Көп оқылғандар
-
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСЕЙДЕГІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗҒА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ТЕГІН ОҚЫТУ КУРСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДАБатыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың наурыз айынан бастап Ресей Федерациясында тұратын қазақ диаспорасының өкілдеріне арналған мемлекеттік тілді тегін оқыту онлайн курстары жүргізілуде.
-
«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ АВТОРЛЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 2 маусымында «Қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемесі» тақырыбы аясында онлайн режімде семинар ұйымдастырады.
-
«ТІЛ ТУРАЛЫ ЕҢ МЫҚТЫ ЗАҢ – ФРАНЦИЯНІКІ, АЛ ПОСТКЕҢЕСТІК КЕҢІСТІКТЕ – ГРУЗИЯНІКІ»Қазақ әліпбиі, мемлекеттік тіл мәселесі ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі екені жасырын емес. Ең қиыны «аққу көкке, шортан көлге, шаян шөлге» тартып, әркім тек өз сөзін сөйлеп, өзгенің пікіріне құлақ аспайтын болып алды ма деген қауіп қылаң беріп қалып жүр. Ендеше, мұндай күрделі мәселеде нақты соңғы сөзді кім айтуы керек деген ой да көпшіліктің көкейінде тұратыны рас. «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген сөздің жетегімен, тіл туралы іргелі зерттеулер жүргізіп жүрген мекеме басшысы, латыннегізді қазақ әліпбиі туралы бірнеше пікірсайыстарда соңғы жобаны ұсынып, оның оңы мен солын ажыратып беріп жүрген маман, филология ғылымының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанмен сұхбаттасқан едік.
-
РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАНДАНДЫЖамбыл облысының тілдерді дамыту басқармасының мәліметі бойынша, Тараз қаласында «Таза қалаға – таза жарнама» акциясын жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті әлеуметтік желідегі өз ресми парақшасында былай деп жазды: «Акция барысында қаланың орталық көшелері мен даңғылдарындағы көпшілік орындар, соның ішінде сауда үйлері, шағын дүкендер, дәріханалар, тамақтану орындары және т.б. нысандар тарапынан Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның 21-бабының сақталуы зерделенді».
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДИОНЫ БІРДЕН МӘТІНГЕ АЙНАЛДЫРАТЫН ҚОСЫМША ШЫҚТЫTengrinews.kz тілшісінің хабарлауынша, қазақ тіліндегі аудионы бірден мәтінге айналдыратын қосымша шықты. Қосымша TezText деп аталады, оны жасап шығарған – Galamat tech компаниясы, қолдау көрсеткен – АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі. Мобильді қосымша тегін және App Store мен «Play Маркет» арқылы жүктеп алуға болады. Қосымшаны құрастырушы компания басшысының айтуынша, TezText журналистер жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.
-
АЛЫСТАҒЫ АҒАЙЫНҒА АНА ТІЛІ ҚҰРАЛЫ ӘЗІРЛЕНЕТІН БОЛАДЫШетелдегі қазақ диаспорасы өздері өмір сүретін мемлекеттерде сол елдің мемлекеттік тілін меңгеріп, сол елдің жалпы құндылықтарымен өмір сүреді. Дегенмен қазіргі таңда қазақ диаспора өкілдерінің ана тілімізді меңгеруі басты мәселеге айналып отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті шетелдегі қандастарымызға арналған әмбебап басылым әзірлеу бағытында жұмыстар жүргізуде.
-
«АҢДАР ШАҺАРЫНДАҒЫ» КӘМШАТ ХАНЫММЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАРАл КӘМШАТ сөзінің мағынасы қандай екен? Сіздер білдіңіздер ме? Міндетті түрде пікір білдірулеріңізді сұраймыз. КӘМШАТ (лат. Lutra lutra) – сусарлар тұқымдасына жататын, терісі өте құнды аң. Кеміргіштер қатарындағы терісі бағалы аң, құндыз. Кәмшат Аустралиядан басқа материктің бәрінде кездеседі. Суда жақсы жүзеді, шомылады. Кәмшатты кейде қазақша құндыз немесе қама деп те атайды.
-
ЖАРНАМА ТІЛІНІҢ САУАТТЫЛЫҒЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНБАҚҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті таратқан ақпарат бойынша, кеше «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау мақсатында құрылған жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Комитет әзірлеген заң жобасының нұсқасымен 13 заңға өзгеріс енгізу көзделсе, депутаттар тарапынан қосымша 5 заңға өзгеріс енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныс түсті. Заң бекітілген жағдайда жалпы саны 18 заңға өзгеріс енгізілмек.
-
КӘСІБИ САЛАҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАРДәл қазіргі уақытта қазақ тілін оқыту үдерісінде тілді кәсіби бағытта оқыту өзекті мәселеге айналып отыр. ҚАЗТЕСТ Стандарты бойынша тілді деңгейлеп оқыту мәселесі республика бойынша жолға қойылып, шешімін тапқан. Алайда тілді орташа деңгейде меңгерген тіл үйренушіге әрі қарай жалпылама сипаттағы оқытудан гөрі өз саласына қарай бейімдеп оқытқан нәтижелі болмақ. Әрине, ҚАЗТЕСТ Стандарты бойынша оқу құралдарында А2 деңгейінен бастап ісқағаздары түрлері ішінара берілген. Дегенмен, белгілі бір саланың жұмысын мемлекеттік тілде жүргізу үшін бұл аздық етеді. Сондықтан да тілді кәсіби салаға арнайы бағыттап оқытудың қажеттігі туындайды.
-
ПИНГВИННІҢ ҚАЗАҚША АТАУЫ «БАЛПАНАҚ» ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?Мәселен, ауызекі сөйлеуде «балпанақтай болып келеді» деген сынды тіркес, сөйлемдерді үнемі қолданамыз. ⠀ Бірақ пингвинді балпанақ демейміз. ⠀ Сіздерге балпанақ пен балпанақтай сөзінің аражігін ажырату үшін қосымша ақпарат ұсынамыз. ⠀ Балпанақ - алтыншы құрлықтағы байлық сөз болғанда, адамдардың есіне əуелі балпанақ (пингвин), түлен, кит, ақ аю оралатындығы сөзсіз (Егем. Қазақст., 25.02.2009).
-
ТЕМІРДІ ҚЫЗҒАН КЕЗІНДЕ СОҚҚАН ЖӨННазарын өзіне аударып, елді елең еткізген жаңалықтың бірі – әліппе ауыстыру болатын. Әліппенің сан мәрте қызу талқыдан өтіп, түзетулер енгізіліп жатқанына 4 жылдай уақыт өтіпті. Осы уақыт ішінде әліппенің бірнеше нұсқасы шығып, түрлі пікірлер айтылды. Осы істің басы-қасында жүрген лингвист ғалымдар, әдіскерлер, түрлі саланың мамандары әліппемізге бей-жай қарамай еңбек етуде. Әрине, әлемде мінсіз әліппе жоқ, сондықтан көзшалымға, жазудың талаптарына сай, техниканың тіліне келетін әліппе түзу, жалпы, заманның талабын орындау оңай болмай жатқаны анық.
-
ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!«Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді». Қ.ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті
-
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының ЕРЕЖЕСІАкцияның мақсаты 1.Қазақ поэзиясынан үзінді оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу; - қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту; - қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. 2.Акцияға қатысатын үміткер акция талабы бойынша берілген ақындар өлеңдерінің біреуін таңдап, мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы тиіс. Жарияланымда жыр оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде нақты көрсетілуі қажет. 3.Байқауға республиканың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан этнос өкілдері қатысады.
-
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ БОЛАШАҒЫ НАҚТЫЛАНДЫҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті, Ғылым комитеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен жария талқылауға (ашық нормативтік құқытық актілер порталы, egov.kz) ұсынылған «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасына байланысты 2021 жылдың 30 сәуір күні «ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ» атты онлайн форматтағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.