ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМДАРДЫ ТҮЗУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Шет тілін оқытудың жаңа бір жүйесін іздеу, зерттеу, тәжірибеге енгізу сияқты маңызды мәселелер бүгінгі күні өзектілік танытуда.Тілді үйренудің реті және соған сай тәсілдер жүйесі болатыны белгілі. Алайда алдымен тіл үйрету үдерісінде күнделікті жиі қолданылатын лексиканы анықтап алу – бірнеше әдістемелік ілгерілеуге қол жеткізері анық. Біріншіден, іріктелген сөздер тіл үйренушінің ең қажетті лексикасын меңгеруіне мүмкіндік туғызады, яғни, тіл үйретудің бастапқы сатысында тіл үйренуші өзінің жадын пассив сөздермен толтырмай, қарапайым қажеттілігін қанағаттандырады;