Көп оқылғандар
-
ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ2022 жылғы 27 қыркүйек күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы атқарушы директорының орынбасары Л.Есбосынова Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» форумында тіл мәселесі төірегінде ой қозғады.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МҰҢЫ(Мыңбайұлы Жалау жолдасқа) Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?
-
АХАҢ ҰНАТҚАН КІСІНІ БІЗ ДЕ ҰНАТАМЫЗ«Қазақ» газетінің 1917 жылғы бір нөмірінде Нұғыман Манаевтың өзі ашқан мектепке оқытушы (мұғалім) алу туралы құлақтандыруы басылған. «Қазақ» газетінде алуан түрлі жарнамалар мен хабарландырулар, хаттар, жарнамаларға (иғлан) да орын беріліп отырған. Осыдан ғасыр бұрынғы жарнамалардың мазмұны мен үлгісін де зерделеп көру арқылы, сол кезеңдегі ұлтымыздың заманауи өркениетке ұмтылыс жасаудағы құн көзқарасы мен экономикалық танымына да баға беруге болар еді. Айталық деп отырғанымыз «Қазақ», «Айқап» бастаған ұлттың төл баспасөзінде басылған ірі-ірі басмақаладан тартып шағын жарнамаларға дейін әр тұрғыдан қарап зерттеудің өзі бізге ХХ ғасыр басындағы қоғамдық жағдай мен ұлт қайраткерлері күн сайын құбылған замана ағысына қандай ұстанымда болғанына тарихи, шынайы баға беруге жол ашады. Бірде тағы да «Қазақты» ақтарып отырып, ғалым, ағартушы, мемлекет қайраткері Нұғыман Манаев жазған бір құлақтандыруға көзіміз түсті. Құлақтандырудың мазмұны төменде:
-
Ербол Тілешов: Билік, БАҚ және бизнес қазақ тілінде сөйлемей отырТіл білімінің ғалымдарын үйлестіру міндеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми орталығына міндеттелген еді. Орталық атынан латын қарпіне негізделген қазақтың төл әліпбиіне қатысты жоба да ұсынылған болатын. Ал биыл орталық ахметтану саласындағы ізденістермен бірге, тіл ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай әлемнің біраз архивтеріне арнайы адам жіберіп, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды.
-
ЭКСПЕДИЦИЯ ӘСЕРІ ШЕКСІЗ2022 жылдың 13-17 қыркүйек аралығында Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен басталған ұлт ұстазы, ұлы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында «Ақаң жүріп өткен жолмен...» атты экспедиция мына бағыт бойынша: Нұр-Сұлтан – Әулиекөл – Қостанай – Арқалық – Бидайық – Торғай – Ақкөл – Арқалық – Астана аралығын жүріп өтті.
-
ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІ ІТ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ2022 жылғы 19 қыркүйек күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Орманова Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінде қазақ тіліндегі IT жобаларды таныстырды.
-
ЭКСПЕДИЦИЯ: АХАҢ ЖҮРГЕН ЖОЛМЕН... Төртінші күніКеше күн еңкейген шақта Міржақып бейітінің басына барып тәу еттік. Кейкі батыр кесенесіне құран бағыштадық. Рухты ел, рухты топырақ, рухты сөз жанымызды толқытты. Содан да болар, киелі сапардың төртінші күні тебіреніспен басталды. Торғай ауданындағы Ахаң музейінен алған әсердің жөні бөлек. Аудан орталығында өткен зиялы қауым өкілдері, жас буын жиналған ғылыми-практикалық конференция үлкен серпінмен басталды.
-
ЭКСПЕДИЦИЯ: АХАҢ ЖҮРГЕН ЖОЛМЕН... Үшінші күніҒафу Қайырбеков: " Мұғаджардан еркін жетіп Есілге, Ұлы таудан бөліп алып енші-ірге, Жастап жасыл Тобыл суын жатыр ол Қазақстан деген өлке төсінде",- деп жырлағандай, экспедиция қасиетті Торғай жеріне де келіп жетті. Бұндағы Алғашқы сапар Ыбырай Алтынсарин атындағы институтта басталды. Әуелі Ыбырай ескерткішіне гүл шоғы қойылды.
-
ОНЛАЙН-СЕМИНАР: ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТЕЛДІК АУДИТОРИЯДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ2022 жылғы 14 қыркүйек күні КИМЭП университеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Қазақ тілін шетелдік аудиторияда оқытудың әдістері мен технологиялары» атты республикалық онлайн-семинар өткізді.
-
ЭКСПЕДИЦИЯ: АХАҢ ЖҮРГЕН ЖОЛМЕН... . ЕКІНШІ КҮНІЭкспедиция алдын ала белгіленген маршрут бойынша кеше түстен кейін Әулиекөл ауданына ат басын бұрып, аудан орталығындағы ұлт ұстазының ескерткіш бюстіне гүл шоғын қойып, ұстаз рухына тағзым етті. Әулиекөл – Ахмет Байтұрсынұлының өмірінде ерекше орын алады: "Сұрасаңыз есімі – Александр Ивановна, Ризамын құдайдың оны маған қиғанына. Бір кәпірді мұсылман қып, сауап алсам, Тұрмай ма он молданың иманына", - деген өлең жолдары осы жерде дүниеге келген.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТЕЛДІК АУДИТОРИЯДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-СЕМИНАРЫ2022 жылғы 14 қыркүйек күні КИМП университеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Қазақ тілін шетелдік аудиторияда оқытудың әдістері мен технологиялары» атты республикалық онлайн-семинар өткізеді.
-
ӘДІЛБЕК ҚАБА: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ ОНЫ ІТ-КЕҢІСТІККЕ ЕНГІЗУГЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ12 қыркүйек күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қала «Astana hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ІТ-жобалармен танысты. Жалпы бұл кездесудің басты мақсаты тіл саясатын іске асырудың маңызды тетігі ретінде дайын немесе жобаланып жатқан ІТ-өнімдерге шолу жасап, осы нарықтағы ІТ-мамандармен танысу.
-
ЭКСПЕДИЦИЯ: АХАҢ ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛМЕНБүгін Ұлт ұстазы, ұлы Ахаңның 150 жылдық мерейтойы аясында «Ахаң жүріп өткен жолмен...» атты экспедиция жолға шықты. Экспедиция құрамында ахметтанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері бар. «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ербол Ердембекұлы ақжолтай тілегін айтып, шығарып салды.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫНА АРНАЛҒАН ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ2022 жылғы 11 қыркүйек күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторниг агенттігінде «бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей-теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі» (М.Әуезов) ұлт ұстазының мұрасын насихаттау мақсатында өткен «Ахмет Байтұрсынұлы – рухани көсем» атты мәдени шараға қатысты.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АЯСЫНДАҚазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан халқының тілдері күні аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай 2022 жылғы 9 қыркүйекте іс-шара өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – ғалым, қайраткер, ұлттың рухани ұстазы, аудармашы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен ерен еңбектерін таныстыру, шығармашылығын дәріптеу, қазақ тілі мен әдебиеті жөніндегі даналығын насихаттау, ұлы істерін ұлықтау.