Көп оқылғандар
-
«АЛАШ» АВТОНОМИЯСЫ ХАҚЫНДААлаш идеясы, оны шындыққа айналдыру үшін ақтық айқасқа түскен алаштық буын қызметі – бұл жалпы ұлт болып қорытатын, жалпы ұлт болып түсінетін тақырып. Оны қорыту ісіне кезінде тыйым салынды, шектеулер қойылды. Тәуелсіздік жылдары Алаш ұлт-азаттық қозғалысы, алаштықтардың қайғылы тағдыры туралы ойланатын, бұл тақырыпқа қалам тартатын ғалымдар, журналистер, ақын, драматургтер қатары өсуде. Тіптен алаштықтар ұстанымын жалғастырып, батыл тұжырымдарын мәлімдеп, сол үшін абақты есігін көріп жүрген отандастарымыз да бар.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДЫҒЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІҚазіргі қоғамдық санада «Ұлтшылдық» ұғымы жағымсыз реңкке ие болып, ол жөнінде айтыла қалса, ойымыз тіпті нацизмге дейін әлдебір сұрықсыз, тұрпайы құбылысты бейнелейтін деңгейге жеткен. ХХ ғасырда нацизмді басынан кешірген адамзат баласы ұлтшылдықтан үрейленетін дәрежеге жетіп, оны қабылдағысы келмейтіндей сыңай танытуда. Сонымен бірге, посткеңестік жас мемлекеттерде кеңестік идеологияның ұлтшылдыққа таңған ескірген ұғымдары әлі де сақталуда. Дәл осы арада біз Францияны, Германияны, Ресейді, Үндістанды, Иранды тағы да бүгінде қуатты мемлекеттерге айналған елдердің тарихи даму сатысында ұлтшылдық кезеңінен өткендігін, егер ондай кезең болмаса аталған мемлекеттер біртұтас саяси-қоғамдық құрылым бола алмайтындығын не ескергіміз келмейді, не болмаса олар жөнінде білеріміз көп емес. Жоғарыда аталған мемлекеттер сол елдегі барлық ұлттарды мемлекетқұраушы ұлттың төңірегіне топтастыра білді.
-
ӘЛЕМДІК ТҰЛҒА2022 жылғы 10 тамыз күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өткен ұлы Абайдың туған күніне арналған үлкен шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Алаш арысы Міржақып Дулатов 1914 жылы: «Қай жұрттың болса да жаны – әдебиет, жансыз тән жасамақ емес. Абайдың аты жоғалуы, мұнан кейін де шығатын Абайлар сондай ескерусіз ұмытылу ықтималы қазақтың жоғалуымен, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей. Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғары, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай», – деп жазған екен.
-
ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫҚазақтың бас ақыны – Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, құты жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге недәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді. Қай жерде ақындар жайынан я ақындардың сөздері жайынан әңгіме болса, Абайдың сөзін мақтамайтын адам болмады. Абайдың сөзін көрмей тұрғанда, мақтағандарына сенбей, қазақ үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпарынан артық көретін мінезі болушы еді, мақтап отырған Абайы біздің Әбубәкір, Сейдахмет, Ақмолдаларымыз сықылды біреу ғой деп жүрдім.
-
ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖАЙЫНАНОрынборға шақырған қазақ қайраткерлерінің сиезі адам аз келгендіктен сиез есебінде болмай, кішкентай ғана кеңес түрінде болып өткені озған нөмірлерінде жазылды. Орынборда отырғандар, о жақ, бұ жақтан кез келгендер болмаса, сиезге атын атап шақырған адамдар келмеді. Келмеу себептерін түрлі жоруға болады. Келмеулеріне бір жағынан жол қаражатына қаржы жоқтығы себеп болған шығар; екінші жағынан Жүсіпбек жолдас сиақты керексіз сиез деушілік те себеп болған шығар; үшінші жағынан, қазақ қайраткерлерінің Орынбор қаласынан қараңғы үйден жаман қашатындығы да себеп болған шығар; төртінші жағынан, өзгеріс уақытында қайрат жолы өзгеріп, қарқын беті қайтқаны себеп болған шығар. Бұл көп «шығардың» ішінде көбінен себеп болатыны екі «шығар».
-
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ЕЛІНЕ ОРТАҚ ОҚИҒА2022 жылғы 8 тамыз күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов академик, жазушы З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінің түрік тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесер рәсіміне қатысты. Шарада сөз алған ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтанбек Раев үлкен тебіреніспен толғады: «Бүкіл қырғыз халқының ұлттық мақтанышына айналып отырған атақты «Манас» эпосы Мұхтар Әуезов болмаса, жарық көрмес еді.
-
ШАЛҚАР ОЙҒА ШАБЫТ БЕРДІ2022 жылғы 7 тамызда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Ербол Тілешов ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы қырғызстандық Сұлтан Раевпен іскер кездесуге қатысты. Бұл туралы Астана қаласы қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасы Шафхат Исмаилов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Синергия эффектісін беруге қабілетті адамдардың ортақ әлеуетін біріктіру мақсатында олардың арасында коммуникация орнату – сірә, менің өмірлік миссиям» деп шаттана жазды.
-
АҚЫНДАР МЕН БАТЫРЛАР ЕЛІНДЕ«Қостанай елін ақындар елі, батырлар елі» деп атайды. Қазыналы Қостанай сонымен бірге ұстаздар елі. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннен басталған, ұлт ұстазы, ұлт ұйтқысы атанған Ахмет жалғаған ұстаздық дәстүр ұлттық идеологияның өзегіне айналып, ХХІ-ші ғасырға да жетті. Жай жеткен жоқ, талай-талай тар жол, тайғақ кешуден өтті.Тобыл жағасында «Инспектор көлі» болса, Әулиекөл жерінде Ақаң тұрған мекен – Мұғалім көлі «Учительское озеро» деп аталды. Үлкен арнаға мөлдір тұмалар жиылды. Шалқар көлдерге таза бұлақтар құйылды. Достар сүйініп, дұшпан күйінді. Олар алғашқы қазақ оқулықтарының авторлары Елдес Омарұлы мен Міржақып Дулатов қайнар көзін ашқан, кейін Бекет Өтетілеуов пен Спандияр Көбеев ілгері басқан, бертінде Манаш Қозыбаевтан бастап Өмірзақ Сұлтанғазинге дейінгі ағаларымыз сусынын қандырған қоғалы көлдер болатын. Ақаң қиналған сәтінде:
-
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ: ҚҰЖАТТЫҚ НЕГІЗДЕМЕ, САЯСИ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ТАРИХИ ШЫНДЫҚАлаш қозғалысының тарихына тікелей байланысты әлі күнге дейін ғылыми тұрғыдан нақтыланбаған, сондықтан да әртүрлі пікірлер өрістетіп келе жатқан мәселе – Алаш автономиясының құрылуы. Бұл мәселеде әлбетте, құжаттық негіздеме де, сол кездегі саяси жағдайдың сипатын дәл тану маңызды. Ең алдымен мәселенің толық байыбына бару үшін «Алаш қозғалысы», «Алаш партиясы», «Алаш автономиясы», «Алашорданың Халық Кеңесі» деген ұғымдарды нақтылау қажет. Себебі осы ұғымдарды мамандардың өзі араластырып қолданады да, содан түсініксіздік қалыптасады. Сондықтан біз осы ұғымдардың әрқайсысына ықшамды түрде танымдық сипаттағы түсініктемелер беруді жөн көрдік.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ЖИЕНІҰлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының жиені Манаш Өтегенқызы Қызылорда қаласында тұрады. Бүгінде тоқсанның төріне аяқ басқан әже Ахмет Байтұрсынұлының немере қарындасы Ұлжан Қанапияқызының тұңғышы. Саналы ғұмырын өскелең ұрпақтың тәрбиесіне арнаған Манаш әженің анасы Ұлжан жұбайы Өтеген Исмаилұлы мен 1930 жылдар шамасында Сыр бойына қоныс аударады. Өтеген ақсақалмен Ахмет Байтұрсынұлы өте жақын араласқан, тіпті туған інісіндей көрген екен. Омбы қаласында екеуі бірге оқыған. Ұлт ұстазы соңғы қамалар сәтінде Өтегенге «қарындасым саған аманат» деп тапсырған көрінеді. Содан кейін Ұлжанмен бас қосыпты.
-
АХАҢНЫҢ ƏДЕБИ ҚИСЫНДАРЫАхмет Байтұрсынұлы 1926 жылы өзінің əйгілі «Əдебиет танытқышын» кітап қып бастырып шығарды. Бұл – біздің жыл санауымыздан үш жүз жиырма алты жыл бұрын Эллада елінде жарық көрген Аристотельдің атақты «Поэтикасы» тəрізді. Сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ топырағындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді. Егер Лессинг өзінің «Гамбург драматургиясында» Аристотель «Поэтикасын» мінсіздік тұрғысынан «Евклид элементтерімен» қатар қойған болса, біз бүгін Ахаңның «Əдебиет танытқышын» Аристотель «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мəнісі – екеуі де: бірі – грек əдебиетінің, екіншісі – қазақ əдебиетінің алғашқы «əліпбилері».
-
МАДРИДТЕ МАРҚАЙМАҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ2022 жылғы 1 тамызда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов Мадридтегі қазақ диаспорасының басын құрайтын үкіметтік емес ұйым басшысы, тіл оқытушы Жанат Нұрбаеваны қабылдады. Жанат Аманкелдіқызы – негізі Атырау облысының тумасы. Он жылдан астам Мәскеуде жоғары білім алып қызмет жасағаннан кейін, жанұялық жағдайымен Испанияға қоныс аударыпты. Содан бері 23 жыл бойы Мадрид қаласында тұрып жатыр. Негізгі мамандығы текстиль инженері, алайда шетелде жүріп сұранысқа ие болған соң, орыс, испан тілін оқытуды кәсіп еткен, қазіргі таңда өз бетімен қазақ тілін ақысыз оқытуды қолға алыпты.
-
АЛА-ҚҰЛА АУДАРМАДАН ҚАШАН АРЫЛАМЫЗ?«Конституциямызды сауатты редакторлар мен корректорлар түзеу керек» деп жазып жүргенімізге де біраз уақыт болды. Конституция кітабын оқып отырғанда, еріксіз көз сүрінетін қателерді қызыл қаламмен түзеп шықсақ, оқушының диктант дәптерін тексерген мұғалімдей көрінерміз. Бірақ біз үшін Ата Заңымыз қастерлі құндылық болғандықтан, ресми сайттағы электронды нұсқасын ғана пайдаланып, кейбір тұстарына түзетулер жобасын ұсынып келеміз. Сонымен, Ата Заң мәтініндегі өзіміз қате деп есептеген сөздер мен сөз тіркестерін немесе қосымшаларды жақшамен (), баптар мен тармақтарға сілтемелерді тік жақшамен [], ал өзіміз ұсынатын балама нұсқаларды пішінді жақшамен {} ерекшелеп таңбаладық. * * * Ендеше, ең алдымен, ең көп кездесетін сөзден бастайық. Орыс тіліндегі «является» сөзін «болып табылады» деп аудара салған паразит тіркес 20 рет қолданылған.
-
ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ2022 жылғы 27 шілде күні ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған ұлт ұстазы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Бұған облыстық кезеңнен жүзден жүйрік атанған 12 үміткер қатысты. Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық ғылымның негізін қалаған, елдік тарихындағы ұлы санаткер тұлға. Оның өміршең ғылыми-әдістемелік ұстанымдары әлі күнге дейін өзектілігін сақтап келеді.
-
АХМЕТТІҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫАхмет Байтұрсынұлының музыкалық мұрасы жөніндегі екіұдай пікірлер көптен бері айтылып келеді. Мәселен, кейбір өңірлерде ұлт ұстазының шығармасы деп орындалып жүрген «Аққұм», «Екі жирен», «Қарғаш», «Қаракөзайым» әндері бар. Бірақ кәсіби музыка мамандары мұны мойындай қоймайды. Олар Ахаңдікі деп айтылатын әндердің бәріне халық шығармалары деп қарайды. Бұған қарсы уәж айтушылардың бірі – қостанайлық жыршы Нағашыбай Алпысов. Талай жылдардан бері Ахаңның саз мұрасын насихаттап жүрген ардагер өнерпаз Ахметтің ән-күй мұрасы жөнінде айтылған жазбаларды іздестіріп жүріп оқып, жинастырып, сақтап қойыпты.
-
ТЕСТІЛЕУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ТЕСТІЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІТестілеу қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде тілді бағалаудың ең ұтымды жүйесіне айналған. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауда да осы жүйе қолданылады. Халықаралық тілдерді білу деңгейін бағалауға арналған үздік жобаларды сараптай келе, бір жүйеге түсіріп әзірлеген «Қазтест» жобасы тестіленушінің мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалауда әзірге баламасы жоқ жоба болып отыр. Аталмыш жүйе бойынша 2022 жылға дейін қазақ тілін меңгеруді анықтау 4 бөлік арқылы жүргізіліп, биылғы жылы бесінші бөлік ретінде Айтылым қосылды. Оның үстіне алдыңғы бөліктердің тапсырмалары қайта қаралып, әсіресе, Оқылым, Тыңдалым бөліктеріне көптеген өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, мәтіннің көлемі, мәтіннің тақырыптық ауқымы, мәтін тапсырмалары т.б.