Көп оқылғандар
-
ЖАҢА САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ«Терминологиялық хабаршының» 2020 жылғы №2 (59) саны жарық көрді. Бюллетень Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясының 2020 жылғы 17 маусымдағы №1 шешіміне қосымшасы бойынша бекітілген салалық терминдермен ашылады. Тілге жатық, ұғымға жеңіл төл сөздеріміз көзге оттай басылады. Мәселен шахматтағы «ферзъ» – «уәзір» болып қабылданған. Назарбаев университеті әлеуметтік және гуманитарлық мектебінің қауымдастырылған профессоры Сарқыт Әлісжанның «Ғылым тілін дамытудағы халықаралық және төл терминдеріміздің ара салмағы» деген мақаласы өзекті мәселелерді қозғайды.
-
ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ ТІЛІНІҢ ХАЛІ НЕШІК?2020 жылғы 12 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба «БАҚ-тағы сөз мәдениеті» деген тақырыпта онлайн кездесу өткізді. Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстардың жетекшілері, сала ардагерлері, белгілі журналистер мен блогерлер, тіл жанашырлары, сонымен қатар А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бір топ ғалымдары қатысты.
-
ШЫҢҒЫСТАЙДАҒЫ ШЕКАРАШЫЛАРҒА КІТАП СЫЙЛАДЫАдамзаттың ұлы ойшылдарынан мынадай қанатты сөз қалған: «Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты». Мәшһүр Жүсіп Көпеев бір қап кітабын жоғалтып алғанына өле-өлгенше өкініпті. Тіпті жазу атаулының бәрі сандық форматқа көшіп, іздегенін электронды нұсқада көзді ашып-жұмғанша тауып ала қоятын бүгінгі күні де кітап іздеп жүрген ағайын аз емес.
-
ӘЛІПБИ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өткізді Жиында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, лингвист-ғалымдар мен сарапшылардың қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстарының нәтижесі бойынша баяндама жасады.
-
ОҚЫРМАН ҚУАНЫШЫНА ОРТАҚПЫЗ!Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті құрылтайшы болып табылатын «Тіл және қоғам» альманахының биылғы жылғы кезекті №2 (52) саны жарық көрді. Журнал Комитет төрағасы Әділбек Қабаның «Мемлекеттік тілге қажеттілік туғызудың екі жолы бар...» деген кіріспе сөзімен ашылған.
-
ЖАРНАМА ТІЛІ – ҚОҒАМ ТӘРБИЕСІҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 4 қарашада «Жарнама тіліндегі терминдер қолданысы» тақырыбында республикалық әдістемелік онлайн семинар ұйымдастырды.
-
Мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша іс-шара өттіҚазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен, «Лұғат» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3 қараша күні Алматы қаласынада мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша бүгінге дейін ұйымдастырылған іс-шаралардың қорытындысы өтті.
-
ҮШ КҮНДІК КУРС АЯҚТАЛДЫҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 30 қазан күні онлайн режімде үш күнге созылған «Қазақ тілін үйрету: халықаралық және қазақстандық тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын аяқтады.
-
ЖАРНАМА ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНДЕР ТУРАЛЫҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 4 қарашада «Жарнама тіліндегі терминдер қолданысы» тақырыбында республикалық әдістемелік онлайн семинар өтеді.
-
ОҚУ БАСТАЛЫП КЕТТІҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 28 қазанда онлайн режімде «Қазақ тілін үйрету: әлемдік және халықаралық тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын бастады.
-
2 МИЛЛИОНДЫҚ АУДИТОРИЯСЫ БАР STAN.KZ-ТІҢ «ДИКТАНТ» ЖОБАСЫЖОБАНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: қазақ тілін сүйетін, қазақша қатесіз жазып үйренгісі келетін әрі қатесіз жазатынына көзін жеткізі келетін жандар үшін ұйымдастырылатын ағартушылық акциясы. Оған кез келген адам ұлтына, біліміне, саяси көзқарасына, кәсібіне, отбасылық жағдайына, діни сеніміне қарамастан қатыса алады.
-
«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 28-30 қазан күндері онлайн режімде «Қазақ тілін үйрету: халықаралық және қазақстандық тәжірибе» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізеді.
-
«АБАЙ ИНСТИТУТЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫМемлекет басшысы ұлы Абайдың 175 жылдығын жоғары деңгейде мерекелеу туралы арнайы Жарлыққа өткен жылдың мамыр айында қол қойды. Бұл халқымыздың тарихи жады мен рухани өміріне соны серпіліс әкелген тарихи оқиға еді. Тіпті төрткүл дүниені дүрліктіріп, жаһанды тұтас жайлаған пандемия да еш бөгет бола алмады. Жедел дамыған ақпараттық технология арқылы сәт сайын саналы көрермені, сағынған тыңдаушысымен жылы қауышып жатыр.
-
СҰХБАТ АЛАҢЫНДА БАС ҚОСТЫҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 21 қазанда «Әлем тілдері әліпбиіндегі диакритикалық таңбалар» тақырыбында онлайн режимде халықаралық сұхбат алаңын ұйымдастырды.
-
СҰҚБАТ АЛАҢЫНДА – «ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ӘЛІПБИІНДЕГІ ДИАКРИТИКАЛЫҚ ТАҢБАЛАР»Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 21 қазанда «Әлем тілдері әліпбиіндегі диакритикалық таңбалар» тақырыбында онлайн режимде сұхбат алаңын ұйымдастырады.