Көп оқылғандар
-
«ТІЛ-ҚАЗЫНА» ОҚУЛАРЫ ӨТЕДІ2022 жылғы 31 мамыр-2 маусым аралығында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында онлайн режимде «Тіл-Қазына» оқуларын» ұйымдастырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты көпшілікке білім, тіл, әдебиет, мәдениет, бойынша қазақша ақпарат беру арқылы ұлттың рухани сұранысына жауап беру болып табылады. – Түрлі тақырыптарды қамтитын бұл оқулар арқылы, бірінші кезекте, қызығушылығы бар тыңдармандардың филологиялық білімін жетілдіру жүзеге асырылады, – дейді олар. – Білікті ғалым Ербол Тілешов «Ахмет Байтұрсынұлы және әдебиеттану әдіснамасы» туралы тереңнен қозғаса, орталықтың ғалым хатшысы Нұрлыхан Нұроллақызы «Мәтінге синергетикалық, лингвокогнитивтік талдау үлгілері» деген тақырыпта 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырып, әдемі ой тербемекші.
-
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ҰЛЫ РЕФОРМАТОРЫXХ ғасыр даналарының бірі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаңның өмірі, тағдыры, мұрасы – оның ғасырдың ұлы перзенті екендігінің айғағы. Ол күрескен кесапаттар – надандық, қараңғылық, ұйқышылдық, адами хайуандық, отаршылдық, ұлттың азуы мен тозуы, оның бұратаналық болмысы, жараланған жан жарасы, құлшылдық санасы, таланған жері, қансыраған тілі, шоқындыру саясатынан жансыздана бастаған діні, орыстандырыла бастаған ділі. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының болашақта болу-болмау альтернативасы. «Ұлт ырысы», «өркениет ырысы», «олжалы жерде үлестен», «ордалы жерде орыннан», «жоралы жерде жолдан» қазақ халқы қалмауын ойлаған, «ұлттық құтқару майданының сардары, ХХ ғасырдағы ұлттық ренессанстың бастауы Ахмет Байтұрсынұлы планеталық ойшылдар қатарынан орын алары даусыз.
-
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС БАС ҚОСТЫ2022 жылғы 27 мамыр күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ғылыми кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Отырыс барысында Орталық биылғы жылы алғаш ұйымдастырғалы отырған «Тіл-Қазына оқулары» жоспары бекітіліп, шығармашылық басқармалардың ғылыми жұмыстары ұйымдастырылуының жәй-күйі қаралды. Айта кетейік, «Тіл-Қазына оқулары» мазмұнында мәтінге әдебиеттанушылық, тілтанушылық талдау жасаудың қазіргі бағыттардағы тәжірибесі көпшілікке ұсынылмақ. Шығармашылық басқармаларының ғылыми әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында түрлі идеялар ортаға салынып, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, ірі компаниялармен байланыстар орнату мәселесіне назар аударылды.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ2022 жылдың 31 мамыр-3 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Заманауи оқытушының цифрлы трансформация кезеңіндегі тілді үйрету шеберлігі» атты республикалық онлайн-семинар ұйымдастырады.
-
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ӨТЕТІН «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫАкцияның мақсаты «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясын (одан әрі – Акция) өткізу мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру.
-
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді өзге ұлт жастарын ынталандыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауы өткізіледі.
-
АКАДЕМИКТІ АСҚАРАЛЫ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ2022 жылғы 25 мамыр күні Тіл саясаты Комитетінің төрағасы Әділбек Қаба мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Ербол Тілешов ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ жаратылыстану ғылымы Ұлттық Академиясының вице-президенті, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің кавалері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Кәрімбек Құрманәлиевті қабылдап, асқаралы 60 жасына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құттықтауын табыс етті. Кәрімбек Арыстанбекұлы мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату жолында еңбек етумен бірге, еліміздегі білім, ғылым саласына айрықша үлес қосып келеді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өзіне тән батыл пікірімен елімізге танымал болды.
-
ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ (Аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына байланысты салтанаттағы сөз)Ол – кескекті кезеңде келелі істер тындырған кемел ер. Кемеңгер. ...Ұлттық төл элита əлі қалыптасып үлгермеген еді. Оқығандар шашыранды жұрттан шыққандықтан бас қосып, күш біріктіруге құлықты емес еді. Мұндай жағдайда əлгіндей тəуекелге бел байламақ түгілі, ол жайында ойланудың өзі ақылға сыймас батылдық еді. Соған айдаладағы ауыл мұғалімінің қалай жүрегі тұрғанына қанша таңғалсаң да көптік етпейді. Бұл жағынан келгенде, Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға. Бəлкім, біреулерге бұл орынсыз тамсану боп көрінер. Оған дейін де бұл далада Фараби, Иасауи, Қорқыт, Асан қайғы, Ыбырай, Шоқан, Абайлар да өтті ғой десер. Ол рас. Бірақ, Ахмет Байтұрсынұлы оларға ұқсайды да, ұқсамайды да.
-
ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДАБұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, бекітілген кестеге сәйкес, қазақ тілін үйретуге және насихаттауға арналған ІТ жобалармен таныстыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Бұл жолғы дәріс Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде өтті.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ЖƏНЕ ƏДЕБИЕТ САЛАСЫНДАБар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы мəдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз беріле қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасы тек сол мақсаттан тапқан жан. Ахаң – күрделі тұлға, зерделі ғалым. Шындығында да, Ахаң өзінің бүкіл саналы өмірін сарып еткен қазаққа өзі білген нəрсесін ұтымды жеткізуден жалықпады. Сол үшін жанын сала тер төкті. Сондықтан да болар, оның еңбегінің өнімді жағы ағарту алқабында. Осыған дейін ел ішінде оқу-ағарту ісіне дəл Ахмет Байтұрсынұлындай еңбек сіңірген ешкім жоқ. Жаңа қазақ алфавитін жасауы іс жүзіндегі ішкі жəне сыртқы жаулармен күресінің көрінісі болатын, біздің тіліміздегі барлық дыбыстарды сақтай отырып, дыбыс үндестігінің заңдылығы бойынша жаңа əріптер белгілеп, ана тіліміздің синтаксисі мен этимологиясын жасап шықты.
-
АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫНМЕН БАЙЛАНЫС2022 жылы 20 мамыр күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы мен «Отандастар» қорының Моңғолиядағы өкілі Қабсаттар Омарұлын қабылдады. Алыстағы ағайынның ыстық сәлемін арқалай келген ағамыздың өзі айтқандай, қара шаңырақ Қазақстандағы сапар сол жақта тұрып жатқан қандастарымыздың біраз мәселесіне арналған екен. «Көші-қон мәселесі, жұмыс жәйі туралы Елордадағы тиісті құзырлы мекемелерде болдым. Бәрі жылы қабылдап, қолдарынан келгенше жәрдем жасап жатыр. Десе де, ана тіліміздің мәселесі бәрінен биік тұрады. Әрине, бір қарағанда, бірыңғай қандастар тұратын жерде ана тіліміздің күнделікті тұрмыста қолданылуы жағынан кедергі де, кемдік те жоқ секілді болып көрінуі мүмкін.
-
Сүйікті кейіпкерлеріңіз енді қазақ тіліндеNickelodeon HD – балалар мен жасөспірімдерге арналған бүкіл әлемге танымал телеарнаны енді қазақ тілінде көре аласыздар. Күллі жер бетіне танымал «Спанч Боб шаршы шалбар», «Құтқарушы күшіктер», «Қауіпті Генри», «Тынымсыз балақайлар», «Сэм мен Кэт» және басқа да ең танымал анимациялық сериалдарды тамашалаңыздар.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 50-ГЕ ТОЛДЫОсы өткен қаңтардың 28-і Ахмет Байтұрсынұлының жасы елуге толды. Халыққа өзінше қызмет қылған адам кəміл тоқтайтын кісілік жасына жеткенде сол кісінің халыққа істеген қызметтерінің қандай екенін бастан-аяқ баяндап отыру əр үлгілі халықтың əдеті. Ахмет Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі, оқығандардың арасынан өз заманында патшаның арам құлықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. ...Қазақ халқын байға, кедейге бөлмей намысын бірдей жыртты, арын бірге жоқтады. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді.
-
ТІЛ ҚАЙРАТКЕРІН АРДАҚТАДЫ2022 жылғы 19 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласындағы А.Байтұрcынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінде елімізге танымал тұлғалар мен білім беру ошағының ұжымы Қайрат Мамаділдің өмірі мен шығармашылығына және аудиториясының ашылу салтанатына арналған «Дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Қайрат Асылбекұлы Мамаділ 1962 жылдың 18 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Үшбұлақ ауылының тумасы. Жалынды жігіт 1983 жылы Қарулы Күштер қатарында азаматтық борышын өтеп оралған соң, екі жыл Алматы үй құрылысы комбинатында құрылысшы болып жұмыс істеді. Талапты да талантты жас 1985-1990 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің филология факультетінде белгілі әдебиет сыншысы, академик Серік Қирабаев, профессор, жазушы-ғалым Нығмет Ғабдуллин және Асхат Әбілқаев, Фатима Мұсабекова, Ғабдолла Қалиев, Немат Келімбетов, Серік Мақпырұлы, Мереке Жаманов, Секерхан Хасанова, Тұрсын Сыдықов т.б. жоғары білікті ғалым-ұстаздардан дәріс алып, үздік бітіріп шығады.
-
ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлерін тіл майданының жауынгерлері десе болады. Күнделікті атқарып жатқан қызметі өз алдына, басшыдан бастап қатардағы мамандарға дейін қайраткерлік танытып, ана тіліміздің айбынын, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату жолында ел көлеміндегі әртүрлі шараларға ат ізін суытпай қатысып жүреді. Соның ішіндегі ең сүбелісі – тілші ағайындармен әрқашан қоян-қолтық араласып, БАҚ пен интернет-ресурстарда тіл төңірегіндегі әртүрлі мәселе бойынша кәсіби маман ретінде пікір білдіру. Орталықтың Әдістеме басқармасының басшысы, жас ғалым Жазира Мақсұтқызы қатысқан Қазақ радиосындағы «Өзге тілдің бәрін біл...» деген тақырыптағы хабар – сондай келелі кеңес, сындарлы сұқбат құрған кездесудің бірі. Жүргізуші-редактор Ертас Жақыпбаймен арадағы диалогқа сәл құлақ түрсек:
-
ІТ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫБүгінгі күні тіл үйрену және оқыту үрдісінде заманауи IT-технологияларды қолдану олардың сапасын арттыруға және тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Міне бес жылдың жүзі болды, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы осы бағытта қарқынды жұмыс жасап келеді. Бұл жолы Орталықтың Ақпараттық технология басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұжымына ІТ жобалар туралы дәріс оқыды. «Инновацияның өмірдің қатал шындығына, қоғам сұранысына қарай аса қажеттілікке айналғаны ақиқат. Соның ішінде мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу – ең өзекті мәселелердің бірі. Осы бағытта біз бірқатар ІТ жоба дайындап, іске қостық. Нәтижелі жұмыс жүріп жатыр.