Көп оқылғандар
-
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН!«Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Біз көпэтностық сипатымызды артықшылығымызға айналдыра алғанымыз анық». Қ.ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.,
-
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ «НАУРЫЗ» ТУРАЛЫ...Наурыз мерекесінің тарихи дәуірлерде, дәстүрлі қазақ қоғамында алатын орнын айғақтайтын маңызды жазба деректер қатарын Алаш қайраткерлерінің жазбалары қамтиды. Парсы күнтізбесінде «наурыз» ай аты емес, жылдың басы фарвардин айының 1-ші күні, жаңа күннің аты, яғни қазақтар бұл күнді «Ұлыстың (жылдың) Ұлы күні» дейді. Наурыз мерекесі ерте заманнан түркі дүниесіне ортақ мұраға айналғанымен, әр халық бұл мерекені өзінің дәстүрлі әдет-ғұрыптарына, дәстүрлі тұрмыстарына, дәстүрлі шаруашылықтарына сай бейімдеген. Қазақ халқының да Наурыз мерекесін өзінің дәтүрлі шаруашылығына сай қалыптастырғанын бізге келіп жеткен жазба деректер, ауызша деректер мен ғұрыптар дәлелдейді.
-
ТЕГІМІЗДІ ҚАЛАЙ ЖАЗҒАН ЖӨН?Тегімізді орыс тілінің -ов, -ев, -ин қосымшаларынсыз жазу азаматтар тарапынан кей жағдайда қолайсыздық тудыратыны жайлы баспасөзде, әлеуметтік желілерде, түрлі басқосуларда толастар емес, соңғы кездері жиірек сөз болып келеді. Күн тәртібінен түспей келе жатқан бұл мәселе төл жазуымыздың латын графикасына көшетін тұста көкейтестілігі арта түспек. Осы мәселеге қатысты маман ретінде өз тұжырымымызды айтпақпыз.
-
ЖАҢА ӘЛІПБИДІ ҮЙРЕТУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛУЫ ТИІСҚазіргі қоғамдағы ақпараттық кеңістікке балаларды бейімдеу үшін олардың логикалық және ақпараттық қабілеттерін дамыту қажет. Сондай жаңа ақпараттың бірі әрі бірегейі – бүкіл қазақ қоғамы талқылып жатқан жаңа латын әліпбиі. XХI ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазірге кезде кішкентай бүлдіршіндеріміз өз ана тілін ғана меңгеріп қана қоймайды, қоса ағылшын тілін де үйреніп жатыр. Сондықтан ағылшын тіліндегі әріптер мен жаңа әліпбидегі әріптер ұқсас болғандықтан оларды үйрену қиын болмас.
-
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: МІНДЕТТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕРЕлімізде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары 2017 жылдан басталғанын жақсы білеміз. Осы уақыттан бері бірқатар жұмыстар атқарылды. Олар ғылыми, әдістемелік және насихаттау жұмыстары. 2019 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма бергеннен кейін Үкімет жанынан құрылған Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобының ғалымдары әліпбиді жетілдіруге байланысты жұмыстар атқарды. Бұл ғылыми топ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарынан тұрады. Орфографиялық жұмыс тобының бірнеше отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа техникалық топтың ІТ мамандары, сондай-ақ терминологиялық, әдістемелік жұмыс тобының мүшелері де шақырылып, әліпбидегі өзгерістер жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде бұл әліпбиді Орфографиялық жұмыс тобының 95% қолдады.
-
ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ – МАМАНДАР ТАЛҚЫЛАУЫНАН ӨТКЕН НҰСҚАОсы жылғы қаңтар айының соңында Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ұлттық комиссия отырысында жетілдірілген жаңа әліпби жобасымен бірге «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелерінің» соңғы нұсқасы бірауыздан қабылданды және мақұлданды. Емле ережелерінің құрылымы мен мазмұны қандай болуы керек деген сұрақ туындауы да мүмкін. Алдымен айтарымыз – Емле ережелері – аса маңызды нормативті құжат, оның құрылымы заңнамалық актілер жасауға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс, әрі емле ережелерінің құрылымына қатысты әлемдік тәжірибеде қалыпты нысандар бар.
-
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АЯУЛЫ ӘРІПТЕСТЕР!«Аяулы аруларымыздың жетістіктері – бүкіл халықтың мерейі. Бүгінде еліміздің қыз-келіншектері түрлі салада қызмет етіп, табысқа жетуде. Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. ХХІ ғасырда әйел, бір жағынан, сұлулық пен ізгіліктің бейнесі болса, екінші жағынан, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, аруларымызға тән ғажайып үйлесім, айрықша ұмтылыс, әр іске деген шығармашылық көзқарас, еңбекқорлық пен жауапкершілік – ұлтымыздың жаңа болмысын нығайтатын қасиеттер». Қ.ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.
-
ПЕРНЕТАҚТАНЫҢ ЕКІ НҰСҚАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫБүгінгі таңда қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру қарсаңында қазақ ұлттық әліпбиін бекіту мен емлесін жазу сияқты басты шаралармен бірге, ұлттық пернетақта жасау да маңызды мәселе болып отыр. Өйткені қазіргі заман – ақпараттық технология заманы, яғни мәтінді компьютерде теру арқылы жазу әрекеті басым бағыт алып отыр. Осы ретте қазақ ұлттық пернетақтасын жасау бойынша елімізде, арнайы мемлекеттік ұйымдарда, ғылыми орталықтарда талқылау жұмысы қызу жүргізілуде. Соның бірі – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ғылыми-практикалық орталығында өткен жиын (14 желтоқсандағы орфографиялық, әдістемелік, ақпараттық топ мүшелерінің кеңейтілген отырысы).
-
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: ҮЙРЕНУШІНІҢ КӨЗҚАРАСЫ»2021 жылғы 26 ақпан күні Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы осы аттас онлайн ойталқы ұйымдастырды. Еліміз бойынша азаматтар қазақ тілін А1 деңгейінен С1 деңгейіне дейін тегін үйренеді. Мемлекеттік қызметшілер жыл сайын бір деңгейден екінші деңгейге өту үшін ҚазТЕСТ жүйесі арқылы арнайы тестілеуден өтеді. Бұл тіл үйренушілер үшін үлкен жетістік болса, оқытушылар еңбегінің де жақсы көрсеткіші болып табылады.
-
КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ!Енді қазақша жазып емес, сөйлеп отырып-ақ сол сөзіміздің кез келген тілдегі аудармасын біле аламыз, тыңдай аламыз. Яғни қазақтың сөздері дыбысты тану функциясына қосылды деген сөз. Әзірше тек қана translate.google.com мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Және iOS-қа арналған нұсқасы.
-
C, X, W ТАҢБАЛАРЫ ТУРАЛЫ«C, X, W таңбалары цитаталық принциппен жазылатын шеттілдік сөздерде қолданылады». Неліктен осы C, X, W таңбалары жаңа әліпби нұсқасында айрықшаланып берілді? Оның негізгі себептерінің бірін шеттен енетін түрлі марка, бренд атауларының әліпби ауыстыру туралы әңгіме қозғалмастан бұрын шеттілдік нұсқасымен өзгеріссіз жазыла бастағанынан іздестіру керек. Осындай шыққан тілінің түрі мен қалпы сақталатын, өзгенріссіз алынатын шеттілдік сөздер БАҚ-та, визуалды ақпарат құралы саналатын теледидарда, әдеби-көркем журналдарда, тіпті аударма әдебиет пен оқулықтарда, көшедегі жарнамаларда, маңдайшаларда да кездеседі.