Көп оқылғандар
-
Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қырыКеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.
-
Қазақстан халқы латын графикасы негізінде диктант жаздыҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында 2018 жылғы 14 қараша сағат 11.00-де (Астана уақыты бойынша) республика бойынша латын графикасы негізіндегі «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті.
-
Текті сөздің төресі – термеБүгін Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми–практикалық орталығының ұйыдастыруымен «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.
-
Онлайн семинар өтедіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 16 қарашада «Бастапқы деңгей: тіл үйрету мен лексикалық минимумды анықтау әдістемесі» тақырыбында республикалық онлайн семинар өткізеді.
-
Түркі әлемі Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін құптап отырҚазақстанның латын әліпбиіне өтуі туралы шешімі – тарихи маңызға ие. Өйткені, Қазақ елі – бүгінде Түркі дүниесіндегі көшбасшы мемлекеттердің бірі. Оның әрбір қадамы күллі Түркі әлеміне әсер етеді. Түрік ғалымдарының ортақ пікірі осындай. Олардың айтуынша, бұл жағдай қазақ тілінің дамуына және әлем тілдерінің қатарына қосылуына үлкен үлес қосады.
-
Ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластары өтедіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластарын өткізеді.
-
Ұлттық ономастика мәселелеріҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» 25 қазан күні Павлодар қаласында «Ұлттық ономастика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
-
Алматыда жаңа емле ережелерге байланысты республикалық семинар-кеңесі өтедіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 26 қазанда «Жаңа емле ережелерін меңгерту: әдіснамасы мен әдістемесі» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізеді.
-
Қазақ әдебиетінің жинақтары қытай, араб тілдерінде жарық көреді22 қазанда Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссия мен «Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасына қатысуға ниет білдірген Қытай Халық Республикасының «Ұлттар баспасы», сондай-ақ Египет Араб Республикасының Мәдениет және білім орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-
Орфографияның орны бөлекҚазақ тілінің келелі мәселесінің ішінде орфография, демек, сөзді дұрыс қолданып, дұрыс жазу ережелерінің жинағы бәрінен де маңыздырақ. Қай тілде болса да емле түзелмей, іс өрге баспайтыны жиі еске алынуда. Ана тілімізді орамды да икемді ететін орфографиядағы оңтайлы емле ережелері жазу мәдениетімізді дамыта түсудің айқын күштері болумен қатар, тіліміздің кең қанат жаюына да әсер етіп, мемлекеттік тілді үйренерлік қажеттілікті тудыруда маңызды рөл атқармақ.
-
Үздік эскиз идеясына республикалық конкурс жарияланадыҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары бойынша көрнекі ақпарат өнімдерінің (билборд, лайтбокс, баннерлер және т.б.) үздік эскизіне шығармашылық байқау жариялайды.
-
ҚАЗАҚТІЛДІ ӘЛЕУЖЕЛІ МЕН ЖЕЛІМЕНДЕР: САНДЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫҚ ТІЛТАНЫМДЫҚ ТАЛДАУ (лексикалық жаңартпалар бойынша)Жаһандану, ақпараттық технологиялардың дамуы, интернеттің кеңінен таралып, жаппай қолданысқа енуі қоғам өмірінің барлық дерлік саласындағы әрекетті жеңілдетіп, адамзаттың коммуникациядағы қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп жатыр. IT-жетістіктер күнделікті тіршілігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі жаһандану заманында ақпараттық технологияны пайдаланып, дүниежүзімен бір байланыс ортасында болу үйреншікті нәрсеге айналғанымен, осындай нәтижелер әлемиеттік IT-коммуникацияны жасау бағытындағы күрделі де қызықты жұмыстардың жемісі. Солардың бірі – өнімді нарыққа бейімдеу.
-
«Тілдарын» байқауының жеңімпаздары анықталдыҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырған шара өз деңгейінде өтті.