Популярное
-
ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТЕДІ2023 жылғы 7-9 маусым аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өңірлік Тілдерді оқыту орталықтарына арнап «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдістері» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өткізеді.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАЗУЫН ФЛЕКТИВ ӘЛІПБИЛЕРДЕН ҚҰТҚАРУ ҚАЖЕТМен ақиқатты меншіктене алмаймын, тек қисындар схемасын ғана ұсына аламын. – Серікбол Қондыбай, ифолог. Қазақ емлесінің дертіне дауа кирилше жазуда табыла қойған емес. Емле дертін жауырды жаба тоқып, лекерлеп келе жатқанымыз рас. Сол себепті жазу реформасы шынында да өзекті. Бірақ... Ал енді жаңа латынша қаріп емлені «сол дерттен» айықтыра ала ма?! Бұл жайындағы тартыс лайық шешімге апара ма, әлде оны бұрынғыдан да өршіте ме?
-
ТҮРКІ ӘЛЕМІ ОРТАҚ ӘЛІПБИ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ2023 жылғы 29 мамыр күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Есбосын мен Орфография басқармасының басшысы София Қажыақбарқызы Түркі Академиясы Түркі мемлекеттері ұйымы хатшылығының, Түрік тілі қоғамының және Ататүрік атындағы Мәдениет, тіл және тарих бас мекемесінің қолдауымен Астана қаласында өткен Түркі әлемі ортақ әліпбиі комиссиясының бірінші отырысына қатысты.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ: ҚАЗАҚ ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ҚАЙДАН ТУҒАН, ҚАШАН ШЫҚҚАН?Кіріспе Еуропадағы Француз төңкерісі, Анадолы байтағындағы «Танзимат» реформасы, Түрік Тәуелсіздік майданы – өнер мен әдебиеттің негізгі шабыт қайнар көзін қалыптастырды. Түркістан алабындағы саяси және әлеуметтік оқиғалар да бұдан кенже қалған жоқ. Патшалық Ресей дәуірі болсын, большевиктік кезең және Сталин дәуірінде болсын, бұл дүмпулер келешекке алаңдаушылықты, үміт пен толқыныстарды да тудырды, дәуірінің ақын-жазушыларын тереңнен толғантты.
-
ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТТІ2023 жылғы 26 мамыр күні Тіл саясаты комитеті Әдістемелік қамтамасыз ету және лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнагүл Көкен, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Есбосын, Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері Айгүл Әділбекқызы Атырау облыстық тіл оқыту әдістемелік орталығының іс-тәжірибесімен танысып, әдістемелік көмек көрсетті.
-
АНА ТІЛІМІЗ ӘСКЕРИ САЛАДА2023 жылғы 25 мамырда Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының жас оқытушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» ӨңҚ әскери бөлімдері ТжӘҚЖ бөлімшелері бастықтарының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға көмекшілері және бөлініс бастығы (кабинет бастығы) арасында өтетін «Үздік маман» сайысы аясында семинар ұйымдастырды.
-
Қазақша мәтінді дыбыстайтын Telegram-бот іске қосылдыЕлімізде «Тіл-Қазына» орталығының IT-мамандары қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын Telegram-бот әзірлеп, іске қосты. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
-
БИЫЛҒЫ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК АНЫҚТАЛДЫ2023 жылғы 25 мамыр күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті ұйымдастырған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тілдерді оқыту орталығы оқытушылары арасындағы республикалық байқау қасиетті Атырау жерінде өз мәресіне жетіп, жүлдегерлер анықталды.
-
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ БЕЛСЕНДІЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ2023 жылғы 23 мамыр күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай атышулы «Белгісіз Қазақстан» блогының авторы ерлі-зайыпты Диас пен Әйгерім Камеридановтар мен елімізге белгілі подкастер Елдар Құдайбергеновті қабылдап, жаңа технологиялар мен қазақ тілінің мәселесі тақырыбында ой бөлісті.
-
КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ2023 жылғы 22 мамыр күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай мен «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы «Қазақстанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету мен ілгерілетудің «Абай институты» бағдарламасын жетілдіру» тақырыбы бойынша келелі кездесу өткізді.
-
ПРЕПОДАВАТЕЛИ ЦЕНТРОВ ОБУЧЕНИЯ ЯЗЫКАМ ПРЕДСТАВЛЯЕТ СВОИ МЕТОДИКИ25 мая 2023 года Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан будет проведен республиканский конкурс имени Ахмета Байтурсынулы среди преподавателей центра обучения языкам страны в г. Атырау.
-
Сөзімізді түзейік1. «Қажет», «тиіс», «керек» деген модальдық сөздердің ішінде тек «тиіс» сөзі ғана жіктеледі. Мысалы, «баруға тиіспін, баруға тиіссің, баруға тиіс». Ал «қажет», «керек» жіктелмейді. Қазір екінің бірі «бару керекпін», «баруыңыз керексіздер», т.б. деп сөйлейді. Бұл – қате. 2. «-Ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе» сұрау есімдіктері жалғанғанда оның алдындағы етістік аяқталмай, көсемшенің «-а, -е, -й» жұрнағымен бітуге тиіс. Мысалы, «бола ма, келе ме, қарай ма», т.б. Ал біздің журналистер «болады ма?» дегенді сәнге айналдырып алған. Бұл – сауатсыздық.
-
«Тіл-құралы» еңбегі – қазақ тіл білімінің бастау көзіТіл – үнемі даму барысында болатын үдеріс. Адам санасымен, мәдениетімен, ой-өрісімен, сөз саптау дағдысымен бірге дамитын «тілдің» өзекті мәселелері әр кезеңде де болатыны заңдылық. Тіптен ғасырлар бойы түйіткілі шешілмей, маңызы жойылмай әр ұрпақтың өз кезеңінде бағасы өзінше беріліп келе жатқан мәселелер де тілімізде көп. Сонымен қатар уақыт белестерінде өз маңызын жоймаған еңбектер мен зерттеулеріміз де қазақ тіл білімінің саласында баршылық. Осы тұста, әрине, есімізге түсетін еңбектер ол, алаш зиялыларының еңбектері.Тәуелсіздік алғаннан соң өшкеніміз қайта жанданып, өткенімізге үңіліп баға бере бастадық. Кезінде «халық жауы» атанып, өз тұсында бағаланбаған Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ғылымының негізін қалаған құнды еңбектері ғылымда бағаланып, өзектілгін әлі де жоймай келеді.
-
ТІЛДІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ – САҚТЫҚ ЗАҢЫАлаш қайраткерлерінің ішінде физик, математик, қоғам қайраткері, педагог, публицист, аудармашы, лингвист ғалым, тіл білімінің көптеген салаларымен, фонетика, жазу теориясы, емле, терминология, тілді оқыту әдістемесі, стилистика, морфология, синтаксис, оның ішінде сөйлем, сөз тіркесі синтаксисі мәселелерін жан-жақты зерттеген ғалым бар. Ол – Елдес Омарұлы.
-
РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ2023 жылғы 3 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған республикалық семинарда осы мәселе көтерілді. Іс-шараның басты мақсаты мониторинг жүргізілетін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарды жұмыс барысымен, мониторинг критерийлерімен таныстыру, өткен жылғы мониторинг бойынша атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасау болатын.