Популярное
-
НЕ СЕБЕПТІ І ОРНЫНА ɪ АЛЫНДЫ?2020 жылдың 28-29 қазан күндері жетілдірілген әліпби жобасындағы диакритикалық таңбаларды сынамадан өткізу бойынша республикалық деңгейде талқылау шаралары өткізіліп, нәтижелеріне талдау жасалған болатын. Қатысушы өңірлерден жекелеген пікірлермен қоса, кейбір қайталанып келетін пікірлер де болды. Олардың бірқатары /і/ мен /и/ дыбыстарының таңбасына қатысты айтылды: /и/ дыбысын і әрпі арқылы, керісінше /і/ дыбысын (төбесі түртілмеген) ɪ таңбасы арқылы жазу оларды бір-бірінен ажырату тұрғысынан оңай болмағаны, дауысты /і/ дыбысының үстіндегі үйреншікті нүктенің алынып тасталғаны өз орталарында пікірталас тудырғаны айтылды.
-
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР СӨЗ БОЛДЫ2021 жылғы 10 ақпан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы тіл мәселесіне қатысты идеяларына орай «Мемлекеттік тіл – халықты ұйыстыру құралы» тақырыбы бойынша алқалы онлайн отырыс өткізді.
-
ӘЛІПБИ РЕФОРМАСЫ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІҚазақ елінің рухани жаңғыруының қарқыны күшті. Ұлт тарихындағы ақтаңдақтар айтылып жатыр – аштық құрбандарын түгел анықтап, олардың рухына тағзым ету бұрын тек зиялы қауым арасында көтерілген мәселе болса, қазір жаппай жұртшылық тарапынан талқыға салынып жатқанын көзіміз көріп отыр. Рухымызды түлететін қанша игі шара, бағдарлама қолға алынды. Осы бағдарламалардың ішіндегі халық санасына әсер етуі, бодан санадан бостан санаға жаңғыру тұрғысынан ерекшесі – латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшу реформасы.
-
ОНЛАЙН ЗАСЕДАНИЕ ПО ВОПРОСУ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКАНациональным научно-практическим центром «Тіл-Қазына» имени Шайсултана Шаяхметова по заказу Комитета языковой политики Министерства культуры и спорта Республики Казахстан 10 февраля т.г. в 15:00 часов проводится коллегиальное онлайн заседание по теме «Государственный язык – средство консолидации народа Казахстана», посвященное идеям президента Республики Казахстан К.Токаева по языковому вопросу в статье «Независимость превыше всего».
-
У ДЫБЫСЫНА НЕГЕ U ТАҢБАСЫ АЛЫНДЫ?Тарихқа жүгінсек, мамандардың айтуынша, W таңбасы бастапқыда бірде UU, бірде VV түрінде беріліп, нәтижесінде VV лигатурасын қолдану басымдыққа ие болған екен (XVI-XVIII ғғ.), және XІV ғасырдан бастап Ww ағылшын әліпбиінде жеке әріп ретінде орныққан. Француз тілінде W таңбасы әліпбиде болса да жазуда пайдаланылмайды. Ал итальян, румын, литва, латыш, серб, хорват, босни тілдерінде Ww таңбасы әліпбиде жоқ, тек кірме сөздерде пайдаланылады. Латын графикасын қолданып отырған түрік, әзербайжан, өзбек әліпбилеріне де Ww таңбасы алынбаған.
-
ПРЕЗИДЕНТ: «ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ БІРТҰТАС ҰЛТ БОЛУ ЖОЛЫНДАҒЫ АЙРЫҚША МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ»Мемлекеттік тілді білетін әрбір азамат қазақша үйренгісі келген досымен, әріптесімен немесе танысымен өз білімін бөліссін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында айтты.
-
ӘЛІПБИДІ ҮЙРЕТУДІҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫҚазақ жазуын латын графикасына көшіру туралы Елбасы жарлығы шығып, әліпби нұсқаларын халыққа түсіндіру, насихаттау шарасы қолға алынғаннан бастап, мемлекеттік тілді үйретіп жүрген оқытушылар латынға негізделген әліпбиді тиімді оқыту мәселесі төңірегінде түрлі инновациялық жобаларды өмірге әкелді. Сөйтіп, қосымша диакритикалық таңбалар арқылы жазылатын әріптерді жазып үйрету, оқылым дағдысын жетілдіру тәжірибесі біршама қалыптасып үлгерді деп айтуға болады.
-
ӘЛІПБИ ТҮЗУДІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ САҚТАЛДЫЕрбол ТІЛЕШОВ, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры: Латыннегізді қазақ әліпбиі – бүгінгі күн тақырыбындағы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Қазақ қоғамының осы тақырып төңірегінде талқысы «Ана тілі» газетінің де назарынан тыс қалған емес. Күні кеше ғана ел назарына ұсынылған жаңа әліпбидің жай-жапсары, жетілдірілу мәселелері туралы да бірқатар сұрақтардың туындағаны белгілі. Бұл орайда көкейдегі сауалдарға маманның жауап бергені жөн деп білдік.
-
ҰЛТТЫҚ ЖАЗУ-СЫЗУДЫҢ ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІН ЖАСАУДА АЛДЫМЕН ЕСКЕРІЛЕТІН ЗАҢДЫЛЫҚТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР НЕГІЗГЕ АЛЫНДЫӘліпби түзу аса жауапты бастапқы кезең болса, ендігі кезекте негізгі орфографиялық ереже түзу осы кезеңнің қисынды жалғасы болып табылатыны белгілі. Бұл кезең әртүрлі ортологиялық құралдары (емле ережелерінің анықтағыштары, ономастикалық атаулардың анықтағыштары, т.б.) және ортологиялық лексикография түзудің (орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктер құрастырудың) бастамасы болып саналады.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИІ МЕН ЖАҢА ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕРІ: БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ҰҚСАСТЫҚЛатын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінің ерекшелігі неде? Бұл сауал әркімнің де көкейінде тұратын басты сұрақ қой деп ойлаймын. Бұрынғы акутпен берілген әліпбиге қарағанда әбден жетілдіріліп, піскен, көпшілік мамандар талқысынан өткен әліпби болып отыр.
-
ЖАҢА ӘЛІПБИ – ҰЛТТЫҚ ТІЛДІ САҚТАУДЫҢ КОДЫСаяси идеологияға негізделген билік жүйесінің енгізілуі ұлттың дүниетаным¬дық көзқарасы мен өмір сүру салтының түбегейлі өзгеруіне әкелгенін бүгінде бәріміз жақсы білеміз. Әліпби арқылы жазуды ауыстыру қазақ тілін тұрмыстық деңгейге ығыстырып, қолданыс аясын шектеп, оның дамуына, кеңеюіне жол бермегені де түсінікті. Сондықтан қазіргі таңдағы қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты батыл қадамдар, шешімдер ұлтымыз үшін, оның болашағы үшін жасалған маңызды қадамдардың бірегейі екендігін дұрыс түсінуіміз қажет.
-
ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІБұл жинақта Солтүстік Қазақстан облысының топонимдері бойынша толық ақпарат берілген. Кітаптың ерекшелігі: топоним түрлері, қалыптасу уәжі, құрылымы, диахронды тұрғыдан өзгеруі, рәсімдеу мәселелері қамтылған. Жинақ алты тарау, төрт қосымшадан тұрады. Берілген алғашқы екі қосымшада топонимдердің құрылымы және топонимдердің тілдік қабаттары (субстрат) бойынша ақпарат кестелер түрінде келтірілген. Жинақ филология саласындағы зерттеушілер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, жалпы оқырман қауымға, ономастикаға қызығушылық танытушыларға арналған.
-
Умлаут, бревис, седиль и макронНа заседании Национального совета общественного доверия Президент Касым-Жомарт Токаев отметил, что для перехода алфавита казахского языка с кириллицы на латиницу необходима модернизация языковой системы, предполагающая глубокий научный подход. При этом было сказано, что переход государственного языка на латинскую графику должен осуществляться поэтапно, с учетом общественного мнения в части недочетов в алфавите.
-
ӘЛІБЕК-ӘЛЕМ НЕМЕСЕ СУРЕТШІЛІКТЕН – СУРЕТКЕРЛІККЕҚарымды қаламгер, көрнекті жазушы Әлібек Асқаров жайында айтар әңгімемізді бірер әлқиссамен бастаудың реті келіп тұрғандай. Әрине, қай ләміміздің де астар-ағысы, сайып келгенде,оның шығармашылық сыр-сипатына саятындығына еш шүбә болмаса керек. «Мона Лизаның портреті» атты, тақырыбы бір арнада тоғысқан сарындас әңгімелер жинағын оқи отырып, бізге қызық көрінген бір жайт – бүгінде сөз өнеріндегі суреткерлік шеберліктің қыр-сырын қапысыз меңгерген қаламгердің өмірдегі жолын суретшіліктен бастауы еді. Иә, жас талап алғашында төрт жыл көз майын тауысып Алматы көркемсурет училищесін бітіріпті. Түрлі бояулармен сурет салудың бақытын бастан кешіре жүріп, кейіннен өмір суретін сөзбен салу өнеріне ауысыпты. Бұл талпыныс-талаптың табыссыз болмағандығына Асқаровтың әдебиет аламанындағы алтайлық әдемі дүбірі, әсем жорғасы айғақ.