Көп оқылғандар
-
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫАқтөбе облысының Тілдерді оқыту орталығы директоры Клара Сергазина, орталықтың әдіскері Гүлсайран Төлегенова және оқытушы Ақмарал Нұржанова ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, латын әліпбиіне көшу маңыздылығын түсіндіру-насихаттау мақсатында "Латын әліпбиі - уақыт талабы" тақырыбында Ақтөбе облыстық сот судьялары, мамандандырылған соттардың төрағалары және кеңсе меңгерушілеріне онлайн және оффлайн форматта семинар-тренинг өткізді.
-
ТЕРМИНГЕ ҚАТЫСТЫ ТҮЙІНДІ СЕМИНАР2022 жылғы 23 қараша күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу» жобасының жылдық қорытынды семинарын өткізді.
-
БАЙҚАУДАН КЕЙІНГІ ОЙ2022 жылғы 10 қазан 2 қараша аралығында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми-практикалық орталығы «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық байқау ұйымдастырып, сол додада ІІІ орын жүлдегері атандым. Менің ойымша, шараны ұйымдастырушылар үшін төл тіліміздің көсегесін көгертіп, мәртебесін көтеруге бағытталған қатысушылардың ұсыныс-пікірлері осы орайдағы жұмыстың тиімділігі мен маңыздылығын арттырады. Сол себепті байқаудан алған әсерім мен болашақта ескерілуге тиісті кейбір ұсыныс-пікірді білдіруді жөн санап отырмын.
-
ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ СЕМИНАРЫ ӨТЕДІ2022 жылғы 23 қараша күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу» жобасының жылдық қорытынды семинарын өткізеді.
-
БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАУ ЖОБАСЫТерминдерді арнайы комиссия отырысында бекіту жұмысы 1971 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Ғылым-білімнің дамуына, қоғамдық-саяси оқиғалардың құбылуына байланысты терминдер әртүрлі нұсқада бекітіліп отырғандығы заңды құбылыс. Сонау кеңес одағы жылдары терминдер белгіленген қағидаттарға, қабылданған ережелерге сәйкес, кеңес одағы құрамындағы елдерге ортақ сипатта («интернационал» нұсқада) орыс тілімен бірдей болып қабылданған еді.
-
ТІЛ САЯСАТЫ ЖӘНЕ «ЖҰМСАҚ КҮШ»«Қазақ халқы әлемде бірінші болып жазу ойлап тапқан халық», – дейді абайтанушы ғалым, тоқсаннан асқан абыз ақсақал Мекемтас Мырзахметұлы. Қытай жазуының 5 мың жылдық тарихы болса, Еуразия төсіне жайғасқан ежелгі түріктердің ата-бабалары ойлап тапқан жазу Орхон-Енисей жазуынан да әрі пайда болған «ойма жазу» болғанын, оның 6 мың жылдық тарихы бар екенін айтады.
-
ПРОФЕССОР Ә.НӘЖІПТІҢ АЛТЫНОРДА ЕСКЕРТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ОРНЫ ТУРАЛЫПрофессор Ә.Нәжіптің түркі тілдеріндегі XI-XV ғасырлар аралығында жазылған тарихи сөздіктер мен әдеби жәдігерліктерді салыстырма материалдар ретінде қатыстыра отырып жазылған іргелі түркітанымдық зерттеулері ерекше мол. Ғалым арғы бастауы XI ғасырдағы қарлұқ-ұйғыр әдеби тілі дәстүріне барып тірелетін д-ҙ-з-тобына кіретін бір әдеби дәстүрде – оғыз-қыпшақ әдеби дәстүрінде, бір жерде жазылған тарихи жәдігерліктер қатарында Құтбтың «Хұсрау уа Шырын» дастанын, «Ортаазиялық тәпсір» еңбегін және Махмұт бин Али ас-Сараи Кердеридің «Нахдж ал-Фарадис» еңбегін атайды. «Хұсрау-Шырын» поэмасының тілін шын мәніндегі толыққанды салыстырмалы-тарихи деңгейде, тарихи лексикографиялық зерттеу жолымен кешенді түрде қарастырған ғалым – Әмір Нәжіптің өзі болды.
-
XIV Ғ. СЕЙФ САРАИДІҢ «ГҮЛІСТАН БИТ-ТУРКИ» ЖӘНЕ «ХҰСРАУ УА ШЫРЫН» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІН ЛЕКСИКОГРАФИЯЛАУДЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫН АЙҚЫНДАУСөздік жасау ісі адамзат ойының ертеден келе жатқан ірі жетістіктерінің бірі. Ол мол қажыр-қайратты, терең ақыл-ойды, шығармашылық қабілетті қажет етеді. Сөздік – бөлшектерден тұратын, бөлікке бөліп қабылдауды талап ететін жүйелі, күрделі құрылымды шығарма. Кез келген сөздіктің сөздік мақаласында екі белгі кездеседі: а) түсіндірілетін нысан (А) және б) түсіндіруші құрал (В). Сөздіктің негізгі түрлері бұл белгілердің тілдік бірліктер болып саналуына, яғни сөздің белгілі бір аспектіде қарастырылуы немесе ұғым мен түсінікке қатыстылығына байланысты бөлінеді. Егерде екі элемент түсіндірілуші (А) мен түсіндіруші (В) ұғым мен түсініктерге қатысты болып келсе, оның энциклопедиялық сөздік болғаны.
-
АЗАТТЫҚ АСЫЛЫ – МӘДЕНИЕТТЕАхмет Байтұрсынұлы ұлт қайраткері, қаламгер, ғалым ретінде қазаққа не керек, соны көтерген, жасаған тұлға екені баршамызға белгілі. Ахаңның көптеген еңбегінде «мәдениет» ұғымы ұшырасып, оны автор адамның табиғатты игеру үдерісімен, халықтың бостандығымен тығыз байланыстырады. Бұл, біріншіден. Жалпы, «Ахмет Байтұрсынұлы және мәдениет» деген мәселеге келгенде, оған тағы да бір кеңірек қарауымыз керек. Ол Ахмет Байтұрсынұлының қазақ мәдениетінің жаңа бетін ашқан тұлға екендігімен байланысты мәселе. Бірінші мәселе бойынша Ахмет Байтұрсынұлының «Қалам қайраткерлері жайынан» мақаласын және «Қазақ терминологиясының принциптері туралы» баяндамасын арқау етпекпіз.
-
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЫҢ МАТЕРИАЛДАР ТАБЫЛДЫБиыл ЮНЕСКО аясында мерекеленіп жатқан Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы 16 қараша күні Түркістан қаласында жалғасады. Халықаралық түркітанушылар конгресінің бағдарламасына сәйкес Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Башқұртстан және еліміздегі белді университеттердің белгілі ғалымдары баяндамалар оқиды.
-
АХАҢ АТЫ АЛАТАУДА АСҚАҚТАДЫ2022 жылғы 11 қараша күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов Алматы қаласында өткен «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
-
ШЕТТІЛДІК ҒЫЛЫМИ ТЕРМИНДЕРДІ АУДАРУ: ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ2022 жылғы 11 қараша күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен онлайн режимде «Шеттілдік ғылыми терминдерді аудару: теориясы мен тәжірибесі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
-
ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ2022 жылғы 10 қарашада Мемлекеттік терминология комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарындағы жедел-қызметтік іс-қимылдарында, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі қызметкерлерінің жұмысында қолданылатын, бұдан басқа энергетика, ауыл шаруашылығы, мәдениет салаларының терминдері талқыланды. Бұларға алдын ала ғылыми-лингвистикалық сараптама жасалып, талдау мақсатында «termincom.kz» сайтындағы «Алаң» платформасына орналастырылды.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫ АҚТӨБЕДЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ2022 жылғы 10 қарашада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Редакциялық баспа басқармасының басшысы Д.Құсайынов Ақтөбе қалалық тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Адал сөз бен тұғырлы тіл тұлғасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ ЖАЙЛЫ ОНЛАЙН СЕМИНАР ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫБүгін Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме басқармасы ұйымдастырған «Қазақ тілін оқытудағы белсенді әдістер мен технологиялардың практикумы» республикалық семинарының екінші күні. Тыңдаушылардың зор қызығушылығын тудырған семинарда КИМЭП университетінің лекторы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ләйлә Ерменбаева «Ересектерге қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдістемесіндегі оқылым дағдыларын дамытудың өзекті мәселелері» атты баяндама жасап, мәтінмен жұмыс істеу барысында пайдаланатын жаңаша әдістер мен тапсырмалардың түрлерімен, интернет ресурстармен таныстырды, мәтінді әзірлеудің алгоритмдері жайында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.