Көп оқылғандар
-
АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ2023 жылғы 23 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Төкенқызы Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен «Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты ісі – ұлтқа тағылым» атты аймақтық конференция жұмысына онлайн режімде қатысып, баяндама жасады.
-
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНДЕГІ ЕМЛЕ, АУДАРМА ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР1912 жылдан Ахмет Байтұрсынұлының араб алфавитін негізге алып жасаған жаңа жазуы (ол «жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла бастады. Ұлы ағартушы араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасы ескі араб жазуының кемшіліктерінен адаланған әрі қазақ тілінің табиғатына жақын, барынша ғылыми негізде жасалған болатын.
-
ТІЛ ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Әділбекқызы тәжірибелі де білікті маман ретінде қазақ тілін үйретумен айналысып келеді келеді. Төмендегі бейнебаяннан Ядролық физика институты (ЯФИ) қызметкерлеріне сабақ беру сәтіне куә боласыздар.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ2023 жылғы 21-22 ақпан күндері Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық форумына қатысты.
-
ТІЛ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНУДЕҚазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы Алматы қаласында өтті. Жиынның басты мақсаты: Тұжырымдама жобасын қоғаммен, ғалымдармен талқылап, мүдделі мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен келісу. Жиынға қатысқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Г. Ходжабергенова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО бас директоры Е. Тлешов Тұжырымдаманың негізгі идеясымен, құрылымы және бағыттарымен таныстырды.
-
ҚАЗАҚША МӘТІНДІ ТЕЛЕГРАМ БОТ АРҚЫЛЫ ДЫБЫСТАЙ АЛАСЫЗҚұрметті оқырман! Сіздерге айтар керемет жаңалығымыз бар. Енді қазақша мәтінді телеграм бот арқылы дыбыстай аласыз. Microsoft Azure сервисі қазақ тілінде мәтінді екі дауыста [ер жігіттің, қыздың] дыбыстау функциясын әзірлеген болатын. Azure Cognitive Services Speech-to-Text бағдарламасындағы жинақталған қор алынып, телеграм ботпен біріктірілді. @kztts_bot осы телеграм ботқа кіріп, көрсетілген сілтемені енгізіп, Дәулет пен Айгүлдің көмегімен мәтініңізді қазақша дыбыстай аласыз. 🔸Ол үшін /start дегенді басып, қыздың не ер жігіттің даусын таңдап, мәтініңізді сол жерге жазсаңыз болғаны.
-
БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІЮНЕСКО-ның Бас Конференциясы 30-шы сессиясының шешімімен 1999 жылғы 17 қарашада бұл күнді бір ауыздан бекітті. Бұл тарихи оқиғаны шығыс Пәкістанның (1971 жылдан бастап Бангладеш) Дакка қаласында 1952 жылдың 21 ақпанында болған шерумен байланыстыруға әбден болады. Олай дейтініміз, өздерінің ана тілі – бенгал тілін қорғау үшін елдегі ресми мемлекеттік тілдің бірі ретінде тануын талап еткен пәкістандық студенттерге қатаң жаза қолданылған. Сол қанды оқиғаны еске алу күні ретінде Бангладеште әлі күнге дейін аталып өтіледі.
-
ҰЛТ МҰРАТЫ – МӘҢГІЛІК ТАҚЫРЫПСөз басында «Қазақ» газетін 88 жылдан кейін тірілтіп, 2006 жылдың 22 наурызынан қайта шығарған Қоғабай Сарсекеев ағамыздың ерлік ісін еске түсіріп, аруағына ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл Алаш идеясын қадірлеу, қастерлеу ғана емес, ерекше жанның жалпы ұлтымызға деген шексіз сүйіспеншілігі болатын. Осындай ардақты ағамызбен дәмдес, тұздас болғанымызды мақтаныш етеміз. Есімі ел есінде жасай берсін!
-
ҚАРАҢҒЫДА ЖАРЫҚ БОЛҒАН «ҚАЗАҚ»Әсел МҰРАТБЕКҚЫЗЫ «Ana tili» «Күн болуға», «Күннен туған ұл болуға» ұмтылған Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы өлшеусіз еңбегінің бірі, қазаққа жасаған қайырлы ісінің зоры – «Қазақ» газеті. Биыл ол басылымның жарық көргеніне 110 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында «Қазақ» айтқан мәселе шешілді ме, «Қазақ» қазақты көтеруге тырысқан биік қандай еді? Мұны да ой елегінен бір өткеріп қойған дұрыс-ау! 2 ақпан, «Қазақ» газеті шыққан күні өткен алқалы отырыс осы мәселелердің біразының түйінін тарқатқандай болды.
-
COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ 50 КУРС ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛДЫ2023 жылдың соңына дейін тағы 604 курс қазақшаға тәржімаланады. «Қазақстан халқына» қоры «Coursera» – қазақ тілінде» жобасын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік желіде туындаған сұрақтарға жауап берді. Қордың хабарлауынша, бұл жобаны жүзеге асыруға қор 2 460 472 070 теңге бөледі. Бұл қаражат келесі мақсаттарға жұмсалады:
-
Ақаңның академиялық жинағы жарық көрді. Бірақ...Ұлт зиялыларының мерейтойы жоспар үшін жасалған сансыз іс-шара һәм соңы дауға қалған ескерткіштермен шектелмесе керек-ті. Көрнекті тұлғалардың мерейлі жылы қоғамның әдебиеті мен мәдениетіне, руханиятына игілігі тиер бастама болуға тиіс. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та: «Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», деп кесіп айтты.
-
«Baitursynuly.kz» сайтында бәрі барАстана қаласында «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырды. Шараның шымылдығын Орталықтың Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов ашты. Ол өз сөзінде, «ұлы ғалымның кейінгі ұрпағына қалдырған асыл мұрасы – барша халқымыздың баға жетпес құнды байлығы» деп атап көрсетті.
-
«Тіл құралын» ағылшынға аудару оңай болған жоқ – Ақнұр ТөлеубаеваБылтыр ЮНЕСКО көлемінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы атап өтілді. Мерейтой аясында ұлт ұстазының бірқатар шығармасы шет тілдеріне аударылды. «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалы жарық көрді. Лондонда ағылшын тіліне аударылған кітаптың тұсаукесері өткен-ді. Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы таңдамалы еңбектерін қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде әзірледі. Ахаң мұрасын аударған аудармашылардың бірі – Ақнұр Төлеубаева. Аудармашының айтуынша, ұлт ұстазының шығармасын ағылшын тіліне аудару оңай болмаған секілді. – Ақнұр ханым, Ахмет Байтұрсынұлының шығармасын ағылшын тіліне аударғаныңызды естіп жатырмыз. Қандай шығармасын таңдап алдыңыз? – Біз үш аудармашы бірігіп, Ахаңның шығармаларын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудардық. Біздің қолымызға тигені – 1931 жылы жарық көрген «Тіл құралы» атты еңбегі. «Тіл құралы» еңбегі бұған дейін ағылшын тіліне аударылмаған екен.