Көп оқылғандар
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылдың 20 сәуірінде «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясында онлайн режімде «Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырады.
-
ТІЛ ШАРУАСЫНДА ТОЛАС БОЛМАЙДЫШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тура бір ай көлемінде ұйымдастырған «Тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі» онлайн семинары өз мәресіне жетті. 2022 жылғы 15 сәуірдегі қорытынды іс-шарада UIB доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Шырынхан Абдиева қазақ тіліндегі мәтіндерді түсінуге бағытталған заманауи тәсілдерге тоқталса, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Балдырған Доскеева қазақ тілін өз бетінше оқып үйренуге арналған «Қазақша сөйлейміз» оқу құралының әдістемесі туралы әңгімеледі.
-
ІЗДЕНІСТЕ ІРКІЛІС БОЛМАУЫ КЕРЕКШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі» онлайн семинарының 2022 жылғы 14 сәуірдегі отырысында «Қазақ тілі сабағында тайм-менеджмент элементтерін қолдану» мәселесі туралы Павлодар қаласы, «Ана тілі» орталығының директоры, қазақ тілі оқытушысы Шолпан Кинжикова баяндады.
-
ТІЛ КӘДЕСІНЕ ҚАЖЕТ ЖОБАШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып келе жатқан «Тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі» онлайн семинарының 2022 жылғы 13 сәуірдегі кезекті отырысы «Қазақ тілін үйретудің минимумдары: «Қазақ сөзі» әдістемелік жобасы» тақырыбына арналды.
-
ТӘРБИЕЛІДЕН ТӘЛІМ, ҒАЛЫМНАН ҒИБРАТҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық орталығы 2022 жылғы 12 сәуірде «Қазақ тіл білімі мен əдебиеттану ғылымы: қазіргі жай-күйі, болашағы» тақырыбында ойталқы өткізді. Ғылыми басқосу ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Ғылым күні аясында ұйымдастырылды.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫ ҰЛАҒАТЫ - ҰРПАҚ ЖАДЫНДААхмет Байтұрсынұлының есіміне тұңғыш деген тіркесті жалғай отырып, ұлт үшін істеген еңбегін тізсек, екі қолдың саусағы жетпейді. Төл әліппенің тұңғыш авторы, тұңғыш терминолог, тұңғыш фонетик, тұңғыш лексиколог, тұңғыш әдебиеттанушы, тұңғыш публицист деп кете береді. Ол ойлап тапқан терминдер арада ғасырдан астам уақыт өтсе де, жаңа мазмұнға ие болып, қазақ тілін шұбарланудан сақтап келеді. Өткен жылғы 21 қарашада ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясының арнайы қарарымен 2022-2023 жылдарға арналған халықаралық мерейтойлар тізімі қабылданып, оған Қазақстанның ұсынысымен ұлт ұстазы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы енді. Осы айтулы мерейтой аясында челендж басталды. Баршаңызды белсене қатысуға шақырамыз!!!
-
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!12 сәуір – Қазақстанда ғылым саласы қызметкерлерінің күні. Биыл еліміз бойынша оныншы рет аталып отыр. Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы негіз болды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, 2020-2022 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемі 2 есе ұлғаймақ. Ал 2025 жылға дейін ішкі жалпы өнімнің 1 пайызын ғылымға кететін шығындар құрамақ.
-
Қазақ тілі – кәсіби саладаБұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, өңірлердегі Тіл оқыту орталықтарына арнап «Тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі» атты онлайн семинар-кеңес ұдайы ұйымдастырып келеді. Кезекті іс-шара «Қазақ тілін кәсіби салаға бағыттап тиімді ұйымдастыру» тақырыбына арналды.
-
«2ГИС» Қазақша сөйлейді«2ГИС» бағдарламасын көпшілікке таныстырып жатудың қажеті жоқ. Алғашқыда жолаушы тасымалдайтын жеңіл көліктерге жайғасқаннан-ақ, бағдарлы бағытыңды әр қадам сайын саңқылдап айтып отырған дауысқа қарап, адамдар таң-тамаша қалушы еді. Кейін келе-келе оған үйренді. Жеке көлігіне орнатып, күнделікті өмірде пайдаланушылар санында есеп жоқ.
-
«Тіл үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі» онлайн-семинарыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Тілді үйретудегі отандық әдістемелердің тәжірибесі» тақырыбында онлайн семинар өтті.
-
Ұлт ұстазының мұрасы ұлықталдыҚызылордада «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы және латын қарпіне көшудің бүгінгі жай-күйі» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Orda жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткен шараға еліміздің әр түкпірінен онлайн форматта қатысқан ғалымдар конференция тақырыбына сай баяндама жасады.