Популярное
-
«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСНАМАСЫ»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 16 сәуірінде «Қазақ тілін үйретудің заманауи әдіснамасы» тақырыбы аясында онлайн режімде әдістемелік семинар ұйымдастырады.
-
ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Қылышынан қан тамған Кеңес өкіметі күштеп тоқтатуға қанша әрекет қылса да, ұлық мерекені жүрегімізден өшіріп тастай алмады. Тәуелсіздік алғаннан кейін қайта ресми мәртебе беріліп, тарихи әділеттілік қайта орнығып, қасиетті мерекемен қуана қауыштық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
-
САНАНЫ ӨЗГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТЕТІГІҚоғам санасы мен дүниетанымына маңызды бетбұрыс әкелген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаһандық жаңашылдыққа әкелетін жол екенін әйгіледі. Заманға сай жаңғыру міндетін алға қойған Тұңғыш Президент – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы төрт жыл ішінде ішкі ұмтылыс пен дамуымыздың басты қағидасына айналды. Соның бірі ауқымды және жоспарлы түрде қолға алынған маңызы зор тарихи оқиға – латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшуіміз.
-
ТЕРМИНОЛОГИЯ ТАРЛАНБОЗЫ«Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Телқожа ЖАНҰЗАҚ пен филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВТІҢ осы аттас мақаласы былай басталады: «Ана тілінің абызы атанған Ұлттық ғылым академиясының академиктері Әбдуәлі Қайдар, Шора Сарыбаев, Рабиға Сыздықовалардың қатарында бірге аты аталатын қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдерінің бірі – академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Айтбаев көзі тірі болғанда 85 жасқа толар еді... Бар өмірін қазақ халқының ең киелі асыл мұрасы – қазақ тіліне арнаған ғалым туралы сөз етуді жөн көрдік».
-
«I HAVE A DREAM» – РЕСПУБЛИКАНСКИЙ КОНКУРС СОЧИНЕНИЙ ДЛЯ ДЕТЕЙ ДО 18 ЛЕТО чем мечтают юные казахстанцы? Кем они хотят стать в будущем? Какие вершины покорят? Какие книги напишут? Совершат ли они кругосветное путешествие или придумают новый вид транспорта? А может быть, они смогут решить все мировые проблемы или изобрести универсальное лекарство?
-
КУРСЫ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКАС 17 февраля 2021 года ученые Национального научно-практического центра «Тіл- Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова Сапина С. М., Кенжемуратова С. К. начали курсы казахского языка в антикоррупционном агентстве РК для сотрудников, желающих изучать казахский язык. Уровень слушателей курса определялся с помощью специально разработанных тестовых заданий. Всего на курсе обучается – 57 слушателей.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӨРКЕНИЕТ КӨШІНДЕБірнеше дыбысты бір әріппен ықшамдап, яғни үнемдеу заңдылығына негіздеп жазу – әлемнің барлық елдерінің тәжірибесінде бар үрдіс. Заманауи жаһандану (глобализация), әлемдік ықпалдасу (интеграция), жылдам ақпарат пен жаңа технологияларды меңгеру мен енгізу, ғарышты игеру жағдайында ешқандай ел бұл үрдістен тыс қалмасы анық. Басқа елдермен «терезесі тең», бәскеге қабілетті боламыз десек, қазақ ұлты да тілі де өз ерекшеліктерін сақтай отырып әлемдік өркениет көшінен қалмауға тырысуы керек.
-
ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН!«Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады. Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты. Бүгінде олардың туған жері де, Отаны да – Қазақстан. Біз көпэтностық сипатымызды артықшылығымызға айналдыра алғанымыз анық». Қ.ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.
-
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ «НАУРЫЗ» ТУРАЛЫ...Наурыз мерекесінің тарихи дәуірлерде, дәстүрлі қазақ қоғамында алатын орнын айғақтайтын маңызды жазба деректер қатарын Алаш қайраткерлерінің жазбалары қамтиды. Парсы күнтізбесінде «наурыз» ай аты емес, жылдың басы фарвардин айының 1-ші күні, жаңа күннің аты, яғни қазақтар бұл күнді «Ұлыстың (жылдың) Ұлы күні» дейді. Наурыз мерекесі ерте заманнан түркі дүниесіне ортақ мұраға айналғанымен, әр халық бұл мерекені өзінің дәстүрлі әдет-ғұрыптарына, дәстүрлі тұрмыстарына, дәстүрлі шаруашылықтарына сай бейімдеген. Қазақ халқының да Наурыз мерекесін өзінің дәтүрлі шаруашылығына сай қалыптастырғанын бізге келіп жеткен жазба деректер, ауызша деректер мен ғұрыптар дәлелдейді.
-
ТЕГІМІЗДІ ҚАЛАЙ ЖАЗҒАН ЖӨН?Тегімізді орыс тілінің -ов, -ев, -ин қосымшаларынсыз жазу азаматтар тарапынан кей жағдайда қолайсыздық тудыратыны жайлы баспасөзде, әлеуметтік желілерде, түрлі басқосуларда толастар емес, соңғы кездері жиірек сөз болып келеді. Күн тәртібінен түспей келе жатқан бұл мәселе төл жазуымыздың латын графикасына көшетін тұста көкейтестілігі арта түспек. Осы мәселеге қатысты маман ретінде өз тұжырымымызды айтпақпыз.
-
ЖАҢА ӘЛІПБИДІ ҮЙРЕТУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛУЫ ТИІСҚазіргі қоғамдағы ақпараттық кеңістікке балаларды бейімдеу үшін олардың логикалық және ақпараттық қабілеттерін дамыту қажет. Сондай жаңа ақпараттың бірі әрі бірегейі – бүкіл қазақ қоғамы талқылып жатқан жаңа латын әліпбиі. XХI ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазірге кезде кішкентай бүлдіршіндеріміз өз ана тілін ғана меңгеріп қана қоймайды, қоса ағылшын тілін де үйреніп жатыр. Сондықтан ағылшын тіліндегі әріптер мен жаңа әліпбидегі әріптер ұқсас болғандықтан оларды үйрену қиын болмас.
-
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: МІНДЕТТЕР МЕН МҮМКІНДІКТЕРЕлімізде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстары 2017 жылдан басталғанын жақсы білеміз. Осы уақыттан бері бірқатар жұмыстар атқарылды. Олар ғылыми, әдістемелік және насихаттау жұмыстары. 2019 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма бергеннен кейін Үкімет жанынан құрылған Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобының ғалымдары әліпбиді жетілдіруге байланысты жұмыстар атқарды. Бұл ғылыми топ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарынан тұрады. Орфографиялық жұмыс тобының бірнеше отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа техникалық топтың ІТ мамандары, сондай-ақ терминологиялық, әдістемелік жұмыс тобының мүшелері де шақырылып, әліпбидегі өзгерістер жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде бұл әліпбиді Орфографиялық жұмыс тобының 95% қолдады.