Популярное
-
ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚ ИЕСІМЕН ЖҮЗДЕСТІШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бір топ мамандары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушысы, қазақша ымдау тілін танудың интеллектуалды жүйесін жасап шығарған ғалым Нұрзада Амангелдімен арнайы кездесті.
-
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚША ТҮСІНЕ БАСТАЙДЫБүгін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай мен «Speech Lab» ЖШС директоры Жұлдыз Татагулова бірнеше айдан бері жүргізіліп келе жатқан келіссөздердің нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Speech Lab» - жасанды интеллектіні еліміздің аудиториясына бейімдеу бойынша үлкен бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан компания.
-
«АНА ТІЛІ» СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІҚырғыз Республикасының Жогоргу Кенеші (Парламент, – ред.) Мемлекеттік тіл туралы заң жобасын қабылдады. Құжатты депутаттардың көбі қолдаған. Мемлекеттік тіл жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Каныбек Осмоналиевтің айтуынша, енді заң жобасының талабы бойынша мемлекеттік тілді білмейтін адам мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Мемлекетік тілді кемі В1 деңгейінде, яғни орташа деңгейде білетіндер ғана мемлекеттік қызметке тағайындалады.
-
"АНА ТІЛІ" ГАЗЕТІ АРҚЫЛЫ ОЙ БӨЛІСТІТіл – ұлттың жаны. Тіл – рух. Тіл – құдірет. Ұлттық мүдде де тілден басталады. «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» дейтініміз де сондықтан. Тәрбиенің де негізі тілде жатыр. Тіл – ұлттың тамыры дейміз, сол тамыр шірісе, тіл өледі, тіл құрыса, ұлт жойылады. Сонымен қатар тіл – татулық тірегі екені де рас. Тарихы мыңжылдықтарға кететін халқымызбен бірге жасап келе жатқан құдірет те тіл ғой. Демек, қазақ тілі де ежелгі тіл. Ең бай, ең құдіретті, ең құнарлы. Қазақтың тілі туралы көп дүние айтуға да, жазуға да болар. Сіздерге ұсынған мақаламда тілге қатысты бірқатар мәселелерді айтып, ой бөліссем деген едім...
-
ҚАЙНАР ОЛЖАЙ: ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ САҚТАЛМАЙ БАРАДЫҚазақ журналистикасының қара қазанында қайнап, ұлт мәселесін қаузап, қаламын ұштаған, кешегі Сейдахмет Бердіқұлов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбай секілді мықты бас сарапшылардың шекпенінен шыққан Қайнар Олжай ағамыз жуырда редакциямызға келіп, бар білгенін, жиған-тергенін бөлісті. Сауатсыз сөйлемдер, қате мәтіндер, шұбалаңқы ойлар туралы нақты мысалдарын көрсетті. «Ұлт ұпайы» айдарының бүгінгі қонағы – танымал журналист, Президент грантының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай.
-
«ҚАЗАҚ ТІЛІН ЦИФРЛАНДЫРУЫМЫЗ КЕРЕК» – АНАР ФАЗЫЛЖАНҰлттық құндылықтың негізгі күретамыры – оның ана тілі. Заман талабына сай тіл де жаһанданудың үрдісіне ілесіп, дамып отыруы керек. Қазақ тілінің күнделікті қолданысын зерттеп, өткенін саралап, болашағын бағдарлап жүрген бірден-бір орталық – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. Біз институт директоры Анар Фазылжанға хабарласып, қазақ тілінің келешегі мен қазіргі мәселелері жайлы әңгімелестік.
-
«МАХМҰД ҚАШҚАРИ КІТАПХАНАСЫ» АТТЫ КІТАП БҰРЫШЫ АШЫЛДЫАлматы қаласындағы Alatau Creative Hub орталығында «Махмұд Қашқари кітапханасы» атты түрік әдебиетінің кітап бұрышы ашылды. Аталған бастаманы Түркия Республикасының Алматы бас консулдығы, «TURKTAV» түркі тарихы және мәдениеті қоры және Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бірлесіп жүзеге асырды.
-
ӘР СӨЗДЕ МЫҢ ӘУЕН БАРТілші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Байынқол Қалиұлының «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» деп аталған еңбегі 2014 жылы жарық көрген еді. Бүгінгі сырашарға арқау еткелі отырғанымыз – сол сөздіктің биыл қолымызға тиген заңды жалғасы, яғни 2-томы.
-
БУРАБАЙДА ЖАС ҚАНДАСТАРЫМЫЗБЕН КЕЗДЕСТІ2023 жылғы 10 шілде күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Абай» институтының жетекшісі Айгүл Әділбекқызы мен Тіл HuB бөлімінің жетекшісі Мөлдір Бақытқызы Бурабайдағы Шучье көлінің оңтүстік-шығыс жағалауына орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектебі базасындағы көрме жұмысына қатысты.
-
Жүсіпбектің «Мәдени кіндігі»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында: «Қазір Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты көптеген архив материалдары зерттелуде. Бұрын халқымызға беймәлім болған тың мәліметтер жарыққа шығып жатыр. Жақында сол құжаттардың ішінен «авторы Жүсіпбек Аймауытұлы» деп көрсетілген шығарма табылды» деп айтқан еді. Шынында да, алаш қайраткерлерінің ұлт мүддесі жолында атқарған істері әлі зерделеуді қажет етеді. Жүсіпбек Аймауытұлының өміріне қатысты төмендегі дерек те осыны айғақтайды.
-
Түркия қазақ тілін оқыту әдістемесін дамытуға көмектеседіБиыл 12-15 маусым аралығында Түркияның астанасы Анкарада бірнеше ұйымның кездесуі өтті. Онда келіссөз жүргізіліп, рухани-мәдени, әдістемелік байланыс орнату туралы меморандум жасалды. Солардың ішінде тілді оқыту әдістемесіне қатысты да бірқатар құжатқа қол қойылды. Кездесу барысындағы маңызды мәселелерді кеңінен түсіндіру үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орнынбасары Абзалбек Ғабитпен сұхбаттастық.
-
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ АНА ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРДЫ ӘЗІРЛЕУ, ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ЕРЕЖЕСІЕреже Қазақстан Республикасының Конституциясына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңына, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» және тағы да басқа нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес, мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен олардың баспа және электронды нұсқасын шығаруды ұйымдастырудың талаптарын белгілейді.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ ТАБИҒИ ТҮРДЕ ДАМЫП КЕЛЕДІЕлім дегеннің бәрі тәуелсіздік алғалы бері «Қазақтың жаны үшін күрес жүріп жатыр!» деп дабыл қағып келеді. Ал қазақтың жаны – қазақ тілі. Бүгінгі таңда «Қазақ тілі орыс тілінің көлеңкесінде қалмай ма?» деген түйткілді сұрақ ескірді. Демографиялық өсімнің арқасында бұл дерттен айықтық. Бұған 2021 жылғы ұлттық санақтың қорытындысы дәлел: Мемлекеттік тілді білмейтін азаматтардың үлес салмағы жиырма пайызға жетпейді. Бірақ технологиялардың, әсіресе медиакеңістіктің ұлғаюы, ғаламтор қолданысының кеңеюі нәтижесінде алдымыздан жаңа бір сұрақтар менмұндалап шығып отыр.
-
ТАРАЗДА ТАҒЫЛЫМДЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІЖамбыл облыстық Тілдерді оқыту орталығы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру, сонымен қатар, БАҚ-тарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тіл мәдениеті, тіл тазалығын сақтау, қазақ тіліндегі ақпараттардың сапасын арттыру мақсатында «БАҚ және тіл мәдениеті: тілдік нормалар» атты республикалық семинар ұйымдастырды.