Көп оқылғандар
-
Қазақ тілін шет тілі ретінде қалай оқыту керек?!Қазақ тілі көршілес Қытай Халық Республикасы мен Түркиядан басқа, Германияда, Польшада, Швецияда, Венгрияда, Оңтүстік Кореяда, сонымен қатар АҚШ-та, Орта Азия немесе Түркітану бөлімдерінде оқытылады. Оның басты мақсаты — студенттерді қазақ тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарымен таныстыру және оларға жан-жақты білім беру. Осылайша, жан-жақты білім алып, қазақ тілін үйреніп жүрген студенттерге болашақта халықаралық деңгейде мансабы жоғарылауға орасан мүмкіндікке жол ашылады.
-
Ән арқылы тіл үйренуҰрпақ болашағына алаң көңілмен қараймын. Себебі ана тілін білмейтін балалар көп. Сізге өтірік, маған шын, кейде осы мәселе мені толғандырғаны соншалық, еріксіз көзіме жас аламын. Иә, рас, көз жасыңды төккеннен пайда бар ма? Бізге қол қусырып отыруға болмайды. Әрбір адам өз баласының қазақша сөйлеуі үшін барын салуы керек.
-
Калькадан қалай құтыламыз?Қазақ тілінің бүгінгі ең бір өзекті мәселесінің бірі – калька мәселесі. Ана тіліміздің болмысын толық түсінбей, орыс тілінен тікелей аудару деген кеселге тап болдық. Ендеше калька дегеніміз не? Оның психологиялық, лингвистикалық, грамматикалық ерекшелктері бар ма? Калькаға қалай ұрынбауға болады? Тіпті, шындығын айтқанда одан қалай құтыламыз? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрген едік.
-
Мақала жазып, қаламақы ал!"Тіл-Қазына" орталығы қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақала жазып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге күш салуға шақырады. Себебі тіл – жалпы ұлтқа ортақ қазына. Ал оның түйіткілі мен күрмеуі тарқамаған кемшін түсін түзету ортақ міндет.
-
«Шет тілін 1-2 айда үйретемін дейтін курстар көбейді, бұл – алаяқтық»: полиглот өзге тілді үйренудің қыр-сырымен бөлістіТіл білу барысында адамның қарым-қатынас жасау, әлеуметті тану, білімін арттыру мүмкіндігі екі-үш есеге артады. Әр тіл – өзінше бір тұтас әлем. Қазір Қазақстанда туған сәбилердің барлығына жуығы ана тілімен қатар орыс тілін де еркін меңгеру қабілетіне ие. Қазақ жастары бұған қоса ағылшын, түрік, араб, жапон т.б тілдерді үйреніп, мемлекеттің дамуына өз пайдасын тигізіп жүр.
-
Ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған конференция өттіБүгін еліміздің бас қаласында Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – Алаштың рухани көсемі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара ҚР Мемлекеттік хатшысы Е. Қариннің кіріспе сөзімен басталды. Ол Алаш көсемі, қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілетіндігін хабарлады.
-
ҚР Білім және ғылым министрі жұмыс тобы мүшелерімен кездесу өткізді24 ақпан күні елордамызда ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, Үлгілік оқу жоспарларын, Үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша құрылған жұмыс тобы мүшелерімен «Білім мазмұнын жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында кездесу өткізді.
-
Өсер елдің баласы, цифрлайды мұрасынБіз «жұмсақ күш» деп аударып жүрген «soft power» деген термин бар. Елдің жұмсақ күші оның мәдениетіне, құндылықтарына және оларды жүзеге асыруға негізделген стратегиялық жоспарына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың жұмсақ күші – дәстүрлі мәдениеті, әдебиеті, өнері әлем жұртшылығын баурай алды ма? Қазақы жұмсақ күштің қоры қайда шоғырланған? Сұрақ аумағын кішірейтіп, әдеби мұра мен қазақ сөзі әлемнің әр түкпіріндегі адамға қолжетімді болуы үшін оны цифрлаудың деңгейі қандай деген мәселені қаузап көргіміз келді. Бұл салада үлкен жұмыс атқарып, Kitap.kz сынды жоба аясында қазақ әдебиетінің біршамасын цифрлаған ұжымды басқарған Рауан Кенжеханұлынан, шетелдегі цифрландыру тәжірибесін көрген Айжан Көшкеновадан, архивтерді ақтарып, тиянақты түрде зерттеу жасап, тасқа басылған мұраның енді цифрлық форматқа ауысуының ерекшелігін түсінген Елдос Тоқтарбайдан пікір сұраған едік...
-
Байтұрсынұлының зерттеуіндегі тіл мәдениетіЕлімізде 1-наурыз – алғыс айту күні болып белгіленгені мәлім. Әрине, себебі түсінікті. Сонау қиын-қыстау соғыс жылдарында Кеңестік республикалардан Қазақстанға қаншама ұлт өкілдері жер аударылды. Кең қолтық қазақ халқы өзінің ауыр жағдайына қарамай, депортацияланып азып-тозып келген жандарға жарты нанын бөліп берді, үйінің бір бұрышына паналатты. Сондықтан олардың бүгінгі ұрпағы қазақ халқына алғыс айтуда. Бұл өте орынды. Дегенмен бұл жалпы халықтық мереке. Әркімнің алғыс жаудыруға лайықты көретін адамы болады. Біз газет оқырмандары атынан ұлттың ұлы ұстазы, алғашқы қазақ әліпбиінің атасы Ахмет Байтұрсынұлына тағзым етеміз. Бұл ұлт ұстазына, жалпы ұстаз біткенге тағзым деп білейік.
-
Көрнекі ақпарат: Заңда оң өзгерістер барКөрнекі ақпаратқа қатысты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекет басшысы 2021 жылғы 29 желтоқсанда қол қойды. 22 қаңтардан бастап заң қолданысқа енді. Осы толықтырулардан кейін не өзгерді, кімнен, қалай, нені талап етуге тиіспіз. Әңгімені осы тұрғыдан өрбітейік.
-
«Қазақ тілі» (А1-А2 деңгейлері) әмбебап оқулығының тұсаукесері өттіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ-ағылшын, қазақ-түрік, қазақ-орыс тілінде шетелдегі қазақ диаспорасына арналған әмбебап оқулық әзірледі. Оқулық көпшілікке таныстырылмас бұрын Түркияның Хаджетепи университетінде апробациядан өткізілді. Бүгінгі тұсаукесер барысында оқулықтың артықшылықтары мен кемшіліктері айтылып, алдағы уақытта түзетілуі тиіс тапсырмалар мен әдістерге мән берілді.