Popular
-
Мұхтар Әуезов: «...МАҒЖАНДЫ СҮЙЕМІН!»Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған «Абай» деген сөз «Қазақ» деген сөзбен теңбе-тең түсетіндей кездері бар секілді. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар.
-
МӘННАН ТҰРҒАНБАЙҰЛЫ. ҰЛТШЫЛДЫҚҚазіргі үстіміздегі заманда пікір көбейіп, түрлі партиялар туғызып, ол партиялар майданға түсіп жарысып-тыртысып отырғанын көріп отырмыз. Партиялардың барлығының көздеген мақсаты теріс емес, әрқайсысы өзінше жоба жасап, іске кірісіп отыр. Қай партия болсын. «дүниені түзетеміз, шын адамшылық жолы - біздің тұтынған жолымыз» - дейді.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. ҚАЛАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖАЙЫНАНОрынборға шақырған қазақ қайраткерлерінің сиезі адам аз келгендіктен сиез есебінде болмай, кішкентай ғана кеңес түрінде болып өткені озған нөмірлерінде жазылды. Орынборда отырғандар, о жақ, бұ жақтан кез келгендер болмаса, сиезге атын атап шақырған адамдар келмеді.
-
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ2022 жылғы 6 желтоқсан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Редакциялық баспа басқармасының басшысы Д.Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өткен «Ұлттың ұлы ұстазы» дөңгелек үстелге қатысып, келелі басқосудың мазмұнына сай «Ахмет Байтұрсынұлы және мәдениет» деген тақырыпта баяндама жасады. Ұлы тұлғаның 150 жылдығы аясында жарық көрген қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жарық көрген таңдамалы шығармаларын Орталықтың атынан музейге тарту етті.
-
ХАБАРЛАНДЫРУҚазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылғы 30 қарашада жарияланған «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, шығару және тарату Ережесі» ақпараты бойынша дайын өнімдерді қабылдау мерзімінің осы жылғы 8 желтоқсан күнгі сағат 18:00-ге дейін ұзартылғанын хабарлайды.
-
«MICROSOFT» ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ КЕҢ ӨРІС АШАДЫ2022 жылғы 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен «Майкрософт» компаниясының Қазақстандағы оқу-ағарту бағдарламалары жөніндегі менеджері Нәзила Нұрметованың арасында іскер кездесу өтті.
-
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ2022 жылғы 2-3 желтоқсан күндері Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым мамандары Измир қаласында (Түркия) өткен «Uluslararası Türk dünyası sosyal bilimler sempozyumu» атты симпозиум мен Үндістанның Бомбей қаласында ұйымдастырылған «The South Asian Forum on the Acquisition and Processing of Language» форумына онлайн қатысты.
-
ОҚУШЫЛАРМЕН ОЙТАЛҚЫ ӨТТІ2022 жылдың 2 желтоқсаны күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме басқармасы Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің оқушыларымен ойталқы ұйымдастырды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған тағылымды шара туралы басқарма басшысы, жас ғалым Жазира Мақсұтқызы былай дейді:
-
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ. ҰЛТТЫ СҮЮҚазақтың атақты жазушысы, Алаш Орда қайраткерлерінің бірі Жүсіпбек Аймауытұлының кез келген туындысы ұлтты сүюдің барометрі іспетті. Әсiресе советтiк цензура әлi келмеген 1917-1918 жылдары жазған мақалалары ерекше көзге түседi. Бұл кезде ол Семейде шығатын «Сарыарқа» газетiнде қызмет iстеген. Сонымен бірге «Абай» журналының редакторы да болған. 1918 жылы бiр өзi осы журналдың он үш санын шығарған екен. Мiне, осы баспасөзде ол большевизмнiң өте қауiптi екенiн бағамдаған, ұлт бостандығын көздеген, қазақ елiнiң келешегiне алаңдаған, өткiр әрі проблемалық мақалалар жазған. Олардың қатарында «Қазiргi саяси хал», «Қазiр екi нәрсе керек», «Ұлтты сүю», «Жастар кiм?», «Қазақ тiлiн iске асыру қамы» секiлдi жарияланымдарды ерекше айтуға болады. Жалпы, Аймауытовтың саяси тақырыптағы публицистикалық дүниелерiнiң саны қырықтан асып жығылады.
-
ЖИНАҚ ЖАРЫҚ КӨРДІҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің қолдауымен «Ахмет Байтұрсынұлы және өркениет» жинағы жарық көрді. Мұнда ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған Париж, Ыстамбұл қалаларында өткізілген халықаралық ғылыми-теориялық конференциялардың және Түркістан қаласында ұйымдастырылған Халықаралық түркітанушылар конгресінің материалдары жарияланған.
-
САУАТТЫ ЖАРНАМА – ТІЛ АБЫРОЙЫ2022 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруге, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалуын қадағалауға атсалысып жүрген азаматтарға қолдау көрсету, оларды ынталандыру мақсатында «Сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау іс-шарасы өтті.
-
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНА ЖЕТТІ2022 жылғы 24 қараша күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Редакциялық баспа басқармасының басшысы Д.Құсайынов Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қ.Төлекеевтің 63 жасқа толуына арналған «Ана тілім – тірегім, тілімменен түледім» шығармашылық кешіне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
-
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫАқтөбе облысының Тілдерді оқыту орталығы директоры Клара Сергазина, орталықтың әдіскері Гүлсайран Төлегенова және оқытушы Ақмарал Нұржанова ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, латын әліпбиіне көшу маңыздылығын түсіндіру-насихаттау мақсатында "Латын әліпбиі - уақыт талабы" тақырыбында Ақтөбе облыстық сот судьялары, мамандандырылған соттардың төрағалары және кеңсе меңгерушілеріне онлайн және оффлайн форматта семинар-тренинг өткізді.
-
ТЕРМИНГЕ ҚАТЫСТЫ ТҮЙІНДІ СЕМИНАР2022 жылғы 23 қараша күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу» жобасының жылдық қорытынды семинарын өткізді.
-
БАЙҚАУДАН КЕЙІНГІ ОЙ2022 жылғы 10 қазан 2 қараша аралығында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми-практикалық орталығы «Ұлттық сипаттағы бизнес терминдері» атты республикалық байқау ұйымдастырып, сол додада ІІІ орын жүлдегері атандым. Менің ойымша, шараны ұйымдастырушылар үшін төл тіліміздің көсегесін көгертіп, мәртебесін көтеруге бағытталған қатысушылардың ұсыныс-пікірлері осы орайдағы жұмыстың тиімділігі мен маңыздылығын арттырады. Сол себепті байқаудан алған әсерім мен болашақта ескерілуге тиісті кейбір ұсыныс-пікірді білдіруді жөн санап отырмын.
-
ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ СЕМИНАРЫ ӨТЕДІ2022 жылғы 23 қараша күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу» жобасының жылдық қорытынды семинарын өткізеді.
-
БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАУ ЖОБАСЫТерминдерді арнайы комиссия отырысында бекіту жұмысы 1971 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Ғылым-білімнің дамуына, қоғамдық-саяси оқиғалардың құбылуына байланысты терминдер әртүрлі нұсқада бекітіліп отырғандығы заңды құбылыс. Сонау кеңес одағы жылдары терминдер белгіленген қағидаттарға, қабылданған ережелерге сәйкес, кеңес одағы құрамындағы елдерге ортақ сипатта («интернационал» нұсқада) орыс тілімен бірдей болып қабылданған еді.