Көп оқылғандар
-
ТЕГІҢДІ ТҮЗЕУ – ТІЛІҢЕ ҚҰРМЕТӘріптесіміз, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Қожаққызы өзінің ата-тегін ана тіліміздің жазылу ерекшелігіне сай түзетті. Жалпы құжаттағы ата-тегін қазақшалау – тектіліктің белгісі. Мемлекет өз тарапынан заңдық-құқықтық негіз жасап берді. Қалған шаруа ел азаматтарының өзіне байланысты.
-
ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ2023 жылғы 15 наурыз күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы Ж.Искакова Астана қаласы әкімдігінің «астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білім алушылар арасында өткен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық олимпиадасына қатысты.
-
ТҰЖЫРЫМДАМА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНУДА2023 жылғы 14 наурыз күні Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама жобасын талқылау жөнінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының тілші ғалымдары, тіл жанашырларымен өткен кездесуге қатысып, Жоба туралы жан-жақты баяндады.
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ: ТАНЫМ МЕН ТҰЖЫРЫМНаурыз – жаңа күннің бастауы. Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағы. Сонымен бірге түркілік таным бойынша 12 жылдық мүшелдік цикл басталатын күн Наурыз мейрамына сәйкес келеді. Әлі күнге бұл дәстүрлі мереке елдің бір бөлігінде наурыздық Амалдың келуімен бірге мүшелдік жыл басы түрінде тойланып келеді.
-
ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ӨТТІ2023 жылғы 9 наурызда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Абай институты» бағдарламасы аясында шетелдегі қазақтарға арналып жарық көрген «Қазақ тілі» (В1-В2 деңгейлері) әмбебап оқулығының тұсаукесер рәсімін өткізді.
-
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» (В1-В2 деңгейлері) ӘМБЕБАП ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 09 наурызда онлайн режімде (ZOOM платформасында) Астана уақытымен сағат 15:00-де «Қазақ тілі» (В1-В2 деңгейлері) әмбебап оқулығының тұсаукесерін өткізеді.
-
ДАУЫСТЫ МӘТІНГЕ АЙНАЛДЫРАТЫН ТЕХНОЛОГИЯҚазір сан түрлі ақпараттан көз сүрінеді. Оның қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін ажырату да қиын. Әйтеуір солардың арасынан құмнан алтын сүзгендей жылт ете қалған жағымды жаңалыққа елең ете қаласың. Бір ай бұрын Nazarbayev University-індегі Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының ғалымдары (NU ISSAI) түркі тілдеріндегі сөйлемдерді танитын технология әзірлегенін жазып, оқырман қауымнан сүйінші сұраған едік. Бұл жолы ғылым ордасына арнайы барып, технологияны жасаған мамандармен тілдесуді жөн көрдік.
-
АЛАШТЫҢ АРДА ҰЛЫАхмет Байтұрсынұлы музей-үйі «Ахметтану» орталығында тарихи тұлға Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Алаштың арда ұлы – Темірбек Жүргенов» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының доценті, жүргеновтанушы ғалым Айгүл Садықова мен Г.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті, жүргеновтанушы ғалым Алмажан Өтеғалиева арнайы шақырылды. Жүздесуде музей қызметкерлері, Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей-мектептің мұғалімдері және оқушылар қатысты.
-
БҮГІН – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІБүгін – Алғыс айту күні. Жер-Ананың бусанар айының алғашқы күнімен ілесе келетін бұл мерекенің орны айрықша. Адамның ізгі ілтипатына құрылған Алғыс айту күні айналамызға мейіріммен қарап, бір сәт рахмет айтсақ, бойымыз жеңілденіп қалмай ма?! Ана тіліміздің жанашыры болып, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтату жолында үлес қосып жүрген барша жанашыр отандастарымызға, қандастарымызға Алғыс айтамыз!
-
СӨЗ КИЕСІН АСЫРҒАН КЕШТІ ТАМАШАЛАДЫ2023 жылғы 28 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов өзінің ерекше терең ізденістерімен қазақ әдебиетіне жаңа леп әкелген талантты ақын Светқали Нұржанның шығармашылық кешіне ұжым мүшелерін бастап барды.
-
МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДА ҚЫЗУ ЖҰМЫС БАСТАЛДЫШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Қазмедиа орталығының басқарушы компаниясы» ЖШС-нің өзара екіжақты меморандумға отырғанына бар болғаны екі аптаның жүзі ғана болды. Соған қарамастан екі тараптың мүддесіне орай жоспарланған жұмыстар қазірдің өзінде қызу басталып жатыр.
-
БЕЙБАРЫС АТЫ – АСТАНА КӨШЕСІНДЕ2023 жылғы 24 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, Астана қалалық ономастика комиссиясының мүшесі Е.Тілешов әлемге танымал қолбасшы, сұңғыла саясаткер Бейбарыс есімінің Астана қаласы көшесінің біріне берілуімен байланысты салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
-
АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ2023 жылғы 23 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Төкенқызы Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен «Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты ісі – ұлтқа тағылым» атты аймақтық конференция жұмысына онлайн режімде қатысып, баяндама жасады.
-
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНДЕГІ ЕМЛЕ, АУДАРМА ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР1912 жылдан Ахмет Байтұрсынұлының араб алфавитін негізге алып жасаған жаңа жазуы (ол «жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла бастады. Ұлы ағартушы араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасы ескі араб жазуының кемшіліктерінен адаланған әрі қазақ тілінің табиғатына жақын, барынша ғылыми негізде жасалған болатын.