Көп оқылғандар
-
МӘРЕГЕ ТАЯУ ҚАЛДЫ2022 жылғы 7 қазан күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығы «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы үміткерлерімен онлайн кездесу өткізді.
-
ӘЛЕМ РУХАНИЯТЫНА ТАРТЫЛҒАН СЫЙБұдан бұрын хабарлағанымыздай, ЮНЕСКО аясында Париж қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ РЕНЕССАНСТЫҚ ӨРКЕНИЕТ» ғылыми конференциясында «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары» (қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде) кітабының тұсауы кесілді. Осы еңбектерді дайындау барысы туралы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыхан Нұруллақызы Айтова ой бөліседі. Жарияланым автордың әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан алынды.
-
АКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ДАЙЫНДАЛУ ҮСТІНДЕ2022 жылдың 3 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Мен қазақша сөйлеймін!» акциясын қорытындылау жөніндегі жұмыс тобы дүркін-дүркін отырысын өткізіп жатыр. Байқау барысында үміткерлер ұлт ұстазының бір шығармасын мәнерлеп жатқа оқуы тиіс болатын.
-
ПЕРВЫЙ КЛУБ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА – «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЛУБЫ»В городе Актау, Мангистауской области, с апреля текущего года стартовал проект украинского этнокультурного объединения имени Т.Г. Шевченко - Первый клуб казахского языка "Қазақ тілінің алғашқы клубы". Председатель, Оксана Юрьевна Белоножкина и молодёжное крыло объединения организовали образовательную площадку для изучения государственного языка всем желающим.
-
ҰЛЫЛЫҒЫ ДА, ҰЛАҒАТЫ ДА ЖАРАСҚАН ТҰЛҒА2022 жылғы 1 қазан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Төкенқызы Қостанай облысы Жангелдин ауданында өткен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.
-
ТАР ТАЛАСЫП ТОЗАР, КЕҢ КЕҢЕСІП ОЗАРБиылғы күз Қазақстан халқының саяси ұстанымын, елдік береке-бірлігін, ұлысаралық беделін тағы бір сынағалы тұр. Мемлекетіміздегі саяси реформалардың заңды жалғасы іспеттес 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленген ел Президентін кезектен тыс сайлау – әлемдік сын-қатерлер аясындағы жаңа тарихымыз бен тағдырымыздың қайнауынан туындаған шешім деп сеніммен айта аламыз. Бұл саяси жүйені толық серпілтуге бағытталған қадам болмақ. Елдің басшысы – алқалаған әлеумет мүддесін орындаушы. Сондықтан мемлекеттің сын сағатында жауапкершілікті өз мойнына алып, елдің бұрынғы-кейінгі қордаланған өзекті де өткір мәселелерін оңтайлы шешуге жұмылуы – маңызды бағдар деп білеміз.
-
ЕЛОРДАДА «ОЙ КӨКПАР» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІЕсеп комитетінде корпоративтік рухты нығайту, мемлекеттік және ұлттық мерекелердің идеологиялық құндылықтарын ілгерілету, мемлекеттік тілді дамыту мақсатында «Ой көкпар» зияткерлік сайысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Құжаттарды лингвистикалық сараптау және редакциялау секторының меңгерушісі Данияр Жамбайбектің айтуынша, ведомствода мұндай шаралар жыл сайын өтеді және қызметкерлер белсене қатысады.
-
БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ТАЯУ ҚАЛДЫ2022 жылғы 29 қыркүйек күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында өтетін «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы мен «Мен қазақша сөйлеймін» акциясын ұйымдастыру бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТІЛТАНУЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ АДАМӨЗЕКТІ ТҰЖЫРЫМДАРҚазіргі тіл біліміндегі жаңа өлшем адамды тірек ететін бағыт адамөзекті (антропоцентризм) болып тұр. Мұның салалары әралуан: когнитивтік тілтану, психологиялық тілтану, коммуникативтік тілтану, лингвомәдениеттану т.б. Ахмет Байтұрсынұлының тілтанулық мұрасынан осылардың лингвомәдениеттану және психологиялық тілтану жөніндегі тұжырымдарын сипатттап көрейік. Лингвомәдениеттану тіл білімі мен мәдениеттанудың тоғысуынан пайда болғандықтан, халықтың мәдени қазынасын, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы ретінде көрінетіні белгілі. «Лингвомәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану түйісуінен пайда болған тілде бейнеленген және бекіген халық мәдениетінің көріністерін зерттейтін ғылым» [1,9]. Ахмет уәждері осыған сәйкес келеді.
-
ҚАЗАҚСТАН ӘСКЕРІ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІ2022 жылғы 27 қыркүйек күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Искакова Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінде өңірлердегі әскери бөлімдердің қазақ тілі мамандарына «Қазақ тілі сабақтарында оқытудың инновациялық түрлерін қолдану» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
-
ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ2022 жылғы 27 қыркүйек күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы атқарушы директорының орынбасары Л.Есбосынова Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» форумында тіл мәселесі төірегінде ой қозғады.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МҰҢЫ(Мыңбайұлы Жалау жолдасқа) Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?
-
АХАҢ ҰНАТҚАН КІСІНІ БІЗ ДЕ ҰНАТАМЫЗ«Қазақ» газетінің 1917 жылғы бір нөмірінде Нұғыман Манаевтың өзі ашқан мектепке оқытушы (мұғалім) алу туралы құлақтандыруы басылған. «Қазақ» газетінде алуан түрлі жарнамалар мен хабарландырулар, хаттар, жарнамаларға (иғлан) да орын беріліп отырған. Осыдан ғасыр бұрынғы жарнамалардың мазмұны мен үлгісін де зерделеп көру арқылы, сол кезеңдегі ұлтымыздың заманауи өркениетке ұмтылыс жасаудағы құн көзқарасы мен экономикалық танымына да баға беруге болар еді. Айталық деп отырғанымыз «Қазақ», «Айқап» бастаған ұлттың төл баспасөзінде басылған ірі-ірі басмақаладан тартып шағын жарнамаларға дейін әр тұрғыдан қарап зерттеудің өзі бізге ХХ ғасыр басындағы қоғамдық жағдай мен ұлт қайраткерлері күн сайын құбылған замана ағысына қандай ұстанымда болғанына тарихи, шынайы баға беруге жол ашады. Бірде тағы да «Қазақты» ақтарып отырып, ғалым, ағартушы, мемлекет қайраткері Нұғыман Манаев жазған бір құлақтандыруға көзіміз түсті. Құлақтандырудың мазмұны төменде: