Көп оқылғандар
-
ҚОС КҮНДІК ШАРА ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ АРНАЛДЫҒылым күніне орай, 28-29 наурыз күндері Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен SDU University бірлесіп «Қазақ тілін технологиялар арқылы оқыту мәселелері: теориядан тәжірибеге дейін» атты республикалық онлайн-семинар ұйымдастырды.
-
Қазақ тіліндегі бірегей құрал – экран дикторы жобасының таныстырылымы өттіАстана қаласында көру қабілеті нашар жандарға арналған экран дикторы жобасының таныстырылымы өтті. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген инновациялық жоба қазақ тілінде сөйлейтін, ана тілінде ақпарат алғысы келетін пайдаланушылар үшін айрықша маңызды.
-
Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдар дайындау конкурсыМемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін қалыптастыру, шетелдік азаматтар тарапынан сұраныстың артуына байланысты қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құралдарының электронды және баспадан шығару жұмыстарын ұйымдастыру, сұранысқа ие бағыттар бойынша жұмыс дәптерлері мен мәтіндер жинағын, әдістемелік жинақтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу бүгінде өзекті.
-
МИНИСТРДІҢ БАС РЕДАКТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ20 ақпан күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бас редакторлар клубының мүшелерімен еркін форматта кездесу өткізді. Отандық ақпарат кеңістігіндегі белді бұқаралық ақпарат құралдарының тізгінін ұстап отырған журналистерге ғылым мен жаңа технологияға байланысты Қазақстанның ұстанып отырған басым бағыттары туралы кеңінен айтылды. Жаһандық лингвистикалық корпус, үлкен технологиялық форсайт, LLM – үлкен көлемді тіл моделіндегі үлесті күшейту, ғылымның коммерциализациясы, оның ішінде венчурлық инвестиция арқылы экономикалық дамуды қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі екенініне тоқталды.
-
ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ2024 жылғы 14 ақпанда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы аясында өткен «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың тиімді бағыттары» тақырыбында секция отырысына қатысты.
-
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУӨмірімізді гаджеттерсіз, әртүрлі әлеуметтік, экономикалық, коммуникациялық, тағы басқа салалық бағыттардағы сайттарсыз елестете алмайтын болдық. Кез келген мәселе бойынша көлемді ақпаратты осы сайттардан ала аламыз. Zero.kz статистикасына жүгінсек, республика көлемінде білім және ғылым, тауар және қызмет көрсету бағыттары бойынша бір мыңнан астам сайт тіркелген екен.
-
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ«Қазақ» газеті туралы сөз болғанда, біз алдымен ұлы Мұхтар Әуезовке жүгінеміз. «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын».
-
ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖОСПАРЛАНУДАБүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылып, соған сәйкес Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынбақ. Ғылым және жоғары білім министрі мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған қазақстандық делегация әлемдегі ең беделді университетіне ат басын тіреді.
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫ ОРТАЛЫҚҚА АРНАЙЫ КЕЛІП, ҰЙЫМ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫБас редакторлар клубының президенті, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай бастаған клуб мүшелері ғылыми-әдістемелік және мемлекеттік тілді цифрландыру бағытындағы ІТ өнімдер туралы ақпарат алды. Орталық басшысы Мақпал Жұмабай қонақтарға журналистердің күнделікті жұмысында қолдануға ыңғайлы тілдік жобалармен қатар, қазақша мәтінді дыбысқа айналдыратын және дыбысты мәтінге айналдыратын Telegram-бот жүйесі туралы толығырақ баяндап берді.