Популярное
-
Пресс-анонс республиканского конкурса «Государственный язык и СМИ»5 сентября 2022 года Комитет языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан и Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова в рамках 150-летнего юбилея учителя нации Ахмета Байтурсынова проведут торжественную церемонию награждения республиканского конкурса «Государственный язык и СМИ».
-
ЖОЛДАУ ЖАҢА ІСКЕ ЖІГЕРЛЕНДІРЕДІ2022 жылғы 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұжымы үлкен ықыласпен тыңдады.
-
AUDARU.COM АЛҒАШ ОНЛАЙН ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОНЛАЙН РЕСУРСТАРДЫҢ КӨБЕЮІНЕ ҮЛЕСІН ҚОСУДАҚазақстандағы ең үздік Translators Group атты аударма бюросының жетекшісі, қазақ тілінің жанашыры Индира Серикбай 2004 жылдан бастап кәсіби аудармашылық жұмыспен айналы келе жатқан кезінде, оның өзі және аудармашы әріптестері қазақ тілінде онлайн терминологиялық ресурс аз болғандығынан сол салада біраз қиындыққа тап болды. Қазақ тілінде де, басқа тілді онлайн контекстті терминологиялық сөздік болғанын армандап, өздері сондай онлайн сөздіқ жасауға 2019 жылы бел буды. Ол жоба толыққанды екі тілді, яғни ағылшын – қазақ тілді терминологиялық онлайн сөздікке айналып, «Аудару» деген атқа ие болып, үлкен сайтқа айналды.
-
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ҚАТЫСАДЫМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, 5 қыркүйек күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан ресми іс-шараларға қатысады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында жазды.
-
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ: «ТІЛ МӘСЕЛЕСІ ЕҢ АЛДЫМЕН ҰЛТТЫҢ МӘСЕЛЕСІ ...»Назарларыңызға қырғыз әдебиетінің, жалпы әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың «Махаббат Ғаламды жаратты... Ғалам мәңгілік» атты сұқбатынан тілге және ұлттық рухқа қатысты бөлігі ұсынылды. Жалпы адамзат, қоғам, мәдениет туралы келелі үлкен әңгімеге ұласқан сұхбатты кезінде Сұлтан Әкімұлы Раев алған. Ол қазір халықаралық «ТҮРКІСОЙ» ұйымының Бас хатшысы болып қызмет атқарады, белгілі жазушы, Қырғызстанның халық жазушысы, шығармалары көптеген тілдерге, оның ішінде қазақ тіліне де аударылған. Сұқбат ертеректе алынып, жарияланғанына және кейбір мәселелер қырғыз тіліне байланысты болғанына қарамастан, оның бізге, қазақ тіліне тікелей қатысы бар деп ойлаймыз.
-
АЛМАТЫЛЫҚ ҰСТАЗДАРҒА ІТ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ2022 жылғы 26 тамызда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы онлайн режімде Алматы қалалық орта білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне мемлекеттік тілді үйретуге арналған ІТ жобалар жөнінде айтып берді.
-
СЕМИНАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ2022 жылғы 25 тамызда үш күнге созылған Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинары өз жұмысын аяқтады.
-
СЕМИНАРДЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ2022 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинары өз жұмысын әрі қарай жалғастырды.
-
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ2022 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының шетелдіктерге қазақ тілін оқытатын оқытушылар мен әдіскерлерге арнап ұйымдастырған «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинары өз жұмысын бастады.
-
ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ2022 жылғы 23-25 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы осы тақырыпта шетелдіктерге қазақ тілін оқытатын оқытушылар мен әдіскерлерге арнап халықаралық біліктілікті арттыру бағытында онлайн-семинар ұйымдастырады.
-
АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТҚазір Алаш тарихы өткенге бейжай қарамайтын барша отандасымызды ойландырады, толғандырады. Неге? Біріншіден, олар бүгінгі болмысымызды, қасиет-қадірімізді сол кезбен салыстырады. Екіншіден, сапалы жаңаруда ұлттың «алпыс екі тамырына» әсер беретін Алаш жолын қалайды. Бұған, әрине, қуанамыз. Үзілмеген үміт үшін, жалғасқан рухани-тағылымдық сабақтастық үшін!
-
«АНА ТІЛІ ӘЛЕМІ» АПТАЛЫҒЫ2022 жылғы 11-18 тамыз аралығында Ақтөбе облыстық Тілдерді дамыту басқармасы «Ана тілі әлемі» атты ересектерге арналған халықаралық тіл апталығы ұйымдастырды. Шараның мақсаты: шетелдегі қандастарымызбен ұлттық бірегейлікті сақтауға, рухани-мәдени байланысты нығайтуға ықпал ету, оқу-әдістемелік көмектер көрсету. Апталық аясында Тілдерді оқыту орталығы оқытушылары ұлтымыздың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға және дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, қандастарымызға мемлекеттік тілден дәрістер оқып, танымдық сабақтар жүргізді. Апталық ұлы ақын А.Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен ашылып, оқытушылар Г.Төлегенова, Ш.Түменбаевтың «Әдебиет әлемі. Абай шығармашылығы», «Абайды оқы, ерінбе» атты танымдық дәрістерімен жалғасты.
-
ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛАҒАТЫҰлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы өзі сүйген ұлттың сөзі айтылды. Бірақ сонда да аз секілді, қазақ үшін күрескен тауанды тұлғаның тереңіне кім бойлапты. Жақында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінен қайраткердің құжаттарын көзіміз шалып қалды. Алаштың арманы үшін алып империямен алысқан қазақ баласының жүрек сөзі жазылған қолжазбалар ерен ерді еске түсіреді. Астаналық архивтің 430-қорында, яки шетел мұрағаттарынан табылған құжаттардың ішінде 1915 жылы «Қазақ» газетінің бас редакторы Ахмет Байтұрсынұлының қазақтардан жерді тартып алу, халықтың кедейленуіне әкелген билік реформалары туралы мақалалар жариялағаны үшін тұтқынға алынғаны туралы мәліметтер бар. Бұл шежірелі деректерге назар салсаңыз, қара халықтың мұң-мұқтажы айтылып қана қоймай, кеңес идеологиясының құрбаны болғаны суреттеледі.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ БЕЙМӘЛІМ ОРЫНБАЕВ МЕКТЕБІА.Байтұрсынұлының ғұмырнамасынан бүгінгі күнге дейін беймәлім болып келген деректердің бірі – ұстаздың Қостанай уезі Меңдіғара болысындағы Орынбаев мектебіндегі қызметі. Әулиекөл болыстық мектебінен кейін ол Қостанай уезіндегі Орынбаев мектебі мен Қостанай педагогикалық сыныбында ұстаздық етеді. М. Әуезовтің «…Қостанай уезіндегі Әулиекөл деген жерде екінші рет оқытушы болған. Әулиекөлден үшінші рет ауысып барған школы Қостанай қаласы…» деп жазуы – осы бір ауыс-түйіске байланысты дерекнама болатын. Қостанай қаласы А.Байтұрсынұлының ұстаздық еткен үшінші (Бестамақ – Әулиекөл - Қостанай) орны болды. Бірақ оның қай жылы Қостанай қаласына ауысып келгенін нақты белгілеу әзірге мүмкін болмай отыр. 1901 жылдың қорытындысы бойынша жасақталған Торғай облыстық статистикалық анықтамалығында А.Байтұрсынұлы Қостанай уезі Меңдіқара болысына қарасты Орынбаев (Урунбаев) мектебінде қызмет атқарғандығы тіркелген.
-
ВИЦЕ-МИНИСТР АРНАЙЫ КЕЛДІ2022 жылғы 17 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұжымымен кездесті. Талғат Ілиясұлы кездесу барысында, бірінші кезекте, мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтауы үшін аянбай қызмет жасап келе жатқан Орталық қызметкерлерінің жұмыс жағдайына жіті назар аударды.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ ҰЛТШЫЛДЫҒЫНЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІҚазіргі қоғамдық санада «Ұлтшылдық» ұғымы жағымсыз реңкке ие болып, ол жөнінде айтыла қалса, ойымыз тіпті нацизмге дейін әлдебір сұрықсыз, тұрпайы құбылысты бейнелейтін деңгейге жеткен. ХХ ғасырда нацизмді басынан кешірген адамзат баласы ұлтшылдықтан үрейленетін дәрежеге жетіп, оны қабылдағысы келмейтіндей сыңай танытуда. Сонымен бірге, посткеңестік жас мемлекеттерде кеңестік идеологияның ұлтшылдыққа таңған ескірген ұғымдары әлі де сақталуда. Дәл осы арада біз Францияны, Германияны, Ресейді, Үндістанды, Иранды тағы да бүгінде қуатты мемлекеттерге айналған елдердің тарихи даму сатысында ұлтшылдық кезеңінен өткендігін, егер ондай кезең болмаса аталған мемлекеттер біртұтас саяси-қоғамдық құрылым бола алмайтындығын не ескергіміз келмейді, не болмаса олар жөнінде білеріміз көп емес.
-
«ТІЛ – ҚАЗЫНА» ЖОБАСЫ СТАРТ АЛДЫ2022 жылғы 17 тамыз күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ақпараттық технология басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы қатысқан «Тіл-Қазына» жобасы Қарағанды облысында старт алды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қолдану аясын кеңейтуге бағытталған бұл жоба биылғы қарашаға дейін аталған өңірдің 11 өңірін аралап шығады.
-
ҒАЛЫМЖАН ИБРАҺИМОВ ТҮРКI-ТАТАР ОЙШЫСЫ, ТҮРКI-ТАТАР БIЛГIРІ, ТҮРКI-ТАТАР ЖАЗУШЫСЫМәдениет жолында артта қалған елдің алға шығып, көзге көрінерлік адамдары саусақпен ғана санарлық болады. Бұл – бір. Екіншіден, ондай адамдардың өз халқынан арттырып, ісінің нәтижесін шетке шығарарлықтары да аз болады. Жырақта, далада, жатқан біз – қазақ туғандарының көзіне Ғалымжан жолдас көптен түскен бір азамат, оның істеген істері, ойлаған пікірлері татар мұхитынан шетке шығып, бізге де асқан бір кісі. Сондықтан оның 20 жылдық пікір, тіл қызметін еске алып, оған құрмет көрсетіп, өз халқы той қылып жатқанда, біз де бір-екі ауыз сөз айтуға тиістіміз деп таптық.