Көп оқылғандар
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТЕЛДІК АУДИТОРИЯДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-СЕМИНАРЫ2022 жылғы 14 қыркүйек күні КИМП университеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Қазақ тілін шетелдік аудиторияда оқытудың әдістері мен технологиялары» атты республикалық онлайн-семинар өткізеді.
-
ӘДІЛБЕК ҚАБА: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ ОНЫ ІТ-КЕҢІСТІККЕ ЕНГІЗУГЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ12 қыркүйек күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қала «Astana hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ІТ-жобалармен танысты. Жалпы бұл кездесудің басты мақсаты тіл саясатын іске асырудың маңызды тетігі ретінде дайын немесе жобаланып жатқан ІТ-өнімдерге шолу жасап, осы нарықтағы ІТ-мамандармен танысу.
-
ЭКСПЕДИЦИЯ: АХАҢ ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛМЕНБүгін Ұлт ұстазы, ұлы Ахаңның 150 жылдық мерейтойы аясында «Ахаң жүріп өткен жолмен...» атты экспедиция жолға шықты. Экспедиция құрамында ахметтанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері бар. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ербол Ердембекұлы ақжолтай тілегін айтып, шығарып салды.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫНА АРНАЛҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ2022 жылғы 11 қыркүйек күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторниг агенттігінде «бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі» (М.Әуезов) ұлт ұстазының мұрасын насихаттау мақсатында өткен «Ахмет Байтұрсынұлы – рухани көсем» атты мәдени шараға қатысты.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДАҚазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан халқының тілдері күні аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 2022 жылғы 9 қыркүйекте іс-шара өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – ғалым, қайраткер, ұлттың рухани ұстазы, аудармашы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен ерен еңбектерін таныстыру, шығармашылығын дәріптеу, қазақ тілі мен әдебиеті жөніндегі даналығын насихаттау, ұлы істерін ұлықтау.
-
«ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЕҢБЕКТЕРДІ АУДАРУДЫҢ ТЕРМИНЖАСАМДЫҚ ЖҮЙЕЛІЛІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЫ2022 жылғы 9 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы еңбектерді аударудың терминжасамдық жүйелілігі» республикалық әдістемелік семинар өткізді.
-
«ҰЛТТЫҚ СИПАТТАҒЫ БИЗНЕС ТЕРМИНДЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ1. Байқаудың мақсаты 1.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» міндеттерін жүзеге асыруға байланысты қазақ тіліндегі терминдердің үлес салмағын арттыруға атсалысу, ұтымды термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау, қолдау.
-
ҚАСИЕТТІ ҚЫЗЫЛЖАРДА ӨТКЕН ШАРА2022 жылғы 7 қыркүйек күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл – руханият тірегі» республикалық конференциясының жұмысына қатысты.
-
«ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЕҢБЕКТЕРДІ АУДАРУДЫҢ ТЕРМИНЖАСАМДЫҚ ЖҮЙЕЛІЛІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЫ2022 жылғы 9 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы еңбектерді аударудың терминжасамдық жүйелілігі» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өткізеді.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ФИЛОСОФИЯСЫ...Қазақ қоғамының жеткен жетістіктері мен алған белестерін, шыққан биіктері мен кеткен кемшіліктерін, олқылықтары мен орашолақтықтарын саралайтын, бүгінгі қоғамдық даму биіктігінен тәуелсіздікке шынайы баға беретін уақыт жақындаған сайыш зиялы қауым ерекше толқу үстінде. Осы өткен жылдарда халықтың санасына нық орнаған, өміріміздің қозғаушы күші мен жаңашылдығымыз бен жасампаздығымыздың тұғыры болған тәуелсіздік идеясы бүгінде шынайы өмір салтына айналғаны әлемге белгілі. Қазақ дербес, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде өмір сүре алатынын шынайы дәлелдеп берді. Алаш көсемдерінің ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясы жүзеге асты. Бүгінгі ғылыми конференция, сол тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістігімізді саралауға, жоғымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеу жолындағы ізденістеріміздерге тың серпін әкеледі деп сенеміз.
-
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2022» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ2022 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы қорытындыланды.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ҰЛЫҚТАЛДЫБүгін ұлт ұстазы, Алаш ардагері, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы және Тіл мерекесі аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және Жаңа Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
-
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ2022 жылғы 5 қыркүйек күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов ҚР Ғылым және білім министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Халықаралық Түркі Академиясы мен А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицей ұйымдастырған «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және Жаңа Қазақстанның зияткерлік сабақтастығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
-
ЭТНОКУЛЬТУРНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ В ВОСКРЕСНЫХ ШКОЛАХ «ДАГЕСТАН» И «САМУР»1 марта 2003 года в средней школе № 23 города Актау состоялось знаменательное событие: на базе нашей школы Национально-культурные центры «Дагестан» (председатель Шахшаев Ю.А.) и «Самур» (председатель Селимов Г.Н.) открыли Воскресную школу для детей дагестанской диаспоры, проживающих в нашем городе.
-
ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні және ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында тіл жанашырларының қатысуымен жиын өтті.
-
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының БАСПАСӨЗ АНОНСЫ2022 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының салтанатты марапаттау рәсімін өткізеді.
-
ЖОЛДАУ ЖАҢА ІСКЕ ЖІГЕРЛЕНДІРЕДІ2022 жылғы 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұжымы үлкен ықыласпен тыңдады.