Popular
-
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ-ӘДЕБИ ОЙЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОҒЛЫНЫҢ РӨЛІҮнемі айтатын ойымды сіздермен бөліскім келеді: Түркі әлемі бірлігінің бір жолы – ортақ тарихи тұлғалар арқылы бірігу еді... Бүгін біз Манасымызды, Орхон жазуымызды, Деде Қорқытымызды, Юнус Эмремізді, Несимиді, Әлішер Науаиымызды, Физулиімізді, Абайымызды, Мақтымқұлымызды және ең соңында Байтұрсуноғлымызды және басқа да зиялыларымызды мақтанышпен және қуанышпен айтамыз... Біз бүгін осындай ұйымға жиналып жатсақ, түркі әлемінің ортақ ұлы тұлғаларына қарыздармыз... Қазақ ғылымы мен ұлттық ой-пікірінің алдыңғы қатарлы тұлғаларының бірі Ахмет Байтұрсуноғлы – 20 ғасырдың басындағы қазақтар арасындағы ең маңызды зиялылардың бірі. Байтұрсуноғлы қазақтың тәуелсіз болуын, мәдениеті мен өркениетіндегі заманауи елдердің қатарынан орын алуын мақсат еткен зиялы қауымның алдыңғы қатарында өз орнын алды.
-
ЕСТИТІН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕСТІ ЖУРНАЛИСТИКАСЫЖурналистикасы мықты елде ғана ой еркіндігі бар. Мықты журналистік қауым – қоғамдық пікірге құлақ астыра алады. Ал қоғамдық пікірге құлақ асатын елде билік пен халықтың арасында алшақтану болмақ емес. Бұл орайда еркін ой мен бостандық рухын биік ұстап, елдің әлеуметтік мәселелерін өткір көтеріп жүрген журналистеріміз жетерлік. Олардың телеарна, радио, газет-журнал, ақпараттық портал мен әлеуметтік желідегі белсенділігін күнде көріп жүрміз. Халық үніне құлақ асатын, яғни еститін мемлекеттік билігі бар елде ел үнін естірте алатын есті журналистиканың қалыптасуы уақыт талабы. Бүгінде ел аумағында хабар тарататын 4873 отандық БАҚ бар, шетелдігі -278. Қуантарлығы отандық БАҚ саны артып келеді. БАҚ саны көбейген сайын, бәсекелестік артып, таратылатын ақпарат сапасына да үлкен мән берілетіні анық.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ЛЕНИНГЕ ХАТЫ ЖӘНЕ АЛАШ ҰЛТШЫЛДЫҒЫНЫҢ ТАРИХИ СЕБЕБІАлаш жолы – Тәуелсіздік кепілі һәм Ұлттық идея негізі болуға лайық рухани құндылық. Бұл жол – мемлекетімізде өмір сүретін әрбір жеке азаматтың өмір сүру сапасын арттырудан бастап, ел қауіпсіздігіне дейінгі өзекті мәселелерді қамтитын асыл мұра. Алаш – мемлекеттілікті күшейтетін, ондағы институттардың қызметін дамытатын, ел азаматының бойында патриоттық рухты арттыратын төл топырағымызда өнген, өзімізге тиесілі табылмас ұлттық құнды қазына. Алаш оқымыстыларының бойында ұлтшылдық сезімі неден туғаны жайында Ахмет Байтұрсынұлының 1920 жылы Ленинге орыс тілінде жазған хатында ашық айтылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінен бұл құнды жәдігерді тауып, қазақ тіліне аударып, тұңғыш жариялаған – алаштанушы ғалым, профессор Зарқын Тайшыбай.
-
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ ОРНИТОЛОГИЯЛЫҚ ЛЕКСИКА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯА.Байтұрсынұлы кейбір танымдық бағыттағы еңбектерінің мәтіндері арқылы, ғылым тілінің де дамуына қолданбалық тұрғыдан үлес қосып, алғашқы негізін қалаған ғалым. Құсқа қатысты ойлары сол бағыттағы ізденістерінің бір парасы. Құстар туралы мақалаларында олардың түрлерін тізіп берумен ғана шектелмейді, орнитологиялық классификациясын жасайды, қазақтың құстанымдық ілімімен сабақтастыра отырып, қасиеттерін сипаттап береді. Сипаттау барысында қолданған сөздері, сөз тіркестері, сөйлемдері және олар арқылы беріліп жатқан ақпараттар ұлттық табиғатымен әрі заманына сай өзінің жаңаша үлгілерімен ерекшеленеді. Құстар туралы баянындағы тілді қолдану шеберлігі арнайы талдауларды талап етеді, өйткені қазақ тұрмысында құстың өзіндік орны болғанмен, А.Байтұрсынұлына дейін олардың ғылыми тілде классификациясы мен сипаттамасын жасаған ғалымдар болған жоқ.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТҮРКІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ҰЛЫ ТҰЛҒАБүгін белгілі түркітанушы, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған ғылыми конференция өтті. Конференцияда сөз алған Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев: «Қазақ халқының қоғамдық және мәдени оянуына қызмет еткен көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы және лингвист А. Байтұрсынұлының қызметі түркі әлемінің бай мұрасының жарқын үлгісі болып табылады»,- деді.
-
АХАҢНЫҢ АРУАҒЫНА АРНАЛДЫ2022 жылғы 24 маусым күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов ұжым атынан «Астана қайырымдылық мекемесі» медресесіне барып құрбандық шалып, арнайы құран оқытып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларынан құралған тәрбиеленушілерге Алаш арысының кітаптары мен әр жылдардағы суретін сыйға тартты. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Орталық ұжымы осылай ұйғарған екен. Орайы қасиетті Жұма күнге келген сауап боларлық мұндай қадамға Ерболат ұстаз ерекше ілтипат білдірді, әсіресе, Құдай жолындағы құлшылықпен қатар, ұрпақ тәрбиесіндегі үлкен маңызын атап өтті.
-
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚТІЛДІ КОНТЕНТ НАСИХАТТАЛДЫӘртүрлі жастағы баланың бәрі мультфильм көргенді ұнатады. Мамандардың айтуынша, балалар уақытының 30 пайызын теледидар алдында өткізеді екен. Бұл – орта есеппен мектепке дейінгі өмірінде 5 мың сағат сиқырлы қораптың алдында отырады деген сөз. Шетелдерде осы мүмкіндікті бала тәрбиесі мен баланың танымын арттыруда өте сәтті пайдаланады. Интернет дереккөздерінен білгеніміздей, балаларға арналған танымдық бағыттағы мазмұнды беру АҚШ-та дұрыс жолға қойылған екен. Жапонияда мультфильмдер арқылы елдің салт-дәстүрін, өзін-өзі ұстау мәдениетін үйретсе, Қытайда отаншылдық сезімді дамытуға қызмет етеді. Жалпы, аннимациялық фильмдер шетелдер үшін мықты идеологиялық қаруға айналған. Балаға ең қажеттісін, ең керектісін беріп, дамуына жағдай жасалынған.
-
ҚАЗАҚ – ҚАЙ ЕЛДЕ ДЕ ТІЛІМЕН ҚАЗАҚ...Ресми, бейресми мәліметтерге сүйенсек Өзбекстан, Ресей, Қытайдың өзінде 5 миллионнан аса қазақ бар. Атажұртынан қол үзіп, түрлі себептермен жер жаһанның түкпір-түкпірінде тарыдай шашылып жүрген қандасты ұйыстыратын бір-ақ құдірет болса, ол - тіл. Ұйысу үшін әуелі ұғыса алу керек. Ал ұғысуы, өзге елде жүріп өз ана тілінен қол үзіп қалмаулары үшін тиісті жағдай жасау біздің міндет. Дүниежүзінде белгілі бір халықтың тілін, әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін насихаттауға бағыталған институттар баршылық. Оған мысал ретінде түріктің Юнус Эмре институтын, немістің Гёте және испаниялық Сервантес институттарын келтіруге болады. Бұлар тек тіл үйретумен шектелмейді, мәдениет, өнер саласындағы еларалық өзара әріптестікті одан әрі дамытуды, достықты нығайтуды мақсат етеді.
-
ТІЛІМІЗ ТӨРГЕ ОЗСЫН ДЕСЕК...«Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген қанатты сөз бар. Біраз нәрсені көріп, біраз нәрсені айтып жүрсем де, көсем, не шешен болып кеткенім жоқ. Әйтсе де, кешегі есейіп, ойлана, қолыма қалам алып, толғана бастаған шағымнан бүгінгі ақыл айтар зейнеткерлік жасыма дейін бәрінен бұрын өз елінде, өз жерінде тұрып, өгей баланың күйін кешкен ана тіліміздің мүшкіл хәлі жанымды қатты мазалап келе жатқаны шындық. Иә, бір кездері: «Шіркін-ай, мемлекеттік тіл болып бекітілсе ғой..» деп күні-түні армандаған қазақ тіліміздің мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына да 30 жылдың жүзі болыпты. Бірақ мемлекеттік тіл дегеніміз болмаса, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі сол баяғы қалпында от басы, ошақ қасынан әлі күнге ұзай алмай келеді.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ӘДЕБИ СИПАТЫА.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналады. Қазақ тілі өз тарихында аса күрделі ахуалды кешуде. Тіліміздің қазіргі ахуалын сараптауды оның әдеби тіл ретіндегі ахуалын қарастырып көрелік. Мәселе - қазақ тілінің әдеби тілге айналу ахуалы жайында болып отыр. Бүгінгі дәуірде қоғамдық қатынастың басты игілігі болу үшін тілдің әдеби сипатының дамуы - негізгі шарт. Қазақ тілінің әдеби деңгейін анықтау жолында ресейлік академик Ф.П.Филиннің әдеби тілдің сипатын айқындайтын 7 шартын қолдану арқылы қарастырылады. Әрине, одан да басқа өлшемдері мен саймандары бар.
-
РОБОТОТЕХНИКА ЕНДІ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙДІЕліміздегі техникалық сала терминдері ағылшынша не орысша ғана қолданылатынына қатысты сын көптен айтылып жүр. Енді бұл сала да төл тілде сөйлейтін болады деп хабарлады turkystan.kz. Нақтырақ айтсақ, қазақ тілінің терминологиясында жасанды интеллект пен робототехникаға қатысты 672 сөз бекітілді. Енді жасанды интеллект, деректерді талдау, робототехника және компьютерлік ғылымдар саласында қолданылатын көптеген терминдер мен сөздердің аудармалары бар. Ғалымдар терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың әртүрлі нұсқаларын қамтитын глоссарий әзірледі. Оны Тіл саясаты жөніндегі комитетке бекітуге жіберді.
-
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫАқтөбе облысының мемлекеттік қызметшілері арасында ұйымдастырылған «Талап. Еңбек. Терең ой» атты облыстық интеллектуалдық байқауының жеңімпаздары анықталды. Аталған байқау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы, Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай өткізілді. Байқау мақсаты мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға деген өзіндік үлесін айқындау, отансүйгіштікке баулу.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ОРТАҚ ТІЛІ БОЛУЫ ТИІСҚазақстан халық арман еткен жерұйықтың бесігі мен кіндігіне айналуы тиіс. «Қазақ ғасырлар қойнауынан үнемі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманды аңсаған, жұрты үшін «жерұйықты іздеген» халық. Бүгінгі Қазақстан. Ол – ата-баба арманы, кейінгі ұрпаққа аманаты. Ал біздер мен сіздердің міндетіміз Президентіміздің бастамаларына қолдау жасап, әрбіріміз қазақ елін достық пен бірліктің бейбітшіліктің тірегі мен ұлтаралық келісімнің бесігіне айналдыру жолында барынша еңбек етіп үлесімізді қосу. Сонымен қатар бір тілді ғана меңгеріп қоймай, бірнеше тілді еркін білу өмір талабы. Болашақ ұрпақты қазақ тілінде сөйлеуге, күнделікті өмірде қазақ тілін қолдануға шақыру да сіздер мен біздердің басты міндетіміздің бірі екенін күн тәртібінен шығаруға болмайды.
-
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АЗАТТЫҚ КҮРЕСКЕРІҰлы Ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы тек ғылыми шығармашылықпен, ағартушылықпен шектелмей, отарлық қамытта тұншыққан халқының елдігін жаңғырту жолына да көп күш-жігерін жұмсады. Ол бүгінде өзіміз Алаш деп атап жүрген қазақ ұлт-азаттық қозғалысының бағдарламасы іспетті құжатты – атақты Қоянды петициясын жазды. Қозғалыс мүддесі үшін терең де жан-жақты жұмыс жүргізген, халықтың «көзі, құлағы, тілі» бола білген «Қазақ» газетін шығарды. Монархия құлаған жылғы алғашқы қазақ съезінің жұмысын басқарды. Екінші Жалпықазақ съезінде Алаш автономиясының құрылуына атсалысты. Оқу комиссиясының төрағалығына сайланды. Азамат соғысының шырғалаңдары кезінде басқаруды оңтайландыру мақсатымен екі бөлім құрылғанда, Алаш-Орданың Шығыс бөліміне қарасты Торғай бөлімшесінде істеді.
-
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЕКІГЕ БӨЛІНДІҚазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
-
ТІЛІН БІЛМЕГЕН, ТҮБІН БІЛМЕЙДІ«Қазақ тілі сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан дүниеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей межет беріп, адам түгілі жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып тіл». Бұл – ұлт батыры Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзі. Қазақтың тілі туралы мұндай қанатты сөзді жүздеп келтіре беруге болады. Рас, ұлттың тілінің құнарлылығына ешкім күмән келтіре алмайды. Бірақ құлақ құрышын қандыратын ұлы, бай тілді өскелең ұрпақтың бойына сіңіре алып отырмыз ба? Мәселе осында.
-
ЖҮЗ ЖАСАҒАН «ЖАС АЛАШ»Бүгін Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» орталығының Бас директоры Е.Тілешов Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіндегі «Жас Алаш» газетінің 100 жылдығына арналған көрмеге қатысты. Жүріп өткен жолын қазақтың тағдырынан бөлек алып қарауға болмайтын басылым көп. Соның бірі де, бірегейі де – «Жас Алаш». Ол өзінің бастауын Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатұлынан алады. Күнделікті ақпаратпен гаджет арқылы танысатын жастар жағы біле де, түсіне де бермеуі мүмкін, бұл газеттің оқырман саны өткен ғасырдың жетпiсiншi, сексенiншi жылдары 300 мыңға жетіпті. Бұл халық сүйіспеншілігінің өлшемі десе болады.
-
БЕРЕРІ МОЛ ДӘРІС2022 жылғы 8 маусымда Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, ҚР Білім Академиясының корреспондент-мүшесі, белгілі ғалым Ербол Тілешов Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті филология факультетінің А.Байтұрсынов атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасы ұйымдастырған «Ахметтану дәрісіне» қатысып, «Ахмет Байтұрсынұлының әдіснамалық сабақтары» деген тақырыпта ой тербеді. «Ұлт ұстазының еңбегін бағалап, жан-жақты түсіндіру жұмыстарына арналған бұл дәрісіміздің орны оқшау болары даусыз, – деді профессор, филология ғылымдарының докторы Анар Салқынбай. – Өйткені, Ахаңның тереңіне бойлап, өзіндік ғылыми тұжырым жасап келе жатқан мықты ғалымдарымыздың бірі осы Ербол мырза.