Көп оқылғандар
-
Ұлт ұстазы атындағы оқу залы ашылдыЕлордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай уақыт талабына сай көркемделіп жасалған Ұлт ұстазы атындағы оқу залы ашылды. Оған зиялы қауым өкілдері қатысып, алаш ардақтысының өмірі мен шығармашылығы туралы келелі әңгіме өрбітті.
-
"Қазақ тілі" әмбебап оқулығының тұсаукесері өтедіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 21 ақпанда онлайн режімде (ZOOM платформасында) Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00-де «Қазақ тілі» (А1-А2 деңгейлері) әмбебап оқулығының тұсаукесерін өткізеді.
-
Қазақтың «Хәрри Поттері» қашан жазылады?Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп» деген жақсы сөзі бар. Бұл сөз осы ұлы өнердің маңыздылығын айқындап беретін аксиома болмақ. Қазақ сөз өнерінің бір арнасы балалар әдебиеті екені баяғыдан мәлім. Біз сол арқылы өскелең ұрпақтың ертеңін бағамдап келдік. Аталған сала жылдан-жылға сан жағынан да, сапа жағынан да дамып келе жатқанына көз жұмуға болмайды. Десе де, көкейде жүрген түйткілдер де аз емес. Бүгінгі дөңгелек үстелге осы салада қалам тербеп жүрген жазушылар Молдахмет Қаназ, Толымбек Әбдірайым, Тұрсынбек Әлиұлы, Әлібек Байбол және Әдина Жүсіп қатысып отыр.
-
Мемлекеттік тілді менсінбеу неден басталады?Әлеуметтік желілерде жазылып жүрген мәселе көп. Алайда жұрт тіл тағдырына қатысты жазбадан бейжай өтіп кетпейді, онда көтерілген мәселеге жүрдім-бардым қарамайды. Осыдан-ақ отызжылдық тәуелсіздігімізде мемлекеттік тіліміздің тұғырын тіктей алмағанымыз көптің жанына бататынын аңғаруға болады...
-
Қазақша 40 миллион сөз қолданысқа ене ме?Қазақ тілі, оның тарихы, бүгіні мен болашағы, алдағы уақытта тілдік құрылым мен сөз қолданысында болуы мүмкін өзгерістер тек тіл мамандарының ғана емес, тіл тағдырына алаңдайтын көпшіліктің де көңілін алаңдататын тақырып болса керек. Десе де, лингвистерден осы туралы сұрағанда көбі лингвистикалық корпус туралы айтады. Ол қандай корпус? Маңызы қандай? Қазақстанда неге үшеу? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
-
Көзге көрінбейтін оқытушылар…Баяғыдай тіл үйрену үшін том-том кітап арқалап жүретін немесе оқытушының алдында қаздиып отырып, қазіргі тілмен айтқанда офлайн сабақ алатын заман өтіп барады. Олардың орнын ақпараттық порталдар, сайттар мен мобильдік қосымшалар басып келеді. Яғни, тіл үйренуге құлықты адам керегін интернеттен оп-оңай тауып ала қоятындай жағдай туғызуымыз керек.
-
Мақала жазып, қаламақы ал!"Тіл-Қазына" орталығы қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақала жазып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге күш салуға шақырады. Себебі тіл – жалпы ұлтқа ортақ қазына. Ал оның түйіткілі мен күрмеуі тарқамаған кемшін түсін түзету ортақ міндет.
-
«Тіл және қоғам», «Терминологиялық хабаршы» журналдарын әзірлеу ережесі«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Тіл және қоғам» электрондық альманағын, «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетенін әзірлеудің ЕРЕЖЕСІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жаһандану кезеңіндегі қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақалаларды қабылдау талаптарын белгілейді.
-
Қазақ дубляжының дамуы қай деңгейде?Дубляж – сан шеберді бір арнаға тоғыстырған кірпияз өнер. Оған аударманың сапасы, тілдің тазалығы, актердің шеберлігі ғана жатпайды, оны идеология деп те айтуға болады. Кеңес дәуірінде қазақ дубляжы үлкен мектеп болып қалыптасты. Оның дамуына театр және кино өнерінің майталмандары үлес қосып, олар өзге елдің үздік туындыларын жоғары деңгейде дубляждап, көрермендерді рухани байытты. Тоқсаныншы жылдары дубляж өнері ептеп қағажу көргенімен, қазір қайта жаңаша өріс алды. Кейінгі жылдары бірқатар шетелдік фильм мен анимациялық туынды дубляждалып, жұртшылыққа жол тартты. Сондықтан бүгінгі дубляждың дамуы қай деңгейде деген оймен осы саланың жілігін шағып, майын ішіп жүрген мамандармен дөңгелек үстел мәжілісін өткізген едік.
-
Шетелдегі ағайын қазақ тілін ұмытпасын деп...Соңғы деректерге сүйенсек, шетелде жеті миллиондай этникалық қазақ тұрады. Бұл деректерді 2020 жылы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы көші-қон процестерін реттеу туралы заң жобасын талқылау кезінде айтқан болатын. Одан бері бұл сан өзгерген де болар. Жалпы шетелде тұратын қазақтардың санын тап басып айтқан дерек табу қиын. Жә, бұл басқа мәселе... Бүгін айтқымыз келетіні – сол этникалық қазақтардың ана тілін қаншалықты біліп-білмейтіні. Олар тұрғылықты өлкесіндегі ұлтпен ассимиляцияға ұшырап, тілін, тілімен бірге ұлттық менталитетін жоғалтып жатқан жоқ па? Жоғалтпауы үшін не істеліп жатыр? Осы сауал төңірегінде дерек жинауға тырыстық.