Көп оқылғандар
-
ҚОС КҮНДІК ШАРА ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ АРНАЛДЫҒылым күніне орай, 28-29 наурыз күндері Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен SDU University бірлесіп «Қазақ тілін технологиялар арқылы оқыту мәселелері: теориядан тәжірибеге дейін» атты республикалық онлайн-семинар ұйымдастырды.
-
Қазақ тіліндегі бірегей құрал – экран дикторы жобасының таныстырылымы өттіАстана қаласында көру қабілеті нашар жандарға арналған экран дикторы жобасының таныстырылымы өтті. Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген инновациялық жоба қазақ тілінде сөйлейтін, ана тілінде ақпарат алғысы келетін пайдаланушылар үшін айрықша маңызды.
-
Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдар дайындау конкурсыМемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін қалыптастыру, шетелдік азаматтар тарапынан сұраныстың артуына байланысты қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құралдарының электронды және баспадан шығару жұмыстарын ұйымдастыру, сұранысқа ие бағыттар бойынша жұмыс дәптерлері мен мәтіндер жинағын, әдістемелік жинақтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу бүгінде өзекті.
-
МИНИСТРДІҢ БАС РЕДАКТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУІ20 ақпан күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Бас редакторлар клубының мүшелерімен еркін форматта кездесу өткізді. Отандық ақпарат кеңістігіндегі белді бұқаралық ақпарат құралдарының тізгінін ұстап отырған журналистерге ғылым мен жаңа технологияға байланысты Қазақстанның ұстанып отырған басым бағыттары туралы кеңінен айтылды. Жаһандық лингвистикалық корпус, үлкен технологиялық форсайт, LLM – үлкен көлемді тіл моделіндегі үлесті күшейту, ғылымның коммерциализациясы, оның ішінде венчурлық инвестиция арқылы экономикалық дамуды қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі екенініне тоқталды.