Көп оқылғандар
-
АЛАШ БАЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОҚУЛЫҚТАРЫ - IIАхаңнан бұрын, Алтынсариннен кейін қазаққа оқулық жазғандар бар. Өткен жазбамызда біз тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин жазған «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылдан 1906 жылға дейін қолданыста болғанын, бұл тұңғыш оқулықтың бірнеше рет кирилл және қадім жазуымен (бұл кезде төте жазу барлыққа келмеген. – Ә.А.) басылып, сол арқылы балалар сауатын ашқанын айтып едік. Бүгін біз оқырманға қазақ оқулықтарының қарлығаштарының бірімен таныстарымыз.
-
Алаш баласының алғашқы оқулықтары - IБүгіннен бастап Алаш мұралары туралы ізденіс үстіндегі жас маман, еліміздегі Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан қазақтың өткен ғасырлардағы көптеген мұраларын жарыққа шығарып, оқрыман қауымен бөлісіп жүрген, ақын, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Әділет Ахметұлы желілес жазып отырған, Алаш баласының ғасыр бұрынғы оқулықтарын таныстырып отырамыз! - Редакция
-
ЕЛІМІЗДЕ АНА ТІЛДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМА ШЫҒАДЫОған сәйкес, тағы да ауқымды семинарлар өтеді, жиындар ұйымдастырылады, тіпті дарындыларды түкпір-түкпірден жинайтын байқаулар өткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Егемендік алғалы мемлекеттік тілдің көсегесін көгерту үшін ұйымдастырылып жатқан шаралар осылай тізіліп кете береді. Қыруар қаржы бөлінеді. Жауапты шенеуніктер есеп береді, үкімет оларды арқадан қағып, бас шұлғиды. Биыл да атқамінерлер жылдағы дәстүрден жаңылмады.
-
ОРЫСША ОҚУШЫЛАР5-ші августа Орынбордағы киргизский учительский школаға кіремін деп келген талапкерлерге етмихан болды. Кіруге келген 80 кісі еді, оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан аларлық қазына һәм стипендия орны алтау-ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан басқалары, ауқаты көтерсе, өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пәтерде тұрып, сонан келіп оқып жүреді я жылына 150 сом төлеп школдан тамақ ішіп, киім киіп, сонда жатып оқуға да болады. Бай адамдарға жылына 150 сом көп ақша емес, кедейлерге күшінен келмейтін көп ақша. Солай болған соң, дұрысы былай істемек еді: бай балалары өз жанынан оқып, жарлы балаларына қазына орнынан беру еді. Оны істейтін біздің Торғай мен Орал облысында байлар жоқ. Қазына орнына бай балалары жарлы балаларымен таласа кіреді. Қазақ байларының қалыбын істемей тұрған Мамановтар көрінеді. Медресесінде оқып жүрген балалардан зерек-зерек балаларды тандап алып, жылына 300 сом ақша расход кесіп, орысша, мұсылманша болсын, оқу оқып қайтуға жібереді екен. Сондай жіберген баланың бірі биыл киргизский учительский школаға кірді. Бұрын медресе «Ғалияда» оқып, былтырдан берлі орысша мұғалімдік ғылымын білу ниетпен учительский школа я семинарияға кіру үшін орысша оқыған екен. Талапкерлерге керекті ақшасын беріп, оқуға жіберіп жүрген байлар да, олардың ақшаларын адалдап орнына жұмсап жүрген бала да жарайды. Бір жыл орысша оқып, бірден соңғы болып школаға емтихан беріп кірді.
-
АБАЙДАН СОҢҒЫ АҚЫНДАРҚазақтың мінезін суреттен, мінін жазып, сырын ашып, көзге көрсететін, елдің халін қайғырынып, жақсылыққа сүйреген сөздер Абайдан бері басталды. Абайдан бұрын қазақтың мінез-қалпын суреттеп берген айна болған жоқ, міні айтылмай, жүзі жуылмай, бітеу, тұйық күйде келді. Сол уақыттағы сөздер таразыға тартылып, ақылға салынбады. Надандық пердесін жырта алмады. Таяз, ұсақ, көрнексіз түрде болды. Абайдан бері әлгі өмірдің тұйығы жойылып, түйіні шешіліп, сыры сыртқа шығып, мінез айнаға түсіп келе жатыр. Қалам шамасынша шеберлеп, келісті жақсыны да, кейіпсіз жаманды да суреттеп отыр.
-
ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗГЕШЕ МІНЕЗДЕРІГазета жүзінде қазақтың һәртүрлі кемшіліктері түртіліп жазылып жатыр. Мысалы: ұйымсыздық, күндестік, парақорлық, партия, әділетсіз билік, әйелдің халі деген сияқтылар. Рас, мұның бәрі аянышты халдер, бірақ, бұлар әр міннің бұтақтары. Роман, өлең, мақала жазушылар да осындай ұсақ кемшіліктерді көрсетпек. Қазақтағы неше түрлі болып тұрған ауыр халдердің түпкі негізгі, тамыры қайдан тарап, бұл күйге ұшырағанын ешкім қолға алып, мәтбұғат жүзінде қозғап көрген жоқ. Соның үшін бұл терең сауалды жұрттың есіне салып, жүректерді қыздыруға сөз бастап отырмыз. Бұрынғы уақытта қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы әрі бітімді, қайратты, сауықшыл болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен. Рас, бұл уақыттағы ұйымшылдық күні үшін болса да, жүре-бара бет түзеп, қалып алатын сүреңі бар сияқты еді, естуімше (Әрине, халық болған соң түгел самдай, мұнтаздай деуге келмейді, надандық уысында талай оқшау мінездер болған, оған орын беруді артық деп білеміз).
-
МЕМЛЕКЕТТІК ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІМемлекеттік терминология комиссиясының ағымдағы жылғы 4-отырысы өтті. Комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған өсімдік атаулары, «100 жаңа оқулық» жобасындағы әлеуметтану және бизнес салалары, сондай-ақ мектеп бағдарламасы бойынша оқытылатын цифрлық сауаттылық, информатика пәндерінің терминдері қарастырылды. Бекітуге ұсынылған терминдерге ғылыми-лингвистикалық сараптама жасалып, алдын ала талдау үшін termincom.kz сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.
-
АЛТЫНСАРИН ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА МЕКТЕП ҚАНА ЕМЕС, КІТАПХАНА ДА АШУҒА ТЫРЫСҚАНЫбырай Алтынсарин шығармашылығы С.Аспандияров, М.Әуезов, Б.Кенжебаев, Б.Сүлейменов, М.Ақынжанов, Б.Ысқақов сияқты ғалымдар мен жазушылардың зерттеулерінде жан-жақты зерделеніп сомдалды. Жазушы Нұрдәулет Ақыш та осы тақырыпқа қалам тербеп жүр. Сыншыл реализм рухында жазылған көркем шығармалары арқылы шығармалараның тілдік ерекшелігін зерттеген ғалымдардың қатарын С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Қ.Жармағамбетов, С.Ш.Хасанова құрайды. Белгілі түрколог А.Самойлович «Түркі халықтарының әдебиеті» атты зерттеуінде Ыбырай Алтынсаринді қазақ әдебиетінің негізін салушының бірі деп таниды.
-
АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ2022 жылғы 14 желтоқсан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов Алматы қаласында өткен А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және ғылым тілі» халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына қатысты.
-
ҚАЗАҚҚА ҚОС ҚАРУ ҰСТАТҚАН КЕМЕҢГЕРКейде маған Ахмет Байтұрсынұлы қойнауында қазаққа керектің бәрі бар ғажайып ғаламшар сияқты болып көрінеді. Біз сол алып планетаға ғайыптан тайып топ ете түскен адам сияқтымыз. Игерусіз жатқан иен байлық пен өр табиғатқа сырттай ғана тамсанып, талпыныссыз таңғалып тұрған адам. Әйтеуір сүйсініс бар. Айтамыз, мақтаймыз, мақтанамыз. Бірақ сол мол байлықты игерейін деген құлқымыз аз. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық орталығының директоры, ғалым Ербол Тілешовке осы ой төңірегінде бірер сауал қойған едік.
-
Рух қорғаныАхмет Байтұрсынұлы 1926 жылы Бақы (Баку) қаласында өткен Бірінші бүкілодақтық түркітану сиезінде сөйлеген сөзінде: «Мәдениет тірі табиғаттағы жаратылыс дамуының жалғасы ретінде өзінің дамуы үшін жайлы жағдайдың болуын талап етеді. Дәл осындай жағдай Ресейде тұратын түркі халықтарында болған жоқ.
-
АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА КЕЛДІ2022 жылғы 9 желтоқсан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Құқықтық және кадр жұмысы басқармасының басшысы Г.Омарова тілтанушы ғалым Бижомарт Сейсенбекұлы ҚАПАЛБЕКТІҢ 60 жасқа толуына орайластырылған «Мемлекеттік тілдің зерттелуі, оқытылуы және қолданылуы» республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, мерейтой иесін құттықтады.