Көп оқылғандар
-
«ҚУАНЫШ БҰЛТЫ» ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?Будақ бұлт – 1-2 км биіктікте болатын, үйіліп жатқан жүн, не мақтаға ұқсап келетін сұрғылт түсті бұлттар. Олар тұтаса келе түнеріп, будақ бұлтқа айналып, жазда, нөсер жаңбыр, қыста, жапалақтап қар болып келеді. Қабат бұлт – екі шақырымдай биікте көтерілетін, тұманға ұқсас, сұрғылт қабатты бұлттар. Шарбы бұлт – 6 км-ден жоғары биіктікте түзілетін, майда мұз кристалдардан тұратын, жауын-шашын әкелмейтін ақ түсті бұлттар. Бұлттарға қарап та күн райын болжауға болатындықтан, бұлттардың бабаларымыздан қалған атауларымен таныс болайық:
-
«БӘЛЕКЕЙ» ТҮСІНІГІ ТУРАЛЫТілдегі мәдениет пен сананы, тарихты бағамдарлық ізденістер жасау – зерттеушінің асыл мұраты. Қазақтың ірі тұлғаларының бірі академик Ә.Қайдар «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі: коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бірін-бірі түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі – көркем шығарма тіліне тән, адам баласына тән образы арқылы ерекше әсер ететін, лаззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине, қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне байланысты. Ал тілдің үшінші бір қызметі ғылыми тілмен айтқанда аккумулятивтік қызметі деп аталады.
-
Мереке ҚҰЛКЕНОВ, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері: ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЙТА ЖАЗУ КЕРЕК– ...Одақ тарқап, тәуелсіздікпен бірге ілесе келген нарықтық қатынас қоғамға дендеп ене бастады. Соның салдарынан елдің әл-ауқаты ептеп әлсірегенімен, рухы түсе қойған жоқ. 90-шы жылдардың басын ала шыққан көптеген газеттердің арасынан «Ана тілін» жұртшылық жылы қабылдады... Сіз басылымға Бас ¬редактор болып келгенде апталығымызды қай тұсынан нығайтып, қалай дамытуды ойластыра келдіңіз?
-
«ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ БАЗА: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ»2021 жылдың 23 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинар өткізеді.
-
ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫБатыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы 2021 жылдың 28 сәуір-24 мамыр аралығында өзге ұлт өкілдері жастарының арасында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» атты көркемсөз оқу шеберлерінің Абай оқулары қашықтық байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау және талантты жастарды табу еді.
-
ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУІМІЗДІ ЖІБЕРІП АЛМАҢЫЗҚұрметті оқырман, сіздер үшін жақсы жаңалығымыз бар. Әр жұма сағат 2️⃣1️⃣.0️⃣0️⃣-де осы парақшада ғалым Нұрлыхан Аитовамен тікелей эфирде кездесеміз. Бірінші эфирде қолданыста бар, бірақ мағынасын білмейтін сөздерді сұқбатқа арқау етіп, әр эфирде тіл білімі саласындағы тың ақпараттармен бөлісіп отырамыз. Өзіңіздің ойыңызда жүрген сұрақтарыңыз болса, жолдаңыз. Әрбір эфирде сіздің сұрағыңызға жауап беріледі. ⠀
-
«ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АРҚАСЫНДА КӨТЕРІЛДІМ»Балалар үйінде өсіп, дәстүрлі ән айтатын орыс жігіті жайлы не білеміз. 21 жастағы Алексей Лодочников қазақтың дәстүрлі әндерін нақышына келтіріп орындап, әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етіп жүр. Балалалар үйінде тәрбиеленген ол қазақ тілінде еркін сөйлейді, сондай-ақ, өзін актер ретінде дамытуда. KAZ.NUR.KZ порталына сұхбат берген Алексей мемлекеттік тілді және қазақтың ұлттық аспабын қалай үйренгенін айтып, мұның өзіне қандай басымдықтар беретініне тоқталды.
-
ҚАЗАҚША СӨЙЛЕП ЖҮРСІЗ БЕ?Тіл мәселесі қашанда өзектілігін жоймайды. Көптеген жастарымыз қазақ тіліне шорқақ болып жатқаны бәріне мәлім. Осы мақсатта «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Мен қазақша сөйлеймін» атты акцияны қолға алып жатыр. Оның ерекшелігі – еліміздегі өзге этнос өкілдерінің арасында қазақ тілін дәріптеу.
-
МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен қазақ тілінде сөйлеуді насихаттауға бағытталған «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясының І кезеңі бойынша оқыту тілі қазақ тілі емес еліміздің орта мектептерінің 5-8 сынып (тек этнос өкілдері) арасында қазақ поэзиясынан үзінділер оқып, насихаттау шарасының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті.
-
«ДОСТЫҚ ҮЙЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУҒА АТСАЛЫСАТЫН БОЛАДЫ»Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев осылай деп мәлімдеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Тұңғыш Президент-Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмыс бағыттарының бірі ретінде қазақ тілін дамыту туралы тапсырма берген болатын. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін»,– деген болатын. Ассамблея тарапынан қазақ тілінің өркендеуі үшін біршама жұмыстар атқарылып жатыр, бүгінде елімізде өмір сүріп жатқан барша ұлтқа ортақ тіл ретінде қарышты дамып келеді.
-
АТАТЕГІМІЗДІ ДҰРЫС ЖАЗУ – ҚАЗАҚТАНУ ҮРДІСІҚазіргі таңда қазақтың келешегі, еліміздің болашағы саналатын ұлттық мүддені терең түсініп, басты құндылық ретінде санамызға терең бойлатып, жадымызда ыдырамас жауһар тастай сақтау аса маңызды мақсат. Осы мақсатқа жетуіміздің айрықша негізі – қазақтану. Тәуелсіз мемлекетіміздің 30 жылға жуық мерзім аралығында шыққан сөздіктердің біріне де «қазақтану» сөзі мүлдем кірмеген, өкінішке қарай, сондықтан оған түсінік берілмеген (қараңыз: «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», Алматы: «Арыс» баспасы, 2007; «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Алматы: Дайк-Пресс, 2008).
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАЛДЫБұдан бұрын хабарлағанымыздай, мемлекеттік тіл – қазақ тілін ұлтаралық қатынас құралы ретінде беделін арттыру, азаматтардың қазақ тілін меңгеруге мән беріп, әлеуметтік салаларда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын арттыруға ықпал ету, тіл меңгерушілерді ынталандыру, тіл меңгеруді насихаттауды мақсат тұтқан «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» республикалық акциясы осы жылғы 17 мамырдан бастап жүріп жатыр.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫМАҒАН БАЛА ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ БОЛА АЛА МА?Біз көбейіп келеміз. Нақтырақ айтсақ, әлі де көбейе алмай жатырмыз. Демографиялық өсім бұрынғыға қарағанда, тәуір болғанымен, алаңдайтын мәселелер әлі де бар... Елімізде халықтың өсуінде баяу болса да, жақсы көрсеткіш болғанымен, алаңдайтын нәрселер бар деуіміз бекер емес. Бізде кейінгі кезде орыстану процесі қарқын алғанға ұқсайды. Әлем ұлтты тану процесіне бой ұрса, қазақ билігі, қазақ ата-анасы ұлтсыздану қадамына аяқ басып бара жатқандай. Мысал керек пе, айтайық.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АЙНЫМАЙТЫН ҰЛТТЫҚ РӘМІЗІМІЗ – ЕЛТАҢБАБайқағандарыңыздай тек қана бір тілде – қазақ тілінде. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
-
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!«Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз». Қ.ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті
-
ӘР МҰҒАЛІМНІҢ МІНДЕТІ – ОҚУШЫНЫ ҚЫЗЫҚТЫРУМақала авторы жеке тұлғаларға, халықаралық, шетелдік, ұлттық, жергілік компаниялардың қызметкерлеріне 1997 жылдан бері қазақ тілін үйретіп келе жатыр. Бес оқулықтың авторы. Ең алғашқы оқулығы 2005 жылы жарық көрген. Хабар телеарнасында «Қазақшаңыз қалай?» бағдарламасының сарапшысы болды. Және Ұлы Тау 2021 этнолингвистикалық лагерінің тұңғыш маусымында әдістеме жетекшісінің қызметін атқарды. Кезінде ұстаздары – еліміздің мықты ғалымдары, академик А.Қайдаров, З.Қабдолов, Г. Бельгер қолдау білдірді. Ақсақалдар еңбектеріне оң бағасын берді. Гүлмира Әбілмәжінқызының «Қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемесі» тақырыбы аясында республикалық семинарда жасаған баяндамасын ықшамдап назарыңызға ұсынып отырмыз.
-
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАРҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 2 маусымда онлайн режімде «Қазақ тілін үйретудің авторлық әдістемесі» тақырыбы аясында республикалық семинар өтті.