Popular
-
МИНИСТР «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұжымымен кездесті. Жиында «Тіл Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми әлеуетін арттыру, жасанды интеллект жүйесінде қазақ тілі дамуын дұрыс үйлестіру, жас мамандарды қолдау мәселелері сөз болды.
-
ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАСАЛДЫАшылғанына екі жылға толмайтын уақыт өткеніне қарамастан, Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы өзінің бағыт-бағдарын айқындап, жұмысы қарқын алып келеді. Жақында орталықта жыл қорытындысына арналған жиналыс өтті. Орталық басшысы Әсия Смықова жыл бойы атқарған жұмыстар туралы қысқаша ақпарат беріп, ұжым мүшелерімен кеңесе отырып, келер жылы қолға алынбақшы іс-шараларды ортаға салды.
-
ЖИНАҚ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Мектеп оқулықтары: пән терминдерін жетілдіру және біріздендіру» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы материалдарының электронды жинағын жарыққа шығарды.
-
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т. Дүйсенованың ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ жұмысымен танысу рәсіміАғымдағы жылғы 20 желтоқсан күні Астана қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Т.Дүйсенова ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жұмысымен танысты.
-
ӘРІПТЕСІМІЗ МАРАПАТТАЛДЫҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып келе жатқан бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлерін, линвист-ғалымдарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ведомстволық төсбелгімен марапаттады.
-
«ҮЗДІК ПОДКАСТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІЖылда дәстүрлі түрде Әдістеме LAB бөлімі «Үздік подкаст» байқауын жариялайды. «Үздік подкаст» республикалық байқауының мақсаты – мемлекеттік тілде үздік подкаст әзірлеген тіл үйренушілерді анықтау және олардың жетістіктерін насихаттау арқылы Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту, азаматтарды мемлекеттік тілде сөйлеуге ынталандыру, қазақ тіліндегі контенттің сапасы мен санын арттыру.
-
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҒЫЛЫМ ТІЛІ РЕТІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ2023 жылғы 12 желтоқсан күні «Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарда жаһандық ғылыми-технологиялық жетістіктерді пайдалана отырып, қазақ тілін ғылым тіліне айналдырудың жолдарын жетілдіру мәселесі талқыланды.
-
«Тіл-Қазына» орталығы әзірлеген 6 кітап жарық көрдіШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстандағы этнос өкілдерінің тілдік капиталын дамыту және шетелдегі қандастарымызды оқыту әдістемелерін ұсыну арқылы қолдау мақсатында 6 оқу-әдістемелік құрал дайындап шығарды.
-
ТҮРІК МӘДЕНИЕТІ ОРТАЛЫҒЫ ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-азына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Лиза Есбосын мен Әдістеме LAB жетекшісі Жазира Искакова Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының жаңадан жабдықталған Қожа Ахмет Яссауи кітапханасының ашылу рәсіміне қатысты.
-
ЖЕКЕ КІТАП ҚОРЫН ТАРТУ ЕТУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫШ.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Л.Есбосын көрнекті қоғам қайраткері, қазақ тіл ғылымының абызы, отандық ономастиканың атасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Телғожа Сейдінұлы Жанұзақовтың өмір бойы жиған жеке кітапханасын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне тарту етуіне арналған тұсаукесер рәсіміне қатысты.
-
35 КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІАлматыдағы Ұлттық кітапханада «Абай» баспасынан жарық көрген 35 кітаптың тұсаукесері өтті. Нақты айтсақ, «Абай» баспасы қазақ әдебиетінің классик ақын-жазушыларының шығармаларынан бірегей серия даярлаған. Салтанатты іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз құттықтауын жолдап, ізгі ниетін білдірді. Министрдің құттықтауын Кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов жеткізді.
-
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ-2023» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі «Мемлекеттік тіл және БАҚ-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды.
-
Ортақ әліпби – адамзат үшін баға жетпес құндылық– Жақында Астанада өткен Түркі мемлекеттері Кеңесінің саммитінде, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған «Түркі елдеріне ортақ әліпби жасау» мәселесін көтерді. Кейбір полиглот азаматтар мен ғалымдар, бұл бағытта белгілі дәрежеде қиындықтар да кезігетінін айтады. Мысалға, түрік ұлтының өкілдері үшін қанша оғыз текті болса да түркімен бауырлармен (әркім өз тілінде сөйлесе немесе үйрену) түсінісу қиын деседі. Түркімен тілінің фонетикасы бөлек болса керек. Түркия Президентінің пікірі кең қолдау табатыны анық. Дегенмен ғалым ретінде сіздің пікіріңіз қалай? Ортақ әліпбиге көшуде қандай қиындықтар болуы мүмкін?
-
«АБАЙ ИНСТИТУТЫ»: ІЗДЕНІСТЕР МЕН ІРГЕЛІ ІСТЕРТіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін ілгерілетуді, танымал етуге бағытталған Қазақстанда және шетелдердегі қазақ диаспоралары мен ирреденттерге қазақ тілін оқыту, қазақ тілінде ашық білім беру, Абайдың шығармашылығы, қазақ тілін, әдебиеті мен фольклорын үйрену, ұлттық мәдениетті насихаттауға арналған шаралар қызметін ұйымдастыру, оқыту бағдарламасын әзірлеу «Абай институты» бағдарламасы жасалды.
-
ПӘН ТЕРМИНДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ2023 жылғы 17 қараша күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен онлайн/офлайн форматта «Мектеп оқулықтары: пән терминдерін жетілдіру және біріздендіру» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.