Көп оқылғандар
-
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ МӘТІНДЕРІН ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУБіз Ахмет Байтұрсынұлын мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, алғашқы ұлттық әліпбидің және тұңғыш «Әліппенің» авторы, ағартушы ретінде кеңінен танимыз. Дегенмен А.Байтұрсынұлының оқулықтарын қарай отырып, ұлт ұстазының сауаттылықты тек қана жаза және оқи білу деп ойламағанын түсінеміз. Ғалым өз еңбектерінде қазақ баласының бастауыш сыныптан бастап-ақ ғылыми сауатын ашып, дүниетанымын кеңейту мақсатында қоршаған орта, жанды табиғат және табиғат құбылыстары туралы әртүрлі мәтіндер құрастырып, оқулығына енгізген.
-
ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы ұйымдастырған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы және қазіргі заман» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлт өркениеті» деген тақырыпта баяндама жасады.
-
ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ – ТІЛШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов 4 мамыр күні Түркістан облыстық теледидарының тікелей эфирдегі «ZOOM» деп аталатын кешкілік телебағдарламасына қатысты. Сұқбат тақырыбының атауы – «Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қазақ тілінің қадірі». Осының өзінен-ақ оқырман әңгіме өзегі қай бағытта болғанын аңғарады.
-
МИНИСТР АЛДЫНДА БАЯНДАДЫ2022 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларымен, жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары ректорларымен өткізген аппараттық кеңесінде Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған ІТ жобаларды пайдалану туралы» баяндама жасады.
-
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІЕл тәуелсіздігінің, ұлттың ұлттық болмысының ең маңызды көрсеткіші – тіл. Тіл мәртебесін көтеру үшін заңнамалық тұрғыдан мемлекеттік тілдің көсегесін көгертіп, мерейін үстем ететін тетіктер ерте ме, кеш пе шешімін табуға тиісті деген ойдамыз. Қазақ тілінде сөйлемеуіне сылтау іздейтін кейбір азаматтар жүйелі тіл үйрету әдістемесінің, мықты оқу құралдарының, әдістемелік өнімдердің жоқтығын әлі де болса алға тартып жүр. Осы орайда мұндай сылтауды қай елде тұрса, сол елдің мемлекеттік тілінде сөйлеудің азаматтық міндетке жататынын түсінгісі келмейтіндердің, Қазақстанда өмір сүріп, жұмыс істеуге ниетті болған соң, қазақ тіліндегі тілдік ортаға бейімделу керектігін білгісі келмейтіндердің сылтауы деп қабылдаған жөн. Олай дейтініміз, дәл қазіргі уақыттағы қоғамның орыстілді өкілдеріне тіл үйрету мәселесі әдістемелік тұрғыдан белгілі бір деңгейде жүйеге келген. Тіл үйрету құралдары да, әдістемелік өнімдері де, заман сұранысына орай сайттар да жұмыс істеп тұр. Оның үстіне жекелеген белсенді тіл жанашырларының тіл үйрету курстарын қосыңыз.
-
ТІЛ МЕН СӨЙТіліміздің тілегін қолға алғалы оңды-солымызды байқауға мұршамыз келместен, жүйесіз әрекетпен мәселенің мұхитында малтып келе жатқандаймыз. Қай мәселені де шешу үшін оның қатпарын сараптап бажайламайынша, қимылымыз қарабайырланып, әрекетіміз әлемтапырық күй кешпек, ал нәтижесі мандымастан бір орында таяқ қамшылаған баладай, өзімізді өзіміз алдаусыратып уақыттан жұрдай боларымыз хақ. Кез келген іске қажетті ғылыми кірісімнен ада боламыз. Қазырғы тіл майданындағы халымыз да сондай.
-
ӘРІПТЕСІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлыхан Нұроллақызы Айтова Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және білім саласына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Алғысымен марапатталды. Орталықтың Бас директоры Е.Тілешов марапатты ұжым алдында табыстап, Нұрлыхан Нұроллақызының еңбегіне зор табыс тіледі. Әріптесіміздің ана тіліміздің абыройын асқақтату жолындағы ерен еңбегі дүйім жұрттың көз алдында. Тіл мәселесіне талмай қалам тербеп, алқалаған әлеумет алдына ой-пікірін ашық ұсынып келеді. Қандай істі қолға алса да, құлшына кірісіп атқаруының астарынан іңкәрлық айқын аңғарылады. Байқағанға, осының бәрінің түп қазығы – ұлтын сүйген, халқын қадір тұтқан ақын жүрегінде жатқан секілді. Марапатыңыз құтты болсын!
-
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!«Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Біз жас ұрпақты нағыз отаншыл азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Әсіресе, азаматтарды кемсітуге, олардың ары мен намысын таптауға болмайды Елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің жалпыазаматтық құндылықтарды құрметтеуі және өздерін Қазақстанмен байланыстыруы аса маңызды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы біздің үлкен жетістігіміз. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті
-
БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ЖЕТТІҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Үздік подкаст» республикалық онлайн байқауы өз мәресіне жетті. Подкаст – ағылшын тілінен аударғанда Pod (Apple портативті ойнатқышы) және broadcasting (хабар тарату) деген екі сөзінен тұрады, яғни кез келген адам жасаған аудио немесе бейне жазбаларды Веб 2.0 қызметінде көруге немесе тыңдауға болатын әлемдік желі.
-
ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ «АНА ТІЛІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫБүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өткен жиында мемлекеттік тілді одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру мәселелері маңызды. Тіл дамыту мәселесінің Білім және ғылым министрлігіне көшірілгелі бір жылдай уақыт болды. Осы уақыт ішінде қандай ауқымды проблемалар барына көзіміз жетті. Сондай-ақ үлкен жұмыс жүріп жатқанын да көріп отырмыз. Бірақ біреуі «бәрі ақ, таза» десе, кейбіреулері «бәрі жаман» деген пікірде. Шын мәнінде, проблемалар бар. Алайда істеліп жатқан жұмыс та аз емес, - деді министр Асхат Аймағамбетов.
-
БАУЛУ МЕКТЕБІМектептерге «баулу» деп ат қойылғаны 7-8 жыл болды. Сонан бері тек болмаса, ісі баулу түрге айналған мектептер əлі аз. Көбінің-ақ аты «баулуға» айналғанмен, ісі бұрынғыша жүріп жатыр. Себебі оқытушылардың көбі баулу мектебінің атына қанық болғанмен, затына қанық емес; затына қанықтардың да көбі түсіне жетік болғанмен, ісіне жетік емес. Сондықтан «баулу мектептің» атын да, затын да жақсы білетіндердің көбі де «баулу» ісін жөндеп жүргізіп, дұрыстап алып кете қойған жоқ...
-
КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ2022 жылғы 26 сәуірде Тіл саясаты Комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі №367 қаулысына ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы №54-р қаулысымен енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының жаңадан қосылған мүшелерімен ұйымдастыру семинарын өткізді.
-
БІЛІМ ЖАРЫСЫБілімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер. Оларға бәйге тігіп, жарысатындар бай адамдар иа обшестуалар. Бәйге тігу, жарыс істеу біздің қазақта да бар. Қазақта бай адамдар иа қуаныш нәрсеге той істеп, ат шаптырады, иа өлген адамына ас беріп, ат шаптырады. Байлығына қарай, адамдығына қарай ас пен тойдың үлкен де, кішісі де болады. Зорлығы бәйгеге тіккен малынан гөрі, шақырған елдердің санынан, сойылған малынан байқалады... Білімді жұрттардың білім жарысына келсек, оның мағынасы да, көздеген мақсаты да басқа. Ол бірнеше ұлыс ел жиылып, бір-екі күн дуылдап, ет жеп, қымыз ішіп кету үшін ғана жасалмайды, бүтін ұлт иа дүниадағы бүтін жұрт үшін һәм көпке қаларлық іс үшін істеледі.
-
ҚАЙНАҒАН ЖҰМЫС КҮНІНЕН БІР ҮЗІККей-кейде жанымызда жүрген мамандардың қайнаған қызу тірлігіне назар аудара бермейміз. Міндетті жұмысына санап, салғырттық танытатын да шығармыз. Бірақ, ұлт мүддесі жолындағы қайраткерлік қызмет қашанда бағалауға лайық. Бұл жолы Орталық ғалымдарының қайнаған жұмыс күнінен бір үзік жариялауға тырыстық. 22 сәуір күнгі әртүрлі оқиғалардан оймақтай ой құрап жариялаудағы мақсатымыз тіл майданында жүрген әріптестеріміздің ел өміріндегі әртүрлі шараларға уақыт тауып белсене атсалысып жүргенін көрсету еді.
-
ҚҰРМЕТТЕП ШАПАН ЖАПТЫАрдақты әріптесіміз, ұзақ жылдар Орталықтың Баспа басқармасын басқарған Әлім СӘДУАҚАСҰЛЫ жақында құрметті еңбек демалысына шығып, Орталықтың Бас директоры Ербол Тілешов ата-бабамыздың ежелгі салтымен иығына шапан жапты. Әлбетте, өзі жақсы адамның артында қашанда жылы сөз қалады, жарқырап із қалады. Күліп қоштасқан – күліп кездесуге жақсы, қимастық сезім қоса жүретіні жасырын емес. Шығарып салу кезіндегі тілек білдіргендердің жүрек тебіренісіне толы шынайы лебізі сол райда шығып жатты.
-
РЕСМИ САЙТТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛЕДІ2022 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясында республикалық семинар өтті.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК МҰРАТСөздің әсері деген керемет. Сөз дегеніміз – рухани қару. Бұл жөнінде халқымыз: «жылататын да, жұбататын да – сөз», - дейді. Тілдің, сөздің қуат-күші туралы айтылған ой-пікір қаншама! Халық даналығынан бастап, ел билеген көсемдердің, көрнекті қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, сөзді кие тұтқан ақындар мен жазушылардың аталы сөздерінің қай-қайсысында болмасын, тілдің маңызы мен рөлі, сөз өнері туралы ой қозғалған. Сөз – киелі, сөзде энергия, күш, құдырет бар. Сөз заттанады. Содан да болар, қазақ «жақсы сөз – жарым ырыс» деп, сөздің күшіне, сөздің құдыретіне сенген. Сөз заттанбаса, қазақтың батасы қайдан шықты, қарғыс мәнді сөздері қайдан шықты? Сөздің осындай құдыреті нақыл сөздерде де сақталғанын айта кету керек.