Популярное
-
«Тіл және қоғам», «Терминологиялық хабаршы» журналдарын әзірлеу ережесі«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Тіл және қоғам» электрондық альманағын, «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетенін әзірлеудің ЕРЕЖЕСІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жаһандану кезеңіндегі қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақалаларды қабылдау талаптарын белгілейді.
-
Қазақ дубляжының дамуы қай деңгейде?Дубляж – сан шеберді бір арнаға тоғыстырған кірпияз өнер. Оған аударманың сапасы, тілдің тазалығы, актердің шеберлігі ғана жатпайды, оны идеология деп те айтуға болады. Кеңес дәуірінде қазақ дубляжы үлкен мектеп болып қалыптасты. Оның дамуына театр және кино өнерінің майталмандары үлес қосып, олар өзге елдің үздік туындыларын жоғары деңгейде дубляждап, көрермендерді рухани байытты. Тоқсаныншы жылдары дубляж өнері ептеп қағажу көргенімен, қазір қайта жаңаша өріс алды. Кейінгі жылдары бірқатар шетелдік фильм мен анимациялық туынды дубляждалып, жұртшылыққа жол тартты. Сондықтан бүгінгі дубляждың дамуы қай деңгейде деген оймен осы саланың жілігін шағып, майын ішіп жүрген мамандармен дөңгелек үстел мәжілісін өткізген едік.
-
Шетелдегі ағайын қазақ тілін ұмытпасын деп...Соңғы деректерге сүйенсек, шетелде жеті миллиондай этникалық қазақ тұрады. Бұл деректерді 2020 жылы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы көші-қон процестерін реттеу туралы заң жобасын талқылау кезінде айтқан болатын. Одан бері бұл сан өзгерген де болар. Жалпы шетелде тұратын қазақтардың санын тап басып айтқан дерек табу қиын. Жә, бұл басқа мәселе... Бүгін айтқымыз келетіні – сол этникалық қазақтардың ана тілін қаншалықты біліп-білмейтіні. Олар тұрғылықты өлкесіндегі ұлтпен ассимиляцияға ұшырап, тілін, тілімен бірге ұлттық менталитетін жоғалтып жатқан жоқ па? Жоғалтпауы үшін не істеліп жатыр? Осы сауал төңірегінде дерек жинауға тырыстық.
-
Қазақ тілі ұлттық кіші корпусының тұсауы кесілдіҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетіШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы«Қазақ тілі ұлттық корпусыпублицистикалық мәтіндер кіші корпусының» https://test.qazcorpora.kz тұсаукесер рәсімі өтті.
-
Тіл реформасы: жаңару өрісіҰлттың рухани дамуы – оның тілімен, мәдениетімен тікелей байланысты екені баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің дамуын жаңа сатыға көтеретін «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын жүзеге асыруға қатысты құжатқа қол қойды. Аталған ұлттық жобадағы тіл мәселесіне арналған тараудың маңызды бөлімі – жазу реформасына қатысты. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшірілуі осы реформаның негізі дер болсақ, жаңа жазудан не күтеміз, оның бізге берері не, ол тілімізді қалай жаңғыртпақ деген сауалдар көпті мазалайтыны анық.Рухани жаңғырудың өзегі де, арқауы да – тіл. Қандай реформа болсын, оның жүзеге асуы үшін мазмұны да, соған орай түрі де өзгеруі керек. Біз тілдің мазмұнын сөз байлығымен, ал оның түрін – әліпбимен, емлемен, тілдің грамматикасымен байланыстырамыз. Ғасырлар бойы қалыптасқан тілдің құрылысын өзгерту мүмкін емес. Дегенмен саяси идеология ықпалымен әліпбиімізге енген жат таңбалардан арылып, соған орай емлеміздің кейбір тұстарын жаңартуға міндеттіміз. Латынграфикалы әліпбиге көшу осы өзгерістерге мүмкіндік беретін фактор іспеттес.
-
СОСТОЯЛАСЬ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА НА ТЕМУ «ТУРИЗМДІ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕТЕЙІК»30 ноября 2021 года в г. Нур-Султан Национальным научно-практическим центром «Тіл-Қазына» имени Ш.Шаяхметова Комитета языковой политики Министерства образования и науки Республики Казахстан в рамках государственного задания проведена церемония награждения республиканского конкурса на тему «Туризмді қазақша сөйлетейік».
-
Интернет-ресурстардағы мемлекеттік тілдің қолданысы сарапталды«Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу жобасы аясында ағымдағы жылы 180 мекеменің ресми сайтына сараптама жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде 89 мекеме өздерінің ресми сайттарына түзету енгізген. Бұл ақпарат бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстардағы қолданысы» тақырыбындағы республикалық онлайн семинарда айтылды.
-
Состоится республиканский семинар «Использование государственного языка на официальных интернет-ресурсах»25 ноября 2021 года по заказу Комитета языковой политики Министерства образования и науки Республики Казахстан Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Ш. Шаяхметова в рамках проекта «Анализ и мониторинг языковой ситуации в Республике Казахстан» в режиме онлайн проведет республиканский семинар «Использование государственного языка на официальных интернет-ресурсах».
-
Байқау жариялаймыз!Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұлт қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай, осы мерейтой символикасы жобасының нұсқасына байқау жариялайды.