ҚАЗАҚТІЛДІ ӘЛЕУЖЕЛІ МЕН ЖЕЛІМЕНДЕР: САНДЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ ТІЛТАНЫМДЫҚ ТАЛДАУ (лексикалық жаңартпалар бойынша)
Жаһандану, ақпараттық технологиялардың дамуы, интернеттің кеңінен таралып, жаппай қолданысқа енуі қоғам өмірінің барлық дерлік саласындағы әрекетті жеңілдетіп, адамзаттың коммуникациядағы қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп жатыр. IT-жетістіктер күнделікті тіршілігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі жаһандану заманында ақпараттық технологияны пайдаланып, дүниежүзімен бір байланыс ортасында болу үйреншікті нәрсеге айналғанымен, осындай нәтижелер әлемиеттік IT-коммуникацияны жасау бағытындағы күрделі де қызықты жұмыстардың жемісі. Солардың бірі – өнімді нарыққа бейімдеу.