Популярное
-
ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ – МАМАНДАР ТАЛҚЫЛАУЫНАН ӨТКЕН НҰСҚАОсы жылғы қаңтар айының соңында Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Ұлттық комиссия отырысында жетілдірілген жаңа әліпби жобасымен бірге «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелерінің» соңғы нұсқасы бірауыздан қабылданды және мақұлданды. Емле ережелерінің құрылымы мен мазмұны қандай болуы керек деген сұрақ туындауы да мүмкін. Алдымен айтарымыз – Емле ережелері – аса маңызды нормативті құжат, оның құрылымы заңнамалық актілер жасауға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс, әрі емле ережелерінің құрылымына қатысты әлемдік тәжірибеде қалыпты нысандар бар.
-
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АЯУЛЫ ӘРІПТЕСТЕР!«Аяулы аруларымыздың жетістіктері – бүкіл халықтың мерейі. Бүгінде еліміздің қыз-келіншектері түрлі салада қызмет етіп, табысқа жетуде. Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. ХХІ ғасырда әйел, бір жағынан, сұлулық пен ізгіліктің бейнесі болса, екінші жағынан, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, аруларымызға тән ғажайып үйлесім, айрықша ұмтылыс, әр іске деген шығармашылық көзқарас, еңбекқорлық пен жауапкершілік – ұлтымыздың жаңа болмысын нығайтатын қасиеттер». Қ.ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.
-
ПЕРНЕТАҚТАНЫҢ ЕКІ НҰСҚАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫБүгінгі таңда қазақ жазуын латын графикасына ауыстыру қарсаңында қазақ ұлттық әліпбиін бекіту мен емлесін жазу сияқты басты шаралармен бірге, ұлттық пернетақта жасау да маңызды мәселе болып отыр. Өйткені қазіргі заман – ақпараттық технология заманы, яғни мәтінді компьютерде теру арқылы жазу әрекеті басым бағыт алып отыр. Осы ретте қазақ ұлттық пернетақтасын жасау бойынша елімізде, арнайы мемлекеттік ұйымдарда, ғылыми орталықтарда талқылау жұмысы қызу жүргізілуде. Соның бірі – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ғылыми-практикалық орталығында өткен жиын (14 желтоқсандағы орфографиялық, әдістемелік, ақпараттық топ мүшелерінің кеңейтілген отырысы).
-
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: ҮЙРЕНУШІНІҢ КӨЗҚАРАСЫ»2021 жылғы 26 ақпан күні Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы осы аттас онлайн ойталқы ұйымдастырды. Еліміз бойынша азаматтар қазақ тілін А1 деңгейінен С1 деңгейіне дейін тегін үйренеді. Мемлекеттік қызметшілер жыл сайын бір деңгейден екінші деңгейге өту үшін ҚазТЕСТ жүйесі арқылы арнайы тестілеуден өтеді. Бұл тіл үйренушілер үшін үлкен жетістік болса, оқытушылар еңбегінің де жақсы көрсеткіші болып табылады.
-
КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ!Енді қазақша жазып емес, сөйлеп отырып-ақ сол сөзіміздің кез келген тілдегі аудармасын біле аламыз, тыңдай аламыз. Яғни қазақтың сөздері дыбысты тану функциясына қосылды деген сөз. Әзірше тек қана translate.google.com мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Және iOS-қа арналған нұсқасы.
-
C, X, W ТАҢБАЛАРЫ ТУРАЛЫ«C, X, W таңбалары цитаталық принциппен жазылатын шеттілдік сөздерде қолданылады». Неліктен осы C, X, W таңбалары жаңа әліпби нұсқасында айрықшаланып берілді? Оның негізгі себептерінің бірін шеттен енетін түрлі марка, бренд атауларының әліпби ауыстыру туралы әңгіме қозғалмастан бұрын шеттілдік нұсқасымен өзгеріссіз жазыла бастағанынан іздестіру керек. Осындай шыққан тілінің түрі мен қалпы сақталатын, өзгенріссіз алынатын шеттілдік сөздер БАҚ-та, визуалды ақпарат құралы саналатын теледидарда, әдеби-көркем журналдарда, тіпті аударма әдебиет пен оқулықтарда, көшедегі жарнамаларда, маңдайшаларда да кездеседі.
-
ӘДІСТЕМЕЛІК ТҰРҒЫДАН Ш ДЫБЫСЫН ТАҢБАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӨНІНДЕЛатын графикасына көшу рухани жаңғыру аясында жүзеге асырылып жатқан, ұлттың және тілдің болашағы үшін маңызды ісшара екенін ұмытпауымыз қажет. Кейбір адамдар бұл мәселені қазақ әліпбиіндегі әріптерді ағылшын әріптерімен ауыстыра салу деп түсінеді. Бұл – қате түсінік, әліпби мәселесімен тіл мамандары, әдіскерлер, ғалымдар айналысу керек деген ойдамыз. Дегенмен қазіргі қазақ тілінің болашағына жанашырлықпен қарап, әліпби нұсқасын ұсыну арқылы тілдің дамуына өз үлесін қосқысы келетін азаматтар көп.
-
Казахский язык стал доступен на платформе Microsoft TeamsПлатформа для онлайн-коллаборации и образования Microsoft Teams стала доступна на казахском языке для всех пользователей, особенно эта возможность востребована в организациях образования. Microsoft Teams стала одной из первых зарубежных платформ для современного рабочего и учебного пространства, адаптированных на казахский язык.
-
ТІЛІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН ДЕСЕК...Тіліміздің таусылмайтын жырын отыз жылдан бері толғап келеміз. Ата заңымызда мемлекеттік тілдің мәртебесін алған ана тіліміздің шын мәнінде өзінің ұлттық болмысын иеленгеніне шүбәсіз көңілмен қуанғанымызға да отыз жылға жуықтады. Кеңестік жүйенің өктемдігімен есіктен сығалап қалған тілімізді төрге шығарудың келелі амалдарын жасау тірлігіне ел болып, жұрт болып белсене араласып кеттік. Үкіметтік үлкен деңгейде мемлекеттік іс-шаралар жоспарлары жасалды, тілімізді дамытудың не бір игілікті қадамдарын ойластырған болды. Ғалымы бар, жазушысы бар, билік басындағы көсем, аузы дуалы тұлғалары бар, тіл келешегіне орай шешілуге тиіс өзекті мәселелерді ел алдында толғамын сеніммен айтты! Уақытқа үміт арттық, өз кезегімен болатын іске үстірттік, асығыстық танытпайық, уақыт бізге жұмыс істеп жатыр деген үмітпен, міне, ширек ғасырдан астам мезгілді де артқа тастадық. Тіліміз тұғырына қонды ма, байырғы сына жазудан бастау алған дәстүрі бай, түркілік көркем әуезді тіліміз төрімізге шықты ма?! Алдымен өзінің ұлан-байтақ отанында қазақтың мерейін биіктетті ме?! Әлемдік аядағы болашағы қандай?.. Ойға орала беретін осындай сұрақтар та отыз жылдан бері азайған жоқ.
-
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІР ТАҢБАДАҒЫ ЖАЗУЫ – КҮН ТАЛАБЫҚазақстан Республикасында қазақ жазуының латын әліпбиіне өтуіне байланысты арнайы ұйымдастырылған халықаралық конференцияларда, сұқбат алаңдарында, ғалымдар жиындарында, интернет желілерінде көптеген ғылыми, халықтық пікірлер білдіріліп жатыр. Латын әліпбиінің қазақ жазуындағы таңбалары жайлы ғылыми, көпшілік тарапынан көптеген талқыға түсті, жеткілікті уақыт барысында електен өтті деп білеміз. Бұл пікірлердің көбі дерлік қазақ жазуының латын әліпбиінде таңбалануын қолдап-қуаттап, ерекшелігі мен артықшылықтары жайлы оң пікірлер білдірді.
-
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ ҚАНДАЙ ЖАЗУ?....Қазақ қауымдастығында қолданып келген әліпбилер қазақтың төлтума графикасы емес. Біз ашық әліпби түрлерінің бәрімен де – араб, латын, кирил графикаларымен – жазып көрдік. Басқа тілдер сияқты біз де түпнұсқа әліпбидегі таңбаларды толық қабылдау/қабылдамау, әріптердің мәнін сақтау/сақтамау деген проблемаларға тірелдік. Бірақ қай жазу кезеңінде болсын, тілдегі дыбыстардың барлығына әріп арнаған, «бөгде» әліпбиден «өзіміздің» әліпби жасап алған, жазуына аса мән берген, біршама уақыт өтсе де дұрыс, жетілген әліпби жасауға ұмтылатын, жасап алатын ұлт болдық. Тілдің болашағын ұлттың болашағына байлайтын, оны жазуымен бекітетін өзге ұлттық тілдерден қалысқан жоқпыз.
-
ЖАҢА ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ - РУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өткізген Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысында жетілдірілген жаңа латын әліпбиі нұсқасын көріп қуанып қалдық. Ұлттық кеңестегі біздің ұсынысымыз, екі диграф әріпті алып тастап, Ш-ны диакритикалық таңбамен беру, Ч әрпін мүлде алып тастау және қазақтың І әрпін қайтару туралы сұрауымыздың бәрі орындалыпты! Тек біздің ұсынғанымыздай «і» әріптерін бұрын біз басындағы нүктесімен жазып келдік, сол күйі сақталуы үшін соңғы нұсқадан «і» мен «и» әріптері таңбаларының орнын ауыстыру керек. Сонда «і» әрпі бұрынғыдай төбесіндегі нүктелерімен, ал «й»,»и» әріптері нүктесіз болады.