Популярное
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫ ОРТАЛЫҚҚА АРНАЙЫ КЕЛІП, ҰЙЫМ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫБас редакторлар клубының президенті, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай бастаған клуб мүшелері ғылыми-әдістемелік және мемлекеттік тілді цифрландыру бағытындағы ІТ өнімдер туралы ақпарат алды. Орталық басшысы Мақпал Жұмабай қонақтарға журналистердің күнделікті жұмысында қолдануға ыңғайлы тілдік жобалармен қатар, қазақша мәтінді дыбысқа айналдыратын және дыбысты мәтінге айналдыратын Telegram-бот жүйесі туралы толығырақ баяндап берді.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КОРПУСТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті ғылыми-зерттеу институттарының жоғары оқу орындарының директорлары, проректорларымен, ғалымдарымен және мамандарымен кездесу ұйымдастырып, жалпы үш жүзге жуық адамды қамтыды.
-
Жасанды интеллект саласына құқықтық база дайындалуы керекҚР Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына арнайы келіп, мемлекеттік тілді цифрландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Іс-шараға Н.Жүсіп, Т.Жүнісов, А.Қапбарова, Р.Рүстемов, Ә.Рахметова бастаған Сенат делегациясымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры А. Фазылжанова мен Назарбаев университеті Ақылды жүйелер және жасанды интеллект департаменті директорының орынбасары Е.Абсалямов қатысып, баяндама жасады.
-
МИНИСТР «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұжымымен кездесті. Жиында «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми әлеуетін арттыру, жасанды интеллект жүйесінде қазақ тілі дамуын дұрыс үйлестіру, жас мамандарды қолдау мәселелері сөз болды.
-
ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАСАЛДЫАшылғанына екі жылға толмайтын уақыт өткеніне қарамастан, Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы өзінің бағыт-бағдарын айқындап, жұмысы қарқын алып келеді. Жақында орталықта жыл қорытындысына арналған жиналыс өтті. Орталық басшысы Әсия Смықова жыл бойы атқарған жұмыстар туралы қысқаша ақпарат беріп, ұжым мүшелерімен кеңесе отырып, келер жылы қолға алынбақшы іс-шараларды ортаға салды.
-
ЖИНАҚ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Мектеп оқулықтары: пән терминдерін жетілдіру және біріздендіру» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы материалдарының электронды жинағын жарыққа шығарды.
-
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т. Дүйсенованың ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ жұмысымен танысу рәсіміАғымдағы жылғы 20 желтоқсан күні Астана қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жұмысымен танысты.
-
ӘРІПТЕСІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлерін, линвист-ғалымдарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ведомстволық төсбелгімен марапаттады.
-
«ҮЗДІК ПОДКАСТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІЖылда дәстүрлі түрде Әдістеме LAB бөлімі «Үздік подкаст» байқауын жариялайды. «Үздік подкаст» республикалық байқауының мақсаты – мемлекеттік тілде үздік подкаст әзірлеген тіл үйренушілерді анықтау және олардың жетістіктерін насихаттау арқылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту, азаматтарды мемлекеттік тілде сөйлеуге ынталандыру, қазақ тіліндегі контенттің сапасы мен санын арттыру.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҒЫЛЫМ ТІЛІ РЕТІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ2023 жылғы 12 желтоқсан күні «Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарда жаһандық ғылыми-технологиялық жетістіктерді пайдалана отырып, қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың жолдарын жетілдіру мәселесі талқыланды.
-
«Тіл-Қазына» орталығы әзірлеген 6 кітап жарық көрдіШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстандағы этнос өкілдерінің тілдік капиталын дамыту және шетелдегі қандастарымызды оқыту әдістемелерін ұсыну арқылы қолдау мақсатында 6 оқу-әдістемелік құрал дайындап шығарды.
-
ТҮРІК МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-азына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Есбосын мен Әдістеме LAB жетекшісі Жазира Искакова Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының жаңадан жабдықталған Қожа Ахмет Яссауи кітапханасының ашылу рәсіміне қатысты.
-
ЖЕКЕ КІТАП ҚОРЫН ТАРТУ ЕТУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Л.Есбосын көрнекті қоғам қайраткері, қазақ тіл ғылымының абызы, отандық ономастиканың атасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Телғожа Сейдінұлы Жанұзақовтың өмір бойы жиған жеке кітапханасын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне тарту етуіне арналған тұсаукесер рәсіміне қатысты.