Көп оқылғандар
-
ҚАРАҢҒЫДА ЖАРЫҚ БОЛҒАН «ҚАЗАҚ»Әсел МҰРАТБЕКҚЫЗЫ «Ana tili» «Күн болуға», «Күннен туған ұл болуға» ұмтылған Алаш зиялыларының ХХ ғасыр басындағы өлшеусіз еңбегінің бірі, қазаққа жасаған қайырлы ісінің зоры – «Қазақ» газеті. Биыл ол басылымның жарық көргеніне 110 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында «Қазақ» айтқан мәселе шешілді ме, «Қазақ» қазақты көтеруге тырысқан биік қандай еді? Мұны да ой елегінен бір өткеріп қойған дұрыс-ау! 2 ақпан, «Қазақ» газеті шыққан күні өткен алқалы отырыс осы мәселелердің біразының түйінін тарқатқандай болды.
-
COURSERA ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ 50 КУРС ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛДЫ2023 жылдың соңына дейін тағы 604 курс қазақшаға тәржімаланады. «Қазақстан халқына» қоры «Coursera» – қазақ тілінде» жобасын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік желіде туындаған сұрақтарға жауап берді. Қордың хабарлауынша, бұл жобаны жүзеге асыруға қор 2 460 472 070 теңге бөледі. Бұл қаражат келесі мақсаттарға жұмсалады:
-
Ақаңның академиялық жинағы жарық көрді. Бірақ...Ұлт зиялыларының мерейтойы жоспар үшін жасалған сансыз іс-шара һәм соңы дауға қалған ескерткіштермен шектелмесе керек-ті. Көрнекті тұлғалардың мерейлі жылы қоғамның әдебиеті мен мәдениетіне, руханиятына игілігі тиер бастама болуға тиіс. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та: «Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі», деп кесіп айтты.
-
«Baitursynuly.kz» сайтында бәрі барАстана қаласында «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырды. Шараның шымылдығын Орталықтың Бас директоры, белгілі ғалым Ербол Тілешов ашты. Ол өз сөзінде, «ұлы ғалымның кейінгі ұрпағына қалдырған асыл мұрасы – барша халқымыздың баға жетпес құнды байлығы» деп атап көрсетті.
-
«Тіл құралын» ағылшынға аудару оңай болған жоқ – Ақнұр ТөлеубаеваБылтыр ЮНЕСКО көлемінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы атап өтілді. Мерейтой аясында ұлт ұстазының бірқатар шығармасы шет тілдеріне аударылды. «Ахмет. Ұлт ұстазы» сериалы жарық көрді. Лондонда ағылшын тіліне аударылған кітаптың тұсаукесері өткен-ді. Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы таңдамалы еңбектерін қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде әзірледі. Ахаң мұрасын аударған аудармашылардың бірі – Ақнұр Төлеубаева. Аудармашының айтуынша, ұлт ұстазының шығармасын ағылшын тіліне аудару оңай болмаған секілді. – Ақнұр ханым, Ахмет Байтұрсынұлының шығармасын ағылшын тіліне аударғаныңызды естіп жатырмыз. Қандай шығармасын таңдап алдыңыз? – Біз үш аудармашы бірігіп, Ахаңның шығармаларын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудардық. Біздің қолымызға тигені – 1931 жылы жарық көрген «Тіл құралы» атты еңбегі. «Тіл құралы» еңбегі бұған дейін ағылшын тіліне аударылмаған екен.
-
АБЫЗ АҚСАҚАЛМЕН КЕЗДЕСТІ2023 жылғы 3 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас редакторы Серікбай Әбілмәжін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ әдебиетінің абызы, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан үлкен ғалым Қойшығара Салғараұлымен кездесті. Қойшығара Салғараұлын оқырмандарға таныстырып жатудың өзі артық. Әріптесіміздің бұл жүздесуінің сыры: күні кеше ғана Астанада тұсауы кесілген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының Таңдамалы шығармалары мен ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» қорытынды жинағын табыстау еді.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВАхаңды біз неге алдымен Алаштың рухани көсемі дейміз? Кез келген ұлттың мемлекеттік тәуелсіздігінде руханияттың, яғни рухани құндылықтардың алатын орнын және тарихи рөлін, керек болса саяси мәнін ұлт қайраткері ретінде Ахаң жалпыұлттық өреден терең түсінді. Қоғам, ел өмірінің жаңа бір тарихи кезеңге ойысқан тұсында жаңа бағыт, ендігі уақыттың ұстанымдары қандай болмақ, нендей күйлерге көңіл бөлу, білім беру, әдебиет, өнер, тәрбие бағытындағы іс-әрекетіміз қай арнада өркендеуі керек, осының барлығын Ахаң жүрегінен өткізіп, дер кезінде аңғарды.
-
АСТАНАДАҒЫ ТҰСАУКЕСЕР ЕРЕКШЕ ЕСТЕ ҚАЛДЫ«Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруын 2023 жылғы 2 ақпан күні өткен «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағының тұсаукесер рәсімі осы аптаның шоқтығы биік шараларының бірі де бірегейі болды.
-
ҰЛТ БАСПАСӨЗІНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫАқпанның 2-сі – отандық кәсіби баспасөздің ізашар мінбері «Қазақ» газетінің туған күні. Алаш зиялылары Орынбордан Петерборға дейін патшалық жүйенің табалдырығын тоздыра жүріп рұқсат алған газеттің шығуы осы күнге сәйкес келіпті. Халқымыз Жаратқаннан «Жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке!» деп сұраса, ақпанның жұлдызы айқын түніндегі ұлт ақпаратының бастауы – сын-қатерге төтеп берудің бағдары болса керек.
-
ШЕТТІЛДІК ТЕРМИНДЕРДІ ИГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӨМІРШЕҢ ИДЕЯСЫА.Байтұрсынұлы қазақ терминологиясының принциптері туралы баяндамасында: «Шындығында, мәдениет әлсіз жерде жерге егін аз шығатынын, машиналар жұмысты нашар істейтінін, өнеркәсібі мен саудасы аз дамитынын, аурумен, өлім-жітіммен күресу табыссыз болатынын, табиғат аз бағынатыны я тіптен бағынбайтынын, табиғаттың дүлей күштері адамдар үшін апат пен қайыршылық әкелетінін кім теріске шығара алады!? Біздің заманымызда мәдениет – өмірдің ең қатты қажеті» деп [1], мәдениетке ғылым, білім ұғымдарын сыйғыза отырып, жоғары мәдениетті, яғни оның ішінде білім мен ғылымды қабылдау үшін ұғымдар мен идеяларды да қабылдау қажеттігіне назар аударады да, одан ары тіл терминологиясын жасап шығару міндетіне тоқталады. Сонымен бірге лингвист ғалым баса назар аударған «...бір ұғым әр түрлі құрылымда әр түрлі сөзді жамылып шықпас» үшін принциптерді қатаң ұстану керектігі әлі күнге өзекті қалпында қалып тұр.
-
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ2023 жылғы 31 қаңтарда Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ғылыми Кеңесінің мәжілісі өтті. Жылдың алғашқы отырысын ашқан Бас директор Е.Тілешов ұжым алдында тұрған жаңа міндеттерге тоқталды. Бір айта кетерлігі, Кеңес құрамы жаңа мүшелермен толықты. Ағымдағы жылға арналған Кеңестің жұмыс жоспары бекітілді. Оған сүйенсек, тіл майданында толас болмайды.
-
ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТЕДІ2023 жылғы 2 ақпан күні, «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен «baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы және ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының, сондай-ақ ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді.
-
БӨТЕН СӨЗБЕН БЫЛҒАНСА СӨЗ АРАСЫ...Тіл сарапшылардың бірі Ғ.Мүсіреповтің «сөз – сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады» деген пікірін келтіреді. Біздіңше, осы күні «сөзге көлеңкесін түсіріп тұрған сөз» көбейді. Мұны тіл білімі ғылымында «Паразит сөздер» деп атайды. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлеріне «Паразит сөздер мен олардың тілді құрту мен байытудағы рөлі қандай?» деген сауал жолдаған едік. Жауабы мынадай болды...
-
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ КЕДЕРГІ ЕМЕСТілді қай жаста, қашаннан бастап үйренген дұрыс? Бұған біржақты жауап беру қиын. Тіл үйренудің қатып қалған ережесі жоқ, тіпті жас кезінде үйрене алмағандар егде жаста да қолға алуына болады. Ең қызығы, егде жастағылар тіл үйрене отырып, денсаулығын түзеп жатқанын аңғармайтын да болар?