Көп оқылғандар
-
ОҚШАУЛЫҚТАН – ОРТАҚ ІСКЕ2023 жылғы 12 сәуір күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Ғалым хатшысы Нұрлыхан Нұруллақызы мен Ақпараттық технология басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы «Астана» халықаралық қаржы орталығында өткен «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» – ғылым мен бизнесті біріктіретін диалог алаңына қатысты.
-
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтауыҚұрметті әріптестер, қадірлі достар! Бүгін біздің кәсіби мерекеміз – Ғылым қызметкерлері күні. Осыған орай барша ғалымдар мен зерттеушілеріміздің дүниені тануға деген ұмтылысын, олардың зияткерлік күш-қуатын, ғылыми жаңалық ашудағы үлесін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанның ғылыми қауымдастығы – қисыны қиын ғылыми мәселелерді шешуге қабілетті, зерттеу саласының жарқын бағытын айқындатын шабыт пен жаңашылдықтың қайнар көзі. Ел алдына қойылған ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық сұрақтарды шешуде фундаменталды да, қолданбалы ғылымның рөлі ерекше. Ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер мен ғылымның өзге де қызметкерлерінің біліктілігін, кәсіби жұмысын мақтан тұтамыз. Министрліктің және өз атымнан ғалымдар мен зерттеушілерге, ғылым саласына жақын барша ұжымға алғысымды білдіремін. Ерен еңбектеріңіз бен тәжірибелеріңіз – еліміздің өркендеуінің баға жетпес қайнар көзі! Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Жаңа белестерді бағындыруды, жаңа жетістіктер мен инновациялар тілеймін! Қазақстандық ғылымның дамуына қосқан үлестеріңізге алғыс білдіремін!
-
АХАҢ ӨЗІ ЖАСАҒАН ӘЛІПБИІНІҢ ӘРІПТЕРІН ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРГЕНҰлт ұстаы Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылға дейін төте жазу деп аталған, араб жазуы негізіндегі қазақтың төл әліпбиін дайындады. Ахаңның осындай ұлы реформаға кірісуінің себебі де араб жазуындағы таңбаларараб жұртының тіліне лайық келгенімен, қазақтың дыбыстауы мен және сол дыбысталған сөзді, айтар ойды жеткізуде ұзақ ғасырлар бойы қиындық тудырғанында еді. Соның бірі де, бір егейі де, Шағатай жазуы атанып кеткен көне жазу әдісі бойынша, қазақтың кейбір дыбысын арабтың бірнеше дыбысымен бейнелеудегі қолайсыздық. Тіптен араб жазуындағы харакат, аст, үст, сүкін қатарлы аса көп шартты таңбалардың қазақтың сөзін жазуда үйренушінің мыйын ашытатын еді. Ұлттық жазуымыздың аса көрнекті реформаторы Ахмет Байтұрсынұлы міне осы қисынды көзде ұстай отырып, қазақтың бір дыбысына бір әріп арнауды ойлап, талайды тәнті еткен парасаты мен ұзақ еңбегінің нәтижесінде, кежімделген жүйріктей керемет жаңалық – «Төте жазуын» барлыққа келтірді.
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ІЛКІМДІ ІС АТҚАРЫЛУДА«Tilalemi.kz» сайты өңірлердегі тіл оқыту орталықтарының оқу-әдістемелік құралдар дайындаудағы тәжірибесімен танысып, өңірлердегі дайын өнімдерді көпшілік назарына ұсыну мақсатында арнайы айдар ашып отыр. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің директоры Мартана Қонысбекқызы Дәулетбаева алғашқы болып жауап жолдады. Таныс болыңыздар!
-
«ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ҚҰЛАГЕРІ» қалалық Ілияс оқулары2023 жылғы 7 сәуір күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері Гүлназ Төкенқызы Астана қаласындағы І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясында өткен «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты қалалық Ілияс оқуларына қатысты.
-
АЛАШТЫҢ БІРТУАР ҒАЛЫМЫАлаштың ардақты қайраткері, көшбасшы ғалымдарының – бірі Халел Досмұхамедұлы: «Бұл дүниеде түрлі данышпан, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақ арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі», деп жазады. Әділетіне жүгінсек, тәуелсіз ел үшін жан аямай еңбек еткен тұлғаны қастерлеу әрі ұлықтау – бәрімізге ортақ парыз.
-
ӘРІПТЕСТІК КЕЗДЕСУ2023 жылғы 6 сәуір күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директорының міндетін атқарушы Л.Есбосын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тілді оқыту кабинетінің меңгерушісі Түленбергенова Назигүл Тұрысбекқызымен әріптестік кездесуге қатысты.
-
Ақаңның дәрісі, Смағұлдың төрелігі, Міржақыптың дауысыҰлт тәуелсіздігі, намысы, мұраты жолында жан алысып, жан беріскен Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының, Смағұл Садуақасұлының тұлғалық болмысы, санаткерлік қызметі, ұстаздық, білімділік мәдениеті, шеберлігі, ойлау, сөйлеу, даналық деңгейі, ұшқырлық қабілеті елшілдіктің ерен үлгісі дер едік. Алтын балық үйіріндей көсемдердің телегей тәжірибесіне куә болғандар, көзін көргендер, кемеңгерлік кеңес-ғибраттарын көкірегіне тоқығандар нақақтан итжеккенге айдалды, атылды, келместің кемесіне мініп кете барды.
-
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ2023 жылғы 5 сәуір күні Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының міндетін атқарушы Л.Есбосынның төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғам жұмысын жоспарлап үйлестіруде бұл органның орны ерекше. Бас қосуда ағымдағы жылдың алғашқы тоқсаны бойынша атқарылған жұмыс барысы қорытындыланып, алда тұрған міндеттер тиянақталды. Қабылданған шешімге сүйенсек, мемлекеттік тіл маңайында бірқатар маңызды шаруалар мен шаралар жүзеге асырылмақшы.
-
ТОЛСТОЙДЫҢ ӘРУАҒЫН АУНАТҚАН ТЕЛЖАН ШОНАНҰЛЫ (А.Байтұрсынұлы оқулығындағы «Күн» атты шығарманың сыры)Қазақ әдебиетінде Шетелдердің классикалық туындыларын аудару тарихы тым арыдан бастау алады. Араб-парсы әдеби, діни көркем шығармаларының неше ғасыр бойы жырланып, ұлттық әдебиетіміздің алтын қорына қосылғаны, Алтын Орданың қазыналы әдеби мұраларының көптігі осыған дәлел болса керек. Абай, Ыбырай, Шоқандардың аудармалары да қазақ аударма әдебиеті тұрғысынан алар орны ерекше. Ал, ХХ ғасырдың басындағы Әлихан, Ахмет, Міржақып бастаған ұлт көшбасшыларының шетелдің заманауи әдебиеттерін аударуындағы сара жолдары мен салған іздері кісіні тамсандырмай қоймайды.
-
ТІРЛІКТЕГІ ТЫМ МАҢЫЗДЫ СӨЗДЕРДІ ДЕ АҒАТ АЙТЫП ЖҮРМІЗБұл жазбаны жариялауға өткен жылы «Қазақ» газетінен табылған А.Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының жұбайларымен бірге жазған шағын көңіл айту хатындағы сөз қолданыс түрткі болды. Шын мәнінде күнделік тұрмыста қолданылатын сөздерді ғана емес, адам өмірі үшін аса маңызды болып табылатын кейбір атауларды ағат айтып жүрміз. Бүгінгі жазбамыз халықтың діни ұғымына тіке байланысты аса маңызды тілек сөздің бұрыстығы туралы болмақ.
-
Алаш зиялыларының тіл туралы көзқарастарыҚазіргі біздің қолданыстағы қазақ терминологиясы өз бастауын сонау Алаш кезеңінен алады. Ол өзінің қалыптасуында бірнеше кезеңдерден және өзгерістерден өтті. Алғашында, қазақ халқы Ресей үкіметінің қол астында болған уақытта, қазақ тілінің және қазақ терминологиясының дамуына мүмкіндік болмады. Мектептер орыс тілінде оқытылып, оқулықтар, газеттер, журналдар тек қана орыс тілінде жазылды. Алайда, 1905 жылғы революциядан кейін, қазақ тіліне рұқсат етіліп, алғаш журналдар мен газеттер шыға бастады. Осы орайды пайдаланып, Ахмет Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялылары қазақ терминологиясының негізін қалады.
-
МАҚАЛА ЖАЗ ДА, ҚАЛАМАҚЫ АЛ!ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл және қоғам» электрондық алманағы мен «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетеніне мақала жазған авторларға қаламақы төлеп келеді. Бұл, бір жағынан, күрмеуі күрделі мемлекеттік тілдің түйткілді мәселелеріне қалам тартқан авторларды қолдауды көздесе, екіншіден, аталмыш басылымдарға сапалы туынды жариялауға жол ашады.
-
АХАҢ ТАҢДАМАЛЫСЫ – БАЛА АХМЕТТЕКөзі қарақты оқырман ұмыта қоймаған шығар, мұның аз-ақ алдында Орталығымызға Моңғолияның астанасынан қазақ тілінің оқытушысы Харий Сандуғаш келіп, Ахмет есімді ұлының бар екенін естіген соң, ұлт ұстазының төрт тілде жарық көрген Таңдамалысы естелік сыйға тартылғанын суретімен қоса жариялағанбыз. Жақында тамаша тартуды жас өскінге табыстағаны туралы хабар алдық.
-
Қазақ тілін оқытуда біртұтас жүйе керекҚазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілдің мынандай бір анықтамасы бар: Мемлекеттік тіл мемлекеттің тұтас аумағында, мемлекеттік тілі екеу болған жағдайда белгілі бір аймағында заңдық мәртебесі мемлекеттегі басқа тілдерден ең жоғары бекітілген тіл. Мемлекеттің тұтас аумағында мемлекеттегі басқа тілдерден заңдық мәртебесі ең жоғары тұратын тіл дегендегі тұтас аумақ тіркесі қазақ тілінің өмір сүру кеңістігі, тіршілік етуінің заңды ортасы дегенді білдіреді. Бізде мемлекеттік тіл біреу – қазақ тілі. Яғни ол белгілі аймақта ғана емес, Қазақстан Республикасының тұтас аумағында еркін тыныстауы қажет. Оған үкіметтің жүргізетін тіл саясаты барлық жағдайды жасауға тиіс. Билік өзінің барлық құралдарын қосып (мемлекеттік тілді насихаттау, оған қорған болу, заңдық мәртебесін арттыру және т.б.) қазақ тілінің өзіне тиесілі аумақта еркін жайылуы-на кедергі келтіретін басқа (мәселен, орыс тілінің) тілдің қолданылуын барынша шектеуі керек. Ал бізде тіл саясаты босаң.
-
ҚАЗЫЛАР ҚҰРАМЫНДА БОЛДЫ2023 жылғы 27-28 наурыз күндері Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, жас ғалым Ж.Искакова M.Narikbaev Universiteti (KAZGUU) «Қазақ тілін креативті оқыту орталығы» мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік әдістемесі» республикалық байқауының қазылар құрамында болып қайтты.