Популярное
-
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫ ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ КЕДЕРГІ ЕМЕСТілді қай жаста, қашаннан бастап үйренген дұрыс? Бұған біржақты жауап беру қиын. Тіл үйренудің қатып қалған ережесі жоқ, тіпті жас кезінде үйрене алмағандар егде жаста да қолға алуына болады. Ең қызығы, егде жастағылар тіл үйрене отырып, денсаулығын түзеп жатқанын аңғармайтын да болар?
-
«Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасының жинағыҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында қазақ тілінің қолданылу барысына мониторинг жүргізді.
-
АХАҢ — МЫҢЖЫЛДЫҚТАРДЫҢ АДАМЫАлаштың ардақты ұлы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын Қазақ Елі барынша ұлықтап, тарихқа таспалады. Осындай айтулы жылдың естен кетпес оқиғасынан бір ғасырлық тарихы бар қазақ радиосы да қалыс қалмады. Әуе толқынынан «Ұлт ұстазы» атты хабар ашып, дара тұлғаны жан-жақты насихаттауды борыш санады. Оның басты себебі, 1921 жылы Орынбор қаласынан қазақ даласына радионың үнін алғаш рет естіртіп, хабарды таратқан да Ахмет Байтұрсынұлы болатын. «Ұлт ұстазы» хабарының қорытындысына Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуді ұсынған, жыл бойы ізгілікті істердің орындалуына мұрындық болған руханият жанашыры, ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлын шақырған болатынбыз. Сұхбат 2022 жылдың соңында «Қазақ радиосында» берілді. Жыл бойы эфирден жүрген хабардың сіргежиярын газетке арнайы ұсынып отырмыз.
-
Араб, латын және кирилл қаріптеріне қалай өттік? Қазақ әліпбиінің тарихыҚазақ тілі латын әліпбиіне көше ме, жоқ па? Біраз уақыт бұрын ғана бұл мәселе БАҚ беттерінде көтеріліп, қоғамда қызу талқыға түсіп, табан асты көтеріліп, сол бойда ұмытылып отырды. Шаяхметов атындағы республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы (2018 жылы «Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» болып қайта құрылды. -ред) бірнеше нұсқа ұсынғаннан кейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесінің қиындықтары басқа арнаға ауысып, қазақ тілінің орфографиясына тұйықталды. Ал қоғамды алаңдатқан басты мәселе қазақ тіліне ғана тән тоғыз (жаңа әліпби бойынша сегіз) әріптің "тағдыры" еді.
-
АЛАШ БАЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОҚУЛЫҚТАРЫ - ІІІ1912 жыл қазақ зиялыларының көптеп оқулық жазған жылы саналады. Бұл жылы Ахаң ғана емес, алаштың өзге де балалары оқулық жазудан өздерін ағарту аламанының сынағына салып көрді. Ұлт ұстазы 1912 жылы өзі қазақ және өзге де мұсылман түріктерге ортақ, араб графикасы негізіндегі ескі жазуды (Шағатай жазуы немесе қадімше) реформалап жасап шыққан «Төте жазуын» жариялады.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІҚазақ тілінің тарихы жайлы не білеміз? Қазақ тілін дамыту үшін қандай іс атқарылып жатыр? Қазақ тіліне қоғамда сұраныс артты ма? Осы сауал төңірегінде «Atameken Business» ұлттық кәсіпкерлер палатасының youtube каналында «Қазақ тілі» атты деректі фильм жарияланды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша дайындалған деректі фильмде тіліміздің тасқа басылған тарихынан сыр шертіп, бүгінгі даму бағыты бойынша мамандардың пікірі берілген.
-
АЛАШ БАЛАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОҚУЛЫҚТАРЫ - IIАхаңнан бұрын, Алтынсариннен кейін қазаққа оқулық жазғандар бар. Өткен жазбамызда біз тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин жазған «Қазақ хрестоматиясы» 1879 жылдан 1906 жылға дейін қолданыста болғанын, бұл тұңғыш оқулықтың бірнеше рет кирилл және қадім жазуымен (бұл кезде төте жазу барлыққа келмеген. – Ә.А.) басылып, сол арқылы балалар сауатын ашқанын айтып едік. Бүгін біз оқырманға қазақ оқулықтарының қарлығаштарының бірімен таныстарымыз.
-
Алаш баласының алғашқы оқулықтары - IБүгіннен бастап Алаш мұралары туралы ізденіс үстіндегі жас маман, еліміздегі Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан қазақтың өткен ғасырлардағы көптеген мұраларын жарыққа шығарып, оқрыман қауымен бөлісіп жүрген, ақын, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Әділет Ахметұлы желілес жазып отырған, Алаш баласының ғасыр бұрынғы оқулықтарын таныстырып отырамыз! - Редакция
-
ЕЛІМІЗДЕ АНА ТІЛДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАМА ШЫҒАДЫОған сәйкес, тағы да ауқымды семинарлар өтеді, жиындар ұйымдастырылады, тіпті дарындыларды түкпір-түкпірден жинайтын байқаулар өткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Егемендік алғалы мемлекеттік тілдің көсегесін көгерту үшін ұйымдастырылып жатқан шаралар осылай тізіліп кете береді. Қыруар қаржы бөлінеді. Жауапты шенеуніктер есеп береді, үкімет оларды арқадан қағып, бас шұлғиды. Биыл да атқамінерлер жылдағы дәстүрден жаңылмады.
-
ОРЫСША ОҚУШЫЛАР5-ші августа Орынбордағы киргизский учительский школаға кіремін деп келген талапкерлерге етмихан болды. Кіруге келген 80 кісі еді, оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан аларлық қазына һәм стипендия орны алтау-ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан басқалары, ауқаты көтерсе, өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пәтерде тұрып, сонан келіп оқып жүреді я жылына 150 сом төлеп школдан тамақ ішіп, киім киіп, сонда жатып оқуға да болады. Бай адамдарға жылына 150 сом көп ақша емес, кедейлерге күшінен келмейтін көп ақша. Солай болған соң, дұрысы былай істемек еді: бай балалары өз жанынан оқып, жарлы балаларына қазына орнынан беру еді. Оны істейтін біздің Торғай мен Орал облысында байлар жоқ. Қазына орнына бай балалары жарлы балаларымен таласа кіреді. Қазақ байларының қалыбын істемей тұрған Мамановтар көрінеді. Медресесінде оқып жүрген балалардан зерек-зерек балаларды тандап алып, жылына 300 сом ақша расход кесіп, орысша, мұсылманша болсын, оқу оқып қайтуға жібереді екен. Сондай жіберген баланың бірі биыл киргизский учительский школаға кірді. Бұрын медресе «Ғалияда» оқып, былтырдан берлі орысша мұғалімдік ғылымын білу ниетпен учительский школа я семинарияға кіру үшін орысша оқыған екен. Талапкерлерге керекті ақшасын беріп, оқуға жіберіп жүрген байлар да, олардың ақшаларын адалдап орнына жұмсап жүрген бала да жарайды. Бір жыл орысша оқып, бірден соңғы болып школаға емтихан беріп кірді.
-
АБАЙДАН СОҢҒЫ АҚЫНДАРҚазақтың мінезін суреттен, мінін жазып, сырын ашып, көзге көрсететін, елдің халін қайғырынып, жақсылыққа сүйреген сөздер Абайдан бері басталды. Абайдан бұрын қазақтың мінез-қалпын суреттеп берген айна болған жоқ, міні айтылмай, жүзі жуылмай, бітеу, тұйық күйде келді. Сол уақыттағы сөздер таразыға тартылып, ақылға салынбады. Надандық пердесін жырта алмады. Таяз, ұсақ, көрнексіз түрде болды. Абайдан бері әлгі өмірдің тұйығы жойылып, түйіні шешіліп, сыры сыртқа шығып, мінез айнаға түсіп келе жатыр. Қалам шамасынша шеберлеп, келісті жақсыны да, кейіпсіз жаманды да суреттеп отыр.
-
ҚАЗАҚТЫҢ ӨЗГЕШЕ МІНЕЗДЕРІГазета жүзінде қазақтың һәртүрлі кемшіліктері түртіліп жазылып жатыр. Мысалы: ұйымсыздық, күндестік, парақорлық, партия, әділетсіз билік, әйелдің халі деген сияқтылар. Рас, мұның бәрі аянышты халдер, бірақ, бұлар әр міннің бұтақтары. Роман, өлең, мақала жазушылар да осындай ұсақ кемшіліктерді көрсетпек. Қазақтағы неше түрлі болып тұрған ауыр халдердің түпкі негізгі, тамыры қайдан тарап, бұл күйге ұшырағанын ешкім қолға алып, мәтбұғат жүзінде қозғап көрген жоқ. Соның үшін бұл терең сауалды жұрттың есіне салып, жүректерді қыздыруға сөз бастап отырмыз. Бұрынғы уақытта қазақ елі ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы әрі бітімді, қайратты, сауықшыл болған екен. Досымен достасып, жауымен жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен. Рас, бұл уақыттағы ұйымшылдық күні үшін болса да, жүре-бара бет түзеп, қалып алатын сүреңі бар сияқты еді, естуімше (Әрине, халық болған соң түгел самдай, мұнтаздай деуге келмейді, надандық уысында талай оқшау мінездер болған, оған орын беруді артық деп білеміз).