Көп оқылғандар
-
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫНДАҒЫ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІБүгінгі қоғамның эволюциясы цифрлық дәуір адамын қалыптастырды. Еліміз де өз даму статусын – цифрлық Қазақстан (Digital Kazakhstan) атауымен белгілеп, жаңа өркендеу мәдениетінің стратегиясын «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен 2017 жылы бекітті. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бұл бағдарламаның жүзеге асуын 2018-2022 жж. аралығына жоспарлады.
-
ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУ – ТІЛТАНЫМДЫҚ РЕФОРМА2018 жылдың 19 ақпанындағы латыннегізді әліпбидің жаңа нұсқасын бекіткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы қазақ халқының, қазақ тілінің даму жолына үлкен бетбұрыс жасаған бүгіннің ғана емес, болашақтың да бағытын анықтаған маңызы зор тарихи құжат болды. Сөйтіп, осы күннен бастап елімізде тәуелсіздік алғалы тұңғыш рет жалпыхалықтық тілтанымдық реформа жүзеге асырылып жатыр.
-
Елбасы жылды қорытындылап, БАҚ өкілдеріне сұхбат бердіМемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары кілдерімен дәстүрлі кездесуінде биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды түйіндеп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Елбасынан сұхбат алған журналистер қатарында «Egemen Qazaqstan» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, «Президент телерадиокешені» КЕАҚ бас директоры Ерлан Бекхожин, «Қазақстан» телеарнасының тілшісі Саламат Омаш, «Хабар» агенттігі» АҚ тілшісі Айгүл Әділова, «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасының журналисі Юлия Ласеева, блогер Жанна Ильичева Мемлекет басшысына сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.
-
«Ана тілі» мобильдік қосымшасы таныстырылдыАғымдағы жылдың 21 желтоқсанында облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Ана тілі» орталығында қазақ тілін үйретуге арналған латын әліпбиіндегі мобильдік қосымшасының тұсаукесері өтті. Аталмыш шарада бірнеше тілдік жобалардың авторы Ш.Кинжикова қосымшадағы бөлімдермен таныстырды.
-
Қазақ жазушыларының 40 туындысы Кореяның ең ірі кітапханасының қорындаҚазақстанның әдеби өнері таңғы самал елінде. Қазақ жазушыларының қырық туындысы Кореяның ең ірі кітапханасының қорын толықтыра түсті. Қазақ әндері, суреттері және кітаптары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сеулде өткен қазақстандық мәдени форумда табысталды. Форумға ғалымдар, жазушылар мен журналистер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысты. Мұндай шығармашылық кездесулер екіжақты байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.
-
Қазақстан астаналарының атауларыҰлан ғайыр атырапты мекендеген алаш халқының сан ғасырлар бойы өткізген өмір көші- қазыналы, шежірелі ғұмыр. Тарихтың төрінде тұрған көне түркілердің бүгінгі таңдағы ұрпақтары тәуелсіздіктің көк туын асқақтатып, бабалардың сан ғасырлы арманы болған еркіндіктің ақ жолына түсті. Әлем халықтарының ішінде жердің бір шетінен екінші шетіне көшіп барып мемелекет болғандары қаншама, алуан түрлі ұлттардың өзара интеграциясының нәтижесінде пайда болғандары да молшылық. Қазақ халқы тамырларын тереңге батырып, қасиетті Дешті қыпшақ даласынан тапжылмай ата жұрттың қара шаңырағын иемденіп қалған этнос.
-
Мәскеудегі Қазақ тілі орталығына 15 жыл толдыМәскеудегі қазақ тілі мен әдебиеті орталығына 15 жыл толды. Бұл жерде оқу оқып, қазақ тілін жетілдірген қаншама жас бүгінде кәсіби білікті маман атанып, өз салаларында қызмет етуде. Олар осы орталықта алған білімін тәжірибе жүзінде табысты пайдаланып жүр.
-
Бақытжан Сағынтаев қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның кезекті отырысын өткіздіОтырыста қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру бойынша Іс-шаралар жоспары туралы, Ұлттық комиссия жанынан құрылған орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық, техникалық және ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыс топтарының атқарған қызметінің нәтижелері, сондай-ақ жаңа редакциядағы әліпби негізінде ереже жобасын әзірлеп, бекіту мәселелері талқыланды.
-
Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қырыКеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады.
-
Қазақстан халқы латын графикасы негізінде диктант жаздыҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында 2018 жылғы 14 қараша сағат 11.00-де (Астана уақыты бойынша) республика бойынша латын графикасы негізіндегі «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті.
-
Текті сөздің төресі – термеБүгін Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми–практикалық орталығының ұйыдастыруымен «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.
-
Онлайн семинар өтедіҚазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 16 қарашада «Бастапқы деңгей: тіл үйрету мен лексикалық минимумды анықтау әдістемесі» тақырыбында республикалық онлайн семинар өткізеді.
-
Түркі әлемі Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін құптап отырҚазақстанның латын әліпбиіне өтуі туралы шешімі – тарихи маңызға ие. Өйткені, Қазақ елі – бүгінде Түркі дүниесіндегі көшбасшы мемлекеттердің бірі. Оның әрбір қадамы күллі Түркі әлеміне әсер етеді. Түрік ғалымдарының ортақ пікірі осындай. Олардың айтуынша, бұл жағдай қазақ тілінің дамуына және әлем тілдерінің қатарына қосылуына үлкен үлес қосады.