыптасқан тілдің құрылысын өзгерту мүмкін емес. Дегенмен саяси идеология ықпалымен әліпбиімізге енген жат таңбалардан арылып, соған орай емлеміздің кейбір тұстарын жаңартуға міндеттіміз. Латынграфикалы әліпбиге көшу осы өзгерістерге мүмкіндік беретін фактор іспеттес.
-
«ТУРИЗМДІ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТЕЙІК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ2021 жылғы 30 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тапсырма аясында «Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық байқауының марапаттау рәсімін өткізді.
-
Интернет-ресурстардағы мемлекеттік тілдің қолданысы сарапталды«Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу жобасы аясында ағымдағы жылы 180 мекеменің ресми сайтына сараптама жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде 89 мекеме өздерінің ресми сайттарына түзету енгізген. Бұл ақпарат бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстардағы қолданысы» тақырыбындағы республикалық онлайн семинарда айтылды.
-
«Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстардағы қолданысы» республикалық семинары өтедіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 25 қарашасында «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясында онлайн режімде «Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстардағы қолданысы» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырады.
-
Байқау жариялаймыз!Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, осы мерейтой символикасы жобасының нұсқасына байқау жариялайды.
-
ТІЛ РЕФОРМАСЫ: ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚазақстандағы тілдік реформа еліміздің саяси тәуелсіздікке ие болуымен тікелей сабақтас. Тәуелсіздігін жариялаған посткеңестік мемлекеттердің барлығында да саяси, экономикалық реформалар жүргізілді. Ол түсінікті де. Ал тілге келсек, мұндай реформалар әліпби ауыстырумен байланысты болды. Мысалы, әзербайжан, ғағауыз, қарақалпақ, өзбек, түрікмен тілдерінің латын әліпбиіне көшуі тілді жаңғыртудың негізі болды.
-
«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауы өтедіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өзге ұлт жастары арасындағы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық онлайн байқауы ағымдағы жылдың 12 қарашасында өтеді.
-
«Туризмді қазақша сөйлетейік» республикалық байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ1. Байқаудың мақсаты 1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қазақ тіліндегі терминдердің үлес салмағын арттыруға атсалысу, ұтымды термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау, қолдау.
-
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНДЕРІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ТИІСТІ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛЕДІЖалпы орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы: негізгі бағыттар» тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР БҒМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба мәлімдеді.
-
«Шеттілдік терминдерді игерудің халықаралық тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді2021 жылғы 15 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып «Шеттілдік терминдерді игерудің халықаралық тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Басталуы сағат 14:00-де.