Көп оқылғандар
-
Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы жапон ғалымдарына табысталдыТокио қаласындағы Жапон тілі мен лингвистикасы ұлттық институтында (NINJAL) өткен ғылыми кездесуде орталығымыздың бас директоры Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай Ахмет Байтұрсынұлының «Таңдамалы шығармалар» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасын институт өкілдеріне сыйға тартты.
-
«Тіл-Қазына» орталығының ғалым хатшысы Жапонияда баяндама жасадыЖапонияның Фукуока қаласындағы Kyushu университетінде өтіп жатқан ICLL 2025 – 9-шы Халықаралық лингвистика және әдебиет конференциясының панельдік сессиясында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Дана Жаңабекқызы Оспанова «QazEmoling: Эмоциялар тілі – корпус лингвистикасы арқылы қазақ тіліндегі эмоциялық құрылымдарды зерделеу» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
-
«Тіл‑Қазына» орталығының мамандары ICLL 2025 – 9‑шы Халықаралық Лингвистика және Әдебиет Конференциясына қатысуда2025 жылғы 15–17 шілде аралығында Жапонияның Фүкүока қаласында өтіп жатқан ICLL 2025 – 9‑шы Халықаралық Лингвистика және Әдебиет Конференциясына орталығымыздың Бас директоры Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай, атқарушы директоры Лиза Қожаққызы Есбосын және ғалым хатшысы Дана Жаңабекқызы Оспанова қатысуда.
-
«Тіл‑Қазына» ұлттық ғылыми‑практикалық орталығының ғылыми кеңесінің отырысы өттіШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл‑Қазына» ұлттық ғылыми‑практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабайдың жетекшілігімен орталықтың ғылыми кеңесінің отырысы өтті. Жиында орталықтың қызметін жетілдіру, ғылыми бағыттарды нығайту мәселелері жан‑жақты талқыланды.
-
«Ана тілі» республикалық олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды2025 жылғы 21 мамыр күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет ұйымдастырылған «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Олимпиаданы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры бірлесіп жүзеге асырды.
-
«Лексика-грамматикалық минимумды қолдану жолдары» атты республикалық онлайн-семинар өтті2025 жылғы 14–16 мамыр аралығында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Лексика-грамматикалық минимумды қолдану жолдары» атты республикалық онлайн-семинар өтті.
-
Нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің бірыңғай сөздігін әзірлеу бойынша республикалық семинар өтті2025 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын терминдер мен сөз тіркестерінің бірыңғай сөздігін әзірлеу бойынша республикалық семинар өткізді.
-
ТІЛ САЯСАТЫ КОМИТЕТІ 100 РЕСМИ САЙТ МОНИТОРИНГІН ЖҮРГІЗЕДІҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ресми интернет-ресурстарында тілдік заңнаманың сақталуына мониторинг жүргізу бойынша республикалық онлайн/офлайн семинарын өткізді.
-
«ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНА МАҚАЛАЛАР ҚАБЫЛДАНАДЫ«Тіл және қоғам» альманағын БҒСБК (КОКСОН) тізіміндегі ғылыми журнал ретінде және қазақ, орыс, ағылшын тілінде шығару міндеті қойылды. Осыған орай альманах ендігі жерде халықаралық ғылыми журнал болып өзгерді. Осы өзгеріске байланысты журналдың тілі, таралу аумағы, тақырыптық бағыты, шығару мерзімі өзгеретіндіктен 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII «Масс-медиа» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабы, 5 тармақшасына сәйкес ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Тіл саясаты комитетінің «Тіл және қоғам» журналы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінен қайта тіркеуден өтіп, мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды қайта есепке қою туралы №KZ68VPY00111810 куәлігін алды.