Көп оқылғандар
-
Республикалық "Тіл шебері-2018" байқауы өтедіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» АҚ «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету мақсатында, үш тілді жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері - 2018» республикалық конкурсын өткізеді.
-
Ақтөбелік тіл мамандары ілеспе аударма жасауды үйренудеАқтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығында ағымдағы жылғы 28 мамыр - 1 маусым аралығында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жасауды үйретуде ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру курсының 2-кезеңі басталды.
-
«Менің атым Қожа» түрік тіліндеТүркияның әдебиет әлемі қазақтың тағы бір классикалық шығармасымен толықты. Балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы тұңғыш рет түрік тіліне аударылып, Анадолы жеріндегі өз оқырмандарымен қауышты. Кітаптың тұсаукесер рәсіміне жазушының қызы Самал Соқпақбаева, түріктің белгілі зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандар қатысты. Дүниежүзінің 67 тілінде жарық көрген шығарманы түрік тілінде сөйлеткен аудармашы Жамилә Кынажы. Ол «Менің атым Қожа» түрік руханиятын байытып, көптің сүйікті кітабына айналатынына сенімді.
-
Жексенбілік мектептер курсқа шақырадыҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен «Мемлекеттік тілді үйрету элиталық курсы» Мәдени мекемесі Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес этномәдени орталықтар жанындағы жексенбілік мектептерде қазақ және ана тілдерін оқыту курстарын ұйымдастырады.
-
«Түркі-славяндық қарым-қатынас: тіл, тарих, мәдениет» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өттіСлавян жазуы мен мәдениеті күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Түркі-славяндық қарым-қатынас: тіл, тарих, мәдениет» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
-
«Қазақшаңыз қалай?» акциясыПавлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен 2018 жылғы 15 мамырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде қалалық сауда үйлерінде «Қазақшаңыз қалай?» акциясы бастау алды. Аталған іс-шараны ұйымдастыруға «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жаткан Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді студенттері атсалысты.
-
Түркі жазбалары – өткенді тану2018 жылғы 11 мамыр күні Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Шаңырақ» концерттік залында бүгінде дәстүрге айналып келе жатқан айтулы күндердің бірі Түркі жазбалары күндеріне арналған іс-шара болып өтті. Концерттік бағдарлама бастамасы бабалар құндылығынан сыр шертетін «Ұлы дала өрнегімен» өрнектелген «Қобдиша», «Мәдени мұра» сынды ұйымдардың жәрмеңкесінен бастау алып, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жанынан ашылған оркестордың бабалар үнін жеткізетін әуенмен жалғасын тапты.
-
Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы неміс тіліне аударылдыҚазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасының құдіретіне бойлап мән–маңызын енді неміс тілді оқырмандар ұғына алады. Бұл туындыны еліміздегі Гете мәдени университетінің мамандары аударды. Елордада тұсауы кесіліп, қалың оқырманға жол тартқан «Жүректен жүрекке» атты жинаққа бұдан бөлек заманауи қазақ жазушыларының бірқатар таңдаулы шығармалары еніп отыр.
-
Stem-білім берудің әлемде және Қазақстанда дамуыҚазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр
-
«Отбасымен бірге үш тілді үйренейік», «Изучаем всей семьей» - 2018» атты отбасылық тілдік бранч жобасының ашылу рәсіміАғымдағы жылдың 29 сәуірінде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ана тілі» орталығында жексенбілік «Изучаем всей семьей», «Отбасымен бірге үш тілді үйренейік» атты отбасылық тілдік бранчтың ашылуы кезеңі өтті.
-
Қызмет көрсету жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңыздылығыЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 25 сәуірде облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен Павлодар қаласындағы қызмет көрсету салаларының басшыларымен және өкілдерімен, құзырлы орган өкілдерінің қатысуымен «Қызмет көрсету жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңыздылығы» атты семинар өтті.
-
Астанада Еуразиялық кітап көрме-жәрмеңкесі өтедіАстанада 25-28 сәуір аралығында үшінші Еуразиялық «Eurasian Book Fair» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Аталмыш шара «Көрме» залында жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде көрменің таныстырылымына арналған баспасөз маслихатында айтылды.
-
Ағылшын дінтанушысы К. Армстронгтың «Құдайтану баяны» кітабы қазақ тіліне аударылдыҚоғамды орға жығар теріс ағымдардан арылтып, ізгі жолдан адастырмайтын діни сауат ашу. Осы бағытта ғылыми танымдық тұрғыда жазылған әлемдік дейңгейдегі іргелі еңбек қазақ жастарының қолына тиді. Танымал ағылшын дінтанушысы Карен Армстронгтың 30-дан астам тілге аударылған «Құдайтану баяны» атты кітабы енді төл ана тілімізге тәржімаланды. 570 беттік әдістемелік құрал салыстырмалы негізде құралған. Отандық ғалымдар дүниежүзілік сұраныстағы еңбектің мән-маңызын жоғалтпай, тікелей түпнұсқадан аударды.