Popular
-
ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫА.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мамандарына дәріс өткізді. Тіл мамандарының тәжірибе алмасып, біліктілік арттыру шарасы Қазақстан халқы тілдер мерекесі аясында академик Рәбиға Сыздықтың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
-
Мемлекет басшысы бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдадыКездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар бастама мен жобалар таныстырылды. Министр елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылғанын айтты. Шетелдік серіктестермен аймақтардағы мемлекеттік университеттерді халықаралық білім беру стандарттары бар зерттеу университеттеріне айналдыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.
-
КӨКШЕТАУДА ТІЛ САЯСАТЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тіл саясатын тиімді іске асыру мәселелері бойынша алқалы жиын өткізді. 28 маусым күні өткен республикалық іс-шара Президент Қ.Ж.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оны қолдану аясын, әсіресе ғылым мен білім беру саласында одан әрі кеңейту мүмкіндігін қарастыру бойынша берген тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Ойталқыда ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының бас директорының орынбасары, PhD Өркен Мамырбаев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың аға оқытушысы, PhD Жансая Омарова сөз алды. Олар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін өздігінен оқып-үйренуге арналған ІТ-өнімдердің қолданысқа енгізу, қазақ тілінде сөйлеуді танитын жасанды интеллекті, креативті индустрия және қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
-
Қостанайда Ш. Шаяхметовтың 85 жылдығына арналған іс-шара өтті27-28 маусым күндері Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Шайсұлтан Шаяхметовтың 85 жылдығына орай «Тіл – халық рухы» республикалық ашық есік күнін өткізді.
-
Тіл терминдеріне ұлттық басымдық керек18 маусым күні елордада «Ақпараттық технологиялар саласының терминдері» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. ҚР ҒЖБМ Тіл комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған бәйгенің басты мақсаты – қазақ тіліндегі терминдердің сапалық, сандық деңгейін арттыру.
-
3 миллион теңге жүлдесі бар «TIL-QAZYNA PLAYGROUND» байқауы«Тіл-Қазына» орталығы алғаш рет компьютерлік ойын әзірлеушілер арасында жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын хакатон жариялайды.«Тіл-Қазына» орталығы алғаш рет компьютерлік ойын әзірлеушілер арасында жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын хакатон жариялайды.
-
Состоится научно-практическая конференция «Тюркская терминология в период глобализации»4 октября 2024 года Национальный научно-практический центр «Тіл-Қазына» имени Ш. Шаяхметова при Комитете языковой политики Министерства науки и высшего образования РК проведет международную научно-практическую конференцию «Тюркская терминология в период глобализации». Мероприятие приурочено к 100-летию академика Национальной академии наук, доктора филологических наук, профессора А. Кайдара.
-
«Жаһандану кезеңіндегі түркі терминологиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді2024 жылдың 4 қазанында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Қайдардың 100 жылдығына орай «Жаһандану кезеңіндегі түркі терминологиясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
-
ТАЯУ ШЫҒЫС ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ3 маусымда «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары Таяу Шығыс техникалық университеті (ÖDTÜ), Eğitim факультетінің DİSCORE зерттеу тобымен (жетекшісі Hale Işık Güler) кездесті. 4 маусымда Башкент университеті, Түрік тілі және әдебиеті бөлімінің профессоры Суер Экермен кездесті. 5 маусымда Түрік тілі қоғамының басшысы Осман Мертпен және Тіл білімі мамандарымен кездесіп, «Тіл-Қазына» ҰҒПО-ның бағыты мен өнімдері жөнінде баяндама жасады.
-
Түркиядағы қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілі туралы кітаптар табысталды31 мамырда Қазақстан Республикасының Түркия және Албаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев қазақ диаспорасымен мақсатты жұмыс ұйымдастыру шеңберінде кездесу өткізді. 3 маусым күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО өтінішіне орай Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы Аманқұл Нұриддин шетелдегі қандастармен қарым-қатынасты одан әрі ілгерілету мен ана тілді дамытуды мақсат еткен іс-шара өткізді.