Popular
-
ТЕМІРДІ ҚЫЗҒАН КЕЗІНДЕ СОҚҚАН ЖӨННазарын өзіне аударып, елді елең еткізген жаңалықтың бірі – әліппе ауыстыру болатын. Әліппенің сан мәрте қызу талқыдан өтіп, түзетулер енгізіліп жатқанына 4 жылдай уақыт өтіпті. Осы уақыт ішінде әліппенің бірнеше нұсқасы шығып, түрлі пікірлер айтылды. Осы істің басы-қасында жүрген лингвист ғалымдар, әдіскерлер, түрлі саланың мамандары әліппемізге бей-жай қарамай еңбек етуде. Әрине, әлемде мінсіз әліппе жоқ, сондықтан көзшалымға, жазудың талаптарына сай, техниканың тіліне келетін әліппе түзу, жалпы, заманның талабын орындау оңай болмай жатқаны анық.
-
ҰЛЫ ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!«Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше. Халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлікпен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қайтып оралмады. Жауынгерлеріміздің батырлығы мен қайтпас қайсарлығы Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді». Қ.ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті
-
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін «Мен қазақша сөйлеймін» акциясының ЕРЕЖЕСІАкцияның мақсаты 1.Қазақ поэзиясынан үзінді оқу арқылы жастарды еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс сияқты адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу; - қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту; - қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. 2.Акцияға қатысатын үміткер акция талабы бойынша берілген ақындар өлеңдерінің біреуін таңдап, мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), әлеуметтік желіде #менқазақшасөйлеймін2021 хештегімен кеңінен таратуы тиіс. Жарияланымда жыр оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде нақты көрсетілуі қажет. 3.Байқауға республиканың 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан этнос өкілдері қатысады.
-
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ БОЛАШАҒЫ НАҚТЫЛАНДЫҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті, Ғылым комитеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен жария талқылауға (ашық нормативтік құқытық актілер порталы, egov.kz) ұсынылған «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасына байланысты 2021 жылдың 30 сәуір күні «ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ» атты онлайн форматтағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
-
И ЖӘНЕ Й ӘРІПТЕРІНЕ НЕГЕ БІР ТАҢБА АЛЫНДЫ?Қазіргі әліпбидегі бұл әріптің біреуі кирилді қабылдаған кезде жазуымызға енген болатын. Яғни ұзақ ғасырлар бойы қолданыста болған араб жазуында да, одан кейін А.Байтұрсынұлы енгізген төте жазуда да, 1929 жылы қабылдаған латын әліпбиінде де бір й дыбысына екі әріп арналған емес. Бәрімізге белгілі, түркі халықтары кирилге көшкен кезде орыс әліпбиіндегі 33 таңбаны толық қабылдауға мәжбүр болды және әр тілдің өз ерекшелігіне сәйкес төл дыбыстарына қосымша тағы да таңбалар алды. Осы себептен қазақ тілі әліпбиі 42 әріпке негізделді. Емле ережелері де осы 42 әріпке лайықталып жасалуы қажет еді. Сол себептен, қаншама ғасыр бойы айу деп үш әріппен жазып жүрген сөзіміз аю, байу деп төрт әріппен жазып жүрген сөзіміз баю, ашшы деп төрт әріппен жазып жүрген сөзіміз ащы түрінде жазылатын болды. Й/и әріптері де емлемізге осылайша еніп кетті.
-
И МЕН У-ДЫ НЕГЕ ТАРАТЫП ЖАЗУҒА БОЛМАЙДЫ?«Біз емлені еpмекке түземейміз, оңайлансын деп түзетеміз» деген, әрі қазақ емлесіндегі түйткілді мәселелердің жүйелі қалыпқа түсуіне еңбек сіңірген ғалым Құдайберген Жұбанов и мен у-ды қосар әріппен таңбалауға түбегейлі қарсылық танытқандардың бірі. Ғалым: «Қосарды жақтаушылар бұларды бір дыбыс емес, екі дыбыс болғандықтан екі таңбамен белгілеу керек деседі. Әуелі-ақ, бұларда екі дыбыс бар ма, жоқ, бір-ақ дыбыс бар ма? Мұны айырып беруге қосаршылардың өздерінің де өрелері жетпейді», - деп қатты сынағаны мәлім және «оны қаншама сүйрете бергенмен де, ол сүйреткің тек өз бойыңа салмақ болмақшы да, дыбыстың қосарлығын сақтап қала алмақшы емес», - деген тұжырым жасаған еді. Ал Ахмет Байтұрсынұлы өз еңбектерінде и мен у-дың анықтамасы мен таңбалануына қатысты көзқарастарын өзгертіп отырғаны белгілі.
-
ТЕГІҢІЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?Фамилия жасайтын ⠀ -ев (-ева), -ов (-ова), -ин (-ина) ⠀ қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды: ⠀ -ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамастан й және ш дыбысына аяқталған жалқы есімдерге жалғанады. ⠀ Бұл қосымша жалғанғанда, түбірдегі й әрпі түсіріліп жазылады: ⠀ ✅Тәжібай+ев – Тәжібаев, Жабай+ев – Жабаев, Имашев, Рашев, Мұқашев, Мұқашева, Жақашева.
-
ЖАЗУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚИЫН ЕМЕССонау 1940 жылы бекітіліп, күні бүгінге дейін жазып келе жатқан кирилше жазу мен соның негізінде қалыптасқан дыбыстау жүйесін реттеп тиянақтайтын кезеңге келіп отырмыз. 80 жылдан астам уақыт бізге қызмет еткен әліпбиді нақты қазақ әліпбиі деп атауға келмейтін еді. Құрамында қазақ тілінің дыбыстау жүйесіне қатысы жоқ дыбыс таңбалары бар әрі емле ережесі орыс тілінің ыңғайына көбірек бейімделіп кеткен әліпби бірнеше буын өкілінің сауатын ашуға қызмет еткенмен, қазақ тілінің көсегесін көгерте алмады. Тығырықтан шығудың төте жолы, әрине, әліпби ауыстыру болмақ.
-
1-ШІ QWANT БАҒДАРЛАМАЛАУ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: IT БІЛІМ АЛЬЯНСЫ МЕН MICROSOFT ҚАЗАҚСТАН БІРЛЕСКЕН БАСТАМАЛАРЫБілім беру IT Альянсы және Microsoft Қазақстан, 2021 жылы 19 сәуірде өткен Бірінші QWANT бағдарламалау олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында қаржы, технология және IT салаларында мамандар даярлау бағытында әлеуетті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
-
"АҚ СИСА, ҚЫЗЫЛ СИСА...""Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса, Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса, Шорманның Мұстафасы атымды алып, Атандым сол себептен Жаяу Мұса". ⠀ Ал осы Жаяу Мұсаның әніндегі «сиса» дегеніміз не? ⠀ Қандай матаның түрі екенін білесіздер ме? ⠀ Сиса (ор. ситец) - мақтадан тоқылатын, арзан бағалы, түрлі-түсті мата. ⠀ Суреттерге зер салып, мата түрлерін қазақша қолдануға тырысайық.
-
ҒЫЛЫМДАРДЫ ҰЛТ ТІЛІНДЕ ДАМЫТУ – ЕЛДІКТІ БАЯНДЫ ЕТУ КЕПІЛІҚазақ ғылымы мен өнерінің жаңаша дамуы ХХ ғасырдың басындағы Алаш үкіметінің тұсында бастау алғаны мәлім. Алаш зиялылары заманға сай жаңа ғылымдардың негіздерін қалай бастады. Алаштанушы ғалымдар өз зерттеулерінде атап көрсетіп жүргендеріндей, Ә.Бөкейхан астрономия, дүние құрылысы, ауыл шаруашылығы, А.Байтұрсынұлы тіл білімі, әдебиеттану, М.Дулатұлы есеп құралы, Ж.Аймауытұлы психология, Х.Досмұхамедұлы табиғаттану, биология, Ә.Ермекұлы математика, Е.Омарұлы тіл білімі, есеп құралы, әдістеме, физика, М.Жолдыбайұлы тіл білімі, С.Қожанұлы математика, М.Жұмабайұлы педагогика, Ж.Күдеріұлы тарих, ботаника, ауыл шаруашылығы, Қ.Кемеңгерұлы тарих, тіл білімі, ауыл шаруашылығы, химия, М.Әуезов әдебиет, жер жаратылысы, Ж.Тілеулин медицина, Б.Сәрсенұлы физика пәндерінен, т.б. оқымыстылар өзге де ғылымдар бойынша оқулықтар жазған екен.